Баяндам а ойын арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру



бет1/2
Дата12.10.2020
өлшемі50 Kb.
#66098
  1   2

Б А Я Н Д А М А

Ойын арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру

Кез келген ұстаздың басты мақсат- міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық. Менің өзекті мәселем: Ойын арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру.



  • Мақсатым: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыта отырып жеке тұлғаны тәрбиелеу арқылы қалыптастыру.

  • Балаларға өлең, жұмбақ, тақпақ, жаңылтпаш жаттату арқылы білімге деген қызығушылығын арттыру.

  • Адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу

Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс. 
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. 
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:

1.       Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.

2.       Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.

3.       Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.

4.       Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.

5.       Ойынның эмоциональды болуы.

         Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады.

1.       Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.

2.       Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.

3.       Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.

4.       Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.

         Ойындардың жіктемесін жасауда біз оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық аспектісін негізге алдық.

         Енді, біз әрбір сабақта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық.

Сабақ барысында тақырыпқа сай түрлі ойын түрлерін пайдаландым. «Нан – отан байлығы» тақырыбында мақал-мәтелдер жаттатып, нақыл сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорлары малайту басты мақсат етіп алында.

          «Өнер, мәдениет-ақыл-ойдың-жемісі» тақырыбы бойынша оқушыларға «Әлемнің жеті кереметі» туралы жалпы мәліметтер берді, бұл оқушылардың тақырыпты меңгеруге қызығушылықтарын оятып, оқушылардың танымына ерекше ықпал етті.

         Туған өлкенің жер бедері туралы сөз қозғағанда оқушыларға таулар мен табиғаттың әсемдігі жайында білетін өлеңдерін айту өте пайдалы.

         Қоғамдық құбылыстар мен табиғат құбылыстары жайында белгілі бір тақырып бойынша қызықты деректер, әңгімелер, өлең-жырлар, мақал-мәтелдер іздестіруге арналған тапсырма беру де оқушылардың танымдық қызығушылын арттыруға мүмкіндік берді.


Сөзімді қорыта келе, психолог А.С.Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - десе,          Н.К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - деген сөздеріне менде қосыламын.



Каталог: arc -> attach -> 667
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
667 -> Сабақтың тақырыбы: Мырзатай Жолдасбеков. Тоқсан жастағы тарлан. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет