Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Пән атауы : Ежелгі дәуір әдебиеті
Мамандығы : Қазақ тілі және әдебиеті
Баяндама
Тақырыбы : «Қорқыт ата» кітабы
Орындаған : Бұлбұл Сара
Тексерген : Мажиева Назым Айтбаевна
Алматы – 2021
Жетпісінші жылдары араб саяхатшысы Ибн - Фадланның « Еділге саяхатын + ( 922 ) және оғыздардың ІХ - Х ғасырларда туып , XV ғасырда хатқа түскен « Кітаби дадам Қорқыт ғали ли сан тайфа оғузан » атты батырлық жырларын қазақшалаған едім . Соңғы жырдың қазақша атауы - « Оғыз тайпасының ұлы тілінде жазылған « Қорқыт ата кітабы » . Мұндағы « дада » ( дәде ) - ата , лисан » - тіл , диалект , • ғали » - үлы , биік деген сөз . Осы ларды қысқартып « Қорқыт ата кітабы » дейміз . « Қорқыт ата кітабының » екі түрлі нұсқасы сақталған . Бірін шісі – Дрезден ( Германия ) , екіншісі – Ватикан ( Италия ) нұсқа сы . Дрезден жазбасында 12 түрлі сюжет болса , Ватикан нүсқа сында соның алтауы ғана бар . Әзірге көп тілге аударылып , көбі рек зерттелгені – Дрезден нүсқасы . Бұл жырлар жер жүзі түркі танушыларына мәлім . Ол жөнінде бүгінгі таңда 314 зерттеу , әзірбайжан , анадолы түріктері , Батыс Еуропа және шығыс тіл дерінде 462 еңбек жазылған . Көрнекті зерттеушілер – М.Ергин , В.Бартольд , А.Туманский , В.Жирмунский , Ш.Уәлиханов , Әбілғазы Баһадүр хан , Ә.Диваев , К.Рифат , 0.Гокияй , Ә.Марғұ лан , Х.Көрұғлы , т.б. Осылардың ішінен әйгілі шығыстанушы , академик В.Бартольд үлесін ерекше атау керек . Ол Дрезден жазбасын немістерден түсіріп алып , 1922-1925 жылдар арасын да аударып шыққан болатын . Алғашқы бес тараудың түрікше мәтінін « зво журналында жариялаған еді . Сол аудармалар түзетіліп , жетілдіріліп 1950 жылы әзірбайжан тілінде « Деде Коркут » ( Баку ) , 1962 жылы орыс тілінде « Книга моего деда Кор кута » ( Москва ) деген атпен басылды . Баку нүсқасын редакциялап , баспаға әзірлеген әзірбайжан фольклортанушылары - В.Араслы мен М.Тахмасиб . Москва ба сылымының редакциясын басқарғандар – В.М.Жирмунский мен А.Н.Кононов . Бүл екі нұсқа да В. Бартольд аудармасы бол ғанымен , әр басылымның өзіндік ерекшеліктері байқалады .
Сондықтан осы басылымдарды негізге ала отырып ( көп жайда Баку басылымына сүйендік ) , В.Бартольд аудармасын қазақша лап шықтым . В.Бартольдте ішінара сөз қателері бар екен . Бұл тұста Баку басылымының көп көмегі тиді . Онда В.Бартольд қате аударған 365 сөздің түсініктері бар екен , соларды пайдаландым . Даулы тұстары да болды . Оған М.Ергин кітабында келтірілген Дрезден нүсқасы , Ватикан фото - факсимилесі , К.Рифат сөздік тері көп көмек көрсетті . « Қорқыт ата кітабы » - оғыздардың батырлық эпосы . Осыған орай оны қандай стильде аудару керек деген сауал туады ? Бұл тұста менің өз ойларым да бар . « Қорқыт ата кітабын » аудару мәселесінің төңірегінде оны түпнұсқадан дәл аударып , логикалық тілмен берген жөн дейтін пікірлер болды . Асылында , журналистика мен фольклор стилі бір емес . Осыны ескеріп , бұл жырды эпос , фольклор ( сөйлеу ) тілінде аударуға тырыстым . Өйткені жыр тілінде мақал - мәтел , афоризм , метафора , диалог , монологтар өте көп . Немістер бас тырған Қорқыттың « Аталар сөзінде » 400 мақал - мәтел болса , солардың көпшілігі жыр тіліне енген . Сол стильді сақтау мақ сатымен « турап жеген ет жақсы , шөлдеп ішкен су жақсы » , « сай дың шөбін жеген білер , қырдың шөбін бөкен білер » десек , бұл өлеңге бергісіз , мақалға жақын тіл . Соның бәрін В.Бартольд прозалық балама сөйлеммен бергендіктен , мұндай тұста оның стилін алганым жоқ . Мендегі тіл шешендік сөз , эпос тіліне өте жақын . Сондықтан ол оқырманға әрі жеңіл , әрі тартымды болар деген ойдамын . Аударма барысында туған келесі бір қиындық – жырдағы адам , жер - су аттары . Тәржіманы талқылау барысында ондағы « Кавказ » сөзін « Қазығұрт » , « Қарқаралы қазылық » деп алған жөн дейтін ұсыныстар болды ( Ә.Марғұлан ) . В.Бартольд аудар масына сүйенгендіктен , ондай мәтіндік өзгерістерге көп бара бермедім . Одан соң аудармада « Алла » сөзі бірде « Тәңірі » , бірде « Құдай » болса керек деген пікірлер де болды . Жырда ислам әсері жоқ емес . Алайда ол жырга ІХ - Х ғасыр ларда емес , XV ғасырда енген сияқты . « Алла » , « Құран » – араб сөзі болса , « Тәңір » - шаман ұғымы , « Құдай » - парсы сөзі . Қор қыт шаман дінінің атасы болған . Сондықтан жыр сюжеттерінің шыққан дәуірін ескерін , бұл сөзді « Тәңір » , ал құран , Мұхам мед сөз болатын ислам әсері бар тұсында « Алла » , « Құдай » деп алып , оны жырдың көпқабаттылығына сай шешім деп білдім . Жырда шаманизм , тотемизм , қобыз культі басым . Сондықтан ЖЫРЛАР 15 барлық сөзді « Алла » деп , арабизмге келтіру ретсіз болар еді . Жырға ол өзгерістерден келіп түрған нұқсан жоқ . Баку басылымында жер - су , қала аттары түгел дерлік Кавказ ға бейімделіп , оларға көптеген анықтамалар енгізілген . Оның үстіне профессор Арасы мен Тахмасиб жырдың кіріспесінде келетін хамду - саналары ( Ағузы - биссимиллаларды ) алып тастап , жырдағы ислам қоспасын азайтуға тырысыпты . Дегенмен жыр кіріспесі мен әрбір сюжеттің соңында келетін бата - тілектерде діни ( ислам ) сөздері баршылық . Дрезден нұсқасы , Ергин жазбасының алдынан кіріспе сөз ретінде Қорқыттың нақыл сөздері берілген . Олар жырдың негізгі сюжетіне қосылмайды . Әр жырдың соңында осы тойға Қорқыт атам келіп , жыр айтқан » деген жолдар кездесіп отыра ды . Оның есімі бірер жыр сюжетіне де кірістірілген . Сонда жаз ба ескерткіштегі Қорқыт қазақ аңызындағы әулие Корқыт емес , оғыздардың үлкен ойшылы , эпос айтушысы болып көрінеді . Қорқыт есімінің барлық жырлардың негізгі атауына шығуы да тегін емес . Қорқыт жырларында сол заманның әсері де бар .
Баку басылымында жер - су , қала аттары түгел дерлік Кавказ ға бейімделіп , оларға көптеген анықтамалар енгізілген . Оның үстіне профессор Араслы мен Тахмасиб жырдың кіріспесінде келетін хамду - саналары ( Ағузы - биссимиллаларды ) алып тастап , жырдағы ислам қоспасын азайтуға тырысыпты . Дегенмен жыр кіріспесі мен әрбір сюжеттің соңында келетін бата - тілектерде діни ( ислам ) сөздері баршылық . Дрезден нұсқасы , Ергин жазбасының алдынан кіріспе сөз ретінде Қорқыттың нақыл сөздері берілген . Олар жырдың негізгі сюжетіне қосылмайды . Әр жырдың соңында осы тойға Қорқыт атам келіп , жыр айтқан » деген жолдар кездесіп отыра ды . Оның есімі бірер жыр сюжетіне де кірістірілген . Сонда жаз ба ескерткіштегі Қорқыт қазақ аңызындағы әулие Қорқыт емес , оғыздардың үлкен ойшылы , эпос айтушысы болып көрінеді . Қорқыт есімінің барлық жырлардың негізгі атауына шығуы да тегін емес . Қорқыт жырларында сол заманның әсері де бар . « Әйел төрт түрлі болады » деген жерде діни ұғымдардың таңбасы байқала ды . Жырда Қүдай , Пайғамбар көп айтылады . Алайда , « қара есектің басына жүген таққанмен - түлпар болмас , қар қанша жауғанмен - жазға бармас , гүлденін өскен бәйшешек - күзге бармас , ат қиналмай жол алмас , анадан өнеге көрмеген қыз жа ман , атадан тағлым алмаған үл жаман , жабы мінген жау алмас , тозған мақта боз болмас » деген жолдардың бүгінгі қазақ мақал дарына ұқсастығын байқау қиын емес . Жыр тілінде көшпелі өмірге тән афоризмдер өте көп . « Сайдың шөбін жеген білер , түздің шөбін бөкен білер » , « күн мен түннің келгенін бозторғай білер » , « ұлдың кімнен туғанын ана білер » , « иесінің иісін ат білер , жүктің ауыр - жеңілін есек білер » деген сөздер соны білдіреді . « Қорқыт ата кітабын » сөз еткенде ондағы миф , аңыз , шежі ре , тарих элементін жіктеу зиян емес . Мысалы , Х.Көрұғлыми фологиялық жырларды бұрын туған деп , Төбекөз дәу сюжетін жырдың басына қойған . Алайда , Бисат жырында Баяндүр мен Қазан бастаған оғыз - қыпшақ ұлысының әлсіреу оқиғаларының көрінісі бар . Төбекөз дәу Сары Қойшыдан туады , Аруздың бала сы . Ол кезде оғыз ұлысындағы алалық насырға шаба қоймаған . Аруздың баласы Бисат сол алалықты уақытша болса да басады . Жыр сюжеті сол алалықтың туа бастауынан хабар береді . Ондай араздық Бұқаш , Имран жырларынан да шаң береді . Сондықтан бұл жырларды бір ғана мифологиялық белгісіне қарап жыр басы на қою айтарлықтай дәлелді емес . Өйткені арыстан елі , қасқыр тайпасы дейтін тотемдік образдар мен ұғымдар Қазан - салор жы " рында да бар . Баяндүр - XII - XII ғасырларда Кавказда туған қара қойлы түрікмендерінің ханы еді . Басында оғыз ұлысын Қазан мен Бәмсі - Байрақ бастаған , ең басты тұлға – Қорқыт . Оғыздар IX - X ғасырларда Сыр бойында тұрып , Қаратау ( Сауран ) мен Арал ( Жан кент ) аралығын мекендеген . Оғыз ұлысы 1043 жылы ыдыраса , он екінші жыр осы оқиғаға құрылған . Ішкі және тысқы оғыздардың тартысы - анық тарихи - этникалық оқиғалар көрінісі . Ол кезде Жанкент жабығасына енген тайпалардың бәрі де өздерін « оғыз » деп атаған . Бұл атау жырда көп кездеседі . Ал , XII - XIV ғасырларда Кавказ жерінде туған Баяндүү династиясы тұсында бұл атау кез деспейді . Осы өзгерісті Х.Көрұғлы дұрыс түсініп , оғыздарды ба тыстық және шығыстық тайпалар деп бөлген . « Қорқыт ата кітабында » эпос , шежіре элементтері басым .
Түрікмендер мен пешенег тайпалары арасындағы 34 жылға созылған алалықты суреттейтін жырлар . Бұған Қазан , оның баласы Ораз жайындағы үш жыр , Екрек , Секрек , Әмран жыр лары жатуға тиіс . Үшан оғыз баласы Екрек пен Секрек ит аты , олар Қазанның тұтқын болған әйелі Бөрлі сұлудан туған . Бірақ кейін түрікмен елін тапқан Қазанның батырлары болып көрінеді . Екрек пен Секрек образдары кірме . 3 ) Оғыз - қыпшақ ұлысының ыдырау кезеңін білдіретін жыр лар . Оларға көбіне ішкі оғыздарға қарсы бас көтерген , Қазан ның қыр қыпшақтарынан аманатқа алған өгей баласы – Аруз туралы жыр жатады . Бірақ алалықтың нышандары Бисат , Дом рул , Имран , Бұқаш жырларының өзінде де бар еді . Соңғы жыр да Аруздар Қазан жағында болған Бөмсі - Байрақты өлтіреді . Арузды Қазан өлтірген . 1043 жылдан соң қыпшақтар түрікмен дерді ( Сейілхан елін ) Сырдан қуып шығады . Жанкент ханы шах Мәлік пен оның баласы Әлиді батыстағы түрікмен тайпалары өлтірген . Әлидің аты « Шора батыр » жырында жүр . Бұларды батыс тайпалары қыпшақ ханы деген . Қорқыт жырларының басында « Бәмсі - Байрақ » жыры тұра ды . Ол Қазанның қызын алып , өз елінен қол үзген батыр . Сонда оғыз ұлысының бегі Қазан , бас батыры Бәмсі - Байрақ ( ту ұста ған батыр ) болмақ . Оғыз - қыпшақ ұлысының басында Бөмсі Байрақ ( Бейрек - Бәміш - Алпамыш ) тұрса , ұлыстың күйреуі де сол батырдың қазасымен аяқталады . Жырдағы Қорқыттың тегі – баят ( баян ) . Оның көшпелі қыпшақ тайпаларымен байланысы да тығыз . Байбөріні ( Кам бөрі ) кейінгі жырлар қоңырат десе , содан Алпамыс туады . Жырдағы көшпелі өмір суреті , тотемизм , шаманизм сарын дарына қарасақ , Қорқыт жырларының сюжеттік арқауы көне замандарда туған болады . Бұл тек селжүк , түрікмен ( Баяндүр ) ортасында ғана туған жырлар емес , сонымен бірге алғашқы арқауы Х ғасырдағы Сыр ( Түркістан ) тайпалары ортасында қалыптасып , кейін Кавказ , Анадолы жерінде хатқа түскен сю жеттер болмақ . Қорқыт жырлары Орта Азия , Кавказ , Қазақстан тайпаларына ортақ . Сол елдердің қай - қайсысы болса да бүл жырларды өз эпосының арғы тегі деп атауға құқылы . Тұңғыш рет қазақшаланып отырған бұл жазба мұрамызды « Қорқыт ата кітабы » деп атауды жөн көрдім . Әрбір сюжет тұстарында сілтемелер арқылы ескертпелер мен анықтамалар беріп отырдым . Сөйтіп , жалпы қазақ қауымына , зерттеушілерге , ескі жазбалар тарихын оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне ортақ , ұтымды ғылыми - көпшілік басылым жасауды мақсат тұттым .
„Қорқыт ата кітабында» сюжеті жағынан қазақ эпосымен үндес болып келетін сарындар көп кездеседі. Әсіресе, бір балаға зар болған әке-шешенің мүшкіл хәлі жөніндегі хикаялар жиі ұшырайды. Әрине, мұның өзіндік сыр-себептері бар. Патриархал-ру қауымының ұғымы бойынша, тек еркек кіндікті бала ғана отбасының, ру-тайпа- ның жалғасы, қауымның болашақ тірегі саналған. Сол себепті той-жиындарда ер баласы бар аталар ең сыйлы орынға отырып, оған зор қошамет көрсетілетін болған.
Міне, „Қорқыт ата кітабының» бірінші хикаясы — «Дерсеханүлы Бұқаш туралы жыр» осындай сюжетке құрылған.
„Ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша, Баяндыр хан жылына бір той жасап, оғыз бектерін қонаққа шақыратын еді. Бүл жолы да солай істеді. Тойға түйеден — бура, жылқыдан — айғыр, қойдан — қошқар сойылсын деп жарлық берді. Сол күні бір жерге ақ отау, бір жерге қызыл отау, енді бір жерге қара отау тіктіріп қойды. Тойға жиылған бектерден ұл баласы барларын ақ отауға, ұлы жоқ, бірақ қызы бар кісілерді қызыл отауға, ұлы да жоқ, қызы да жоқ қонақтарды қара отауға кіргізді. Қара отауға кірген қонақтарға қара қойдың етін беріп, қара киізге отырғызды. «Не ұлы, не қызы жоқ жандарды тәңірінің өзі қарғаған, бізде солай етеміз» деді Баяндыр хан.
Дерсе ханның ұлы да, қызы да жоқ еді. Ол бүл қорлыққа шыдай алмай, қара отаудан шығып кетті. „Қайғымен қан жұтып жылады».
Бүл жырда Дерсе ханның қатты ашуы келіп, үйіне оралғанда өз әйеліне баласының жоқтығы туралы зарлап айтатын ұзақ монолог-өлеңі бар. „Қорқыт ата кітабының» түпнұсқасында, сондай-ақ түрік және әзербайжан тіліндегі аудармаларында осы монолог поэзия тілімен, жыр күйінде берілген. Алайда академик В. В. Бартольд кезінде оны неміс және орыс тілдеріне қара сөзбен аударып бер- ген. Сол себепті бүл монолог орыс тілінен қазақшаға проза күйінде берілген.
Сөйтіп, тойдан намысқа шыдамай қатты ашуланып қайтқан Дерсе хан үйіне келген соң әйеліне былай дейді: „Уа, сүйген жарым, басыма қонған бақ, отбасымның тірегі едің, бойың кипарис ағашындай сүңғақ, тілерсегіңе түскен қолаң қара шашың бар, иілген жақтай имек қара қасың бар…
…Хан қызы! Отырған жерінде қарулы қолдарымның уысына алып, бетіңді тіліп, кеңірдегіңнен қысып өлтірсем не болар еді? Қайыспас қара болат семсерді қолға алып, басыңды алсам не дерсің? Өмірдің қызығынан мені неге қүр еттің? Қызыл қаныңды судай төксем қайтер едің? Уа, хан қызы, осының себебін айт! Айтпасаң жазаңды беремін!»
Ақыры әйелінің кеңесі бойынша Дерсе хан аш-жалаңаштарға қыруар көп қайыр-садақа беріп, ата-бабасы- ның аруағына сиынып, тәңірден бала тілейді. Күндердің күнінде әйелі босанып, бір бала туады. Бала он бес жасқа толады. Бір күні достарымен асық ойнап жүргенде ханның семіздіктен құтырған бұқасы босанып кетіп, балаларға тап береді. Барлық балалар қашып кеткенде Дерсе ханның ұлы қорықпай, дәу бұқаны жұдырықпен ұрып жығады. Содан бала Бұқаш аталып кетеді.
Бұған риза болған әкесі ұлына енші беріп, оны бектер қатарына қосады.
Бірақ Дерсе ханның күншіл нөкерлері әкесін баласына қарсы айдап салады. Бір күні Дерсе хан аң аулап жүріп, өз баласын өзі атып кетеді. Бір сұмдықтың болғанын жүрегі сезген анасы өзінің қырық нөкер қызымен баласын іздеп жолға шығады. Айдалада өлім аузында жатқан ұлының жарақатын анасы ақ сүтімен емдеп, аман алып қалады. Сол кезде опасыз нөкерлері Дерсе ханның өзін өлтірмек болады. Батыр Бұқаш әкесінің жауларын қырып салып, Дерсе ханды тұтқыннан босатады.
Бүл секілді сарын қазақ эпосында көп қолданылады. Қазақ дастандарында алып батырлар осылайша „әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып” ата-бабалар қабіріне түнеп, айтылған көп тілектерден кейін барып қана туыла- ды. Осылайша өмірге келген болашақ батырлар өсе келе ел-жұртының қорғаны, қамқоршысы болып шығады. Қазақ халық эпосында көптеген батырлардың бәрінің туылуы осы дәстүрге қүрылған.
Бүл туралы қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші көрнекті ғалым Р. Бердібаев мынадай пікір айтады: „Көшпенді ел жағдайында әкеден қалған мұраға ие болатын ұлдың тууы ерекше оқиға саналған. Перзентсіздік ең ауыр қасірет болып танылған. Мұның көрінісі эпикалық жырларымызда мейлінше мол орын алғаны белгілі. Алпамыс та, Қобыланды да, Шора да, Сайын да ата-аналарының көп арман етіп, жаратқаннан медет тілеп алған балалары болып сипатталады».
Әдебиеттер:
Қорқыт ата кітабы - 2008 жыл
Қазақша рефераттар сайты
Достарыңызбен бөлісу: |