Баяндама тақырыбы: «Сапалы білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» «Егер бір күндік өміріңді ойласаң ағаш ек, егер ғасырлық өміріңді ойласаң балаға білім бер»



Дата22.02.2018
өлшемі242,82 Kb.
#38107
Баяндама тақырыбы: «Сапалы білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»

«Егер бір күндік өміріңді ойласаң ағаш ек, егер ғасырлық өміріңді ойласаң балаға білім бер» - деп Қытай даналығында айтылғандай баланы тәрбиелей отырып оған функционалды сауатты білім берсек, және ол алған білімін өмірмен ұштастыра алатындай тұлға қалыптастыра алсақ, біздің жақсы ұстаз болғанымыз. Ұстаз тұлғасы бүгінгі күні шығармашылық ізденісті, білімі жоғары, алғанын өмірмен ұштастыра алатын оқушы тәрбиелеу қажет. Сондықтан «Сапалы білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. [2]

Басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қ.Р зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру теориялық - әдіснамалық негіздер алға қойылып отырған келелі мәселенің бастау көздерін танытады. Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мынадай міндеттер туындайды:

- бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын жүйе ретінде танысақ, онда ол жүйенің құраушы бөлшектерін анықтау керек;

- бастауыш мектепте оқылатын әрбір жеке пән бойынша еліміздегі және осы бағытта қарастырылған шетелдік тәжірибені талдап - тану керек;

- бастауыш мектеп оқушылары алған білімін өмірлік дағдысында тиімді пайдалана алу машықтарын қалыптастыру керек.

Негізінде, берілген мәселе бойынша осы кезге дейін жарық көрген әдебиеттерді талдау барысында, көп ретте, «функционалдық сауаттылық», «функционалдық сауатты тұлға», «негізгі құзыреттер», «жалпы білімдік біліктер» сияқты ұғымдардың көбірек талдауға түсірілетіні байқалады. Негізінде, «функционалдық сауаттылық» термині өзінің 1957 жылы ЮНЕСКО енгізен уақытынан бастап «сауаттылық» және «минималды сауаттылық» ұғымдарымен қатар қолданысқа түсіп келеді. Осылардың әрқайсысына жеке-жеке түсініктеме беріп тоқталып кету жөн болмақ.

1) Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және құжаттармен жұмыс жасай алу дағдылары.

2) Минималды сауаттылық дегеніміз – қарапайым хабарламаларды оқу және жазу дағдылары.

3) Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі. Бұл деңгейде адам мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты, мәлім іріктеп алуы үшін және сондай ақпаратты басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер қалыптасады Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым - қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады.

«Функционалдық сауаттылық» ұғымына қатысты мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, пәндік сауаттылық, функционалды сауаттылық, оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың игерген құзіреттіліктеріне байланысты ғалымдардың жүргізілген зерттеулерді қарастыра келе, бүгінгі таңда отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде «функционалдық сауаттылық» ұғымын қолдануда бірізділік жоқ екені байқалды. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес келе бермейді. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу мәселесі. 2012- 2015 жылда да PISA, TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер өтеді.[3]

Сократ (б.ғ.д 470-399 айтқан «Мен ешкімді ештеңеге үйрете алмаймын, мен тек ойландыра аламын. «Сократ адамның өзін –өзі дамыту қабілетін білімін өмірде қолдану қабілетін көрсететін дұрыс жолды көрсете білген.»)

Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені



Функционалдық сауаттылық деген не ?

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақ-параттың мәнісін түсіне алмапты.Бір қызығы,олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.

Сонымен,функционалдық сауаттылығы дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде

Функционалдық сауаттылықтың факторлары:



  • Ғылыми зерттеуді қамтамасыз етіледі;

  • Білім беру жаңартылады;

  • Маниторинг, бағалау өзгереді;

  • Техникалық база жаңартылады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың интербелсенді әдіс – тәсілдері.

Бүгінгі таңда қолданылып жүрген педагогикалық техналогиялардың элементтерін сабақта пайдалана отырып, оқушылардың ой – өрісін , тіл байлықтарын дамытып, ізденімпаздыққа, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасап, білім мен тәрбиені оқушылардың өміріне ең қажетті біліктіліктерін жетілдірудеміз.

Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға бағытталған ,ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыруға бағытталған.

Ал сондай сабақты ұйымдастыруда 3 негізгі бағытты ұстану қажет:



  1. Оқу мақсаттарының қойылуы;2.Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;

3.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу;

Төмендегі міндеттерді қолдана отырып оқушыларға сапалы білім берудеміз :



  • Білім сапасын арттыру, дарынды, қабілетті балаларды анықтау, олардың дамуына жағдай жасау;

  • Әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие , оқу процесіне рухани бай , шығармашылық үйлесімді терең ойлайтын дарын иесін тәрбиелеу;

  • Оқушының даралығын дамыту.Психологиялық қолайлықты дамыту;

  • Денсаулықты сақтау және қолдау;

Оқу – тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологияның бірі – дамыта отырып оқыту әдістемесі.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды бір ерекшелігі – сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған.Ал қабілетті оқушылардың ізденуіне , зерттеушілігіне, өз бетінше жұмыс арқылы шығармашылық деңгейге көтерілуіне жол ашқан.

Сонымен қатар қолданыста жүрген интербелсенді технологиялардың бірі Сын тұрғысынан ойлау технологиясы «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының мақсаты - өз бетінше білім алып, көп пікірдің ішінен өзіне маңыздысын ала білетін, біреудің пікірін тыңдай білетін және одан өзіне керектісін алатын, еркін сөйлейтін, батыл өз пікірін қорғап шығатын адам тәрбиелеу.

Бастауыш сыныптарында жиі қолданыстағы стратегияларына тоқталып кетсек, бұлар:



  • Еркін жазу (танысқан мәтін жайлы ойлары)

  • Венн диаграммасы (салыстыру)

  • Тірек сөздер (мазмұндау, сөздік қорын молайту)

  • Топтастыру (бірлесе жұмыс орындау)

  • Ойлану (Оқылған мәтінді қорытындылау)

  • Жұпта талқылау (пікір - талас)

Бастауыш сыныпта соның ішінде 1 -2 сыныпта дамыта оқытудың жеңіл бағыттарынан бастауымыз керек :

Мысалы :сауат ашу сабағында, математикада, дүниетану сабағында – қандайда бір затты салыстыру(шеңбер – өмірде қолданатын басқа қандай заттарға ұқсайды?).Талдау (кейіпкерлердің іс - әрекеттері),сипаттау (жан - жануар) , елестету (әсерлі әуендер, бейнелеу сабағында аяқталмаған сурет).Жоғарыда айтылғандардың барлығы – сөз байлығын дамытуға, өжеттілікке , байқампаздыққа,өз ойын еркін жеткізе білуге баулиды.

Бір сөзбен айтқанда қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс – оқушының белсенділігін арттырады.

Шығармашылық жұмыстың бастамасы – өз бетіндік жұмыс. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттері олардың өз бетіндік жұмыстарынсыз мүмкін емес.

Өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі – ағартушы ғалым А.Байтұрсынов «Қазақша оқу жайынан» атты еңбегінде «Бала білімді тәжірибе арқылы алуы керек. Мұғалімнің қызметі - балаға орындалатын жұмыстың түрін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт – бағдар беріп отыруы керек», - деген.

Өз бетіндік жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі 3 жұмыс түрлерін жатқыза аламыз :

1.Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар

(құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ)

2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері

(кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу)

3.Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу т.б.)

Сонымен қатар қазіргі кезде оқыту үрдісінде тиімді әрі жиі қолданыста жүрген интербелсенді әдістің бірі -«Блум таксаномиясы».



Бенджамин Блум

(1913-1999)

Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:

1)    Білім;

2)    Түсіну;

3)    Қолдану;

4)    Талдау;

5)    Синтез (жүйелеу, жинақтау);

6)    Бағалау.

Диалогтық интербелсенді оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.Осы мақсатта төмендегідей әдіс – тәсілдерді қолдануға болады.



  • Екі таяқша әдісі

  • Төрт сөйлем әдісі

  • Тұжырым кестесі

  • Эйлер шеңбері

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын оқу процесінде қалыптастыру.

Осы мақсатта біз өз сабағымызды Блум таксаномиясы негізінде және «Дамыта оқыту» технологиясының элементтерін пайдалана отырып құрастыру үлгісін назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. Себебі, Блум таксаномиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады.



Тақырыбы: «Өнер білім бар жұрттар» Ы. Алтынсарин

«Балық сүйегі»








Оқу тапсырмасы

Білу

Ы. Алтынсарин туралы не білетініңді балық сүйегіне жаз. Өлеңді мәнерлеп оқып шық.

Түсіну

Сарай не арба сөздеріне сипаттаманы балық сүйегіне жаз.

Қолдану

Кәзіргі уақыттағы көлік түрлерін балық сүйегіне жаз.

Талдау

Айшылық алыс жерлер, көзді ашып жұмғанша сөйлем құра

Жинақтау

Өнер, білім жайлы мақал жаз

Бағалау

Өлеңді кәзіргі өмірмен салыстыр, дәлелде.

Мысалы 1 «Бес жолды өлең»

Кім? Әже

Қандай? Қамқоршы, нәзік

Не істейді? Мәпелейді, аялайды, тәрбиелейді

Түйін Мені әжем мәпелеп өсіреді.

Синоним Адам

Сонымен қорытындылай келе біз төмендегідей тұжырымға келе отырып,

функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асады. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұны оқушының функционалдық сауаттылығына негізделіп, сынып сайын күрделендіріп отыру керек. Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұхбаттық тапсырмалар, құзіреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.

Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан тұлғаны қалыптастыруда Елбасының биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауын басты ұрандай ұстансақ артық болмас, өйткені болашақ тізгінін ұстайтын ұрпақ функционалды сауатты болуы біз назарда ұстауымыз керек.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

(бастауыш сыныптар)

Әдістемелік құрал. Астана 2013 жыл

2. «Білімдегі жаңалықтар» журналы № 3, 2013жыл 14-18 бет

3. «Қазақстан мектебі» журналы №2, (1046) ақпан 4-5 бет

4. «Ұлттық тәрбие» журнал №6 ( 26) 2014 ж 66-71 бет

5. «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»

№6, (90) 2014 жыл 16 бет



6.Интернет желісі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет