БқБ 202 Орындаған: Аралбай Аяжан тексерген: Бисалиева Р. Н срс3 Ұйқы гигиенасы



Дата07.02.2022
өлшемі55,11 Kb.
#91954
Байланысты:
3 аяжан


Ұйқыға қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар.

БҚБ 202
Орындаған: Аралбай Аяжан
ТЕКСЕРГЕН:Бисалиева Р.Н
Срс3
Ұйқы гигиенасы. Ұйқы бұзылуының көп таралған түрі – ұйқысыздық. Ол, әдетте, жүйкенің жұқаруы, ұзақ уақытқа созылған ауыр ақыл-ой еңбегі, мазасыздық, шуылы көп ойын немесе ұйықтар алдында кітап оқу салдарынан пайда болады. Спиртті ішімдіктер ішу және темекі тарту ұйқының қатты бұзылуына әсер етеді. Ұйықтататын дәрі ішу – ұйқысыздықты емдемейді. Ұйқысыздықты болдырмаудың ең жақсы жолы – дұрыс демалыс және еңбек режімі, таза ауада серуендеу, дене жұмысы мен ақыл-ой еңбегін тиімді үйлестіру.
Ұйқы организмді сақтау және оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік (терапия) жиі қолданылады.
Ұйқы мен сергектік тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді (момфазалық) деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді (полифазалық) ұйқы деп атайды. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұны кейбір жануарлар (аю, жарқанат, тышқан) организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.
Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тыныс, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда ұйқы кезінде кейбір процестердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет