«бекітемін» Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы М. Бектуров «Робототехникадан аудандық олимпиада» ережесі



Дата07.11.2022
өлшемі16,81 Kb.
#156829
Байланысты:
1-Роб
1616993647423, 6 б сынып.docx ;f4fcs, 123.docx жаңасы




«БЕКІТЕМІН»
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
М.Бектуров__________

«Робототехникадан аудандық олимпиада» ережесі


1.Мақсаты

  1. Қатысушылардың бойында жаратылыстану-ғылыми және инженерлі-техникалық ойды дамыту.

  2. Заман талабына сай келу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

  3. Критикалық ойлау қабілетін дамыту.

2.Қатысушылар

  • Ескелді ауданы ББМ 14-16 жас аралығындағы оқушылар.

3.Өткізілу уақыты

  • Сұраныс қабылдау қараша айының 15-і, сағат 18:30-ға дейін жүргізіледі.

  • Байқау 17-ші қараша күні, сағат 10:00-де офлайн форматта басталады.

  • Өткізу орыны Ш.Уәлиханов АОМГ базасында.

4.Байқаудың өткізілу тәртібі мен ережесі

  • Байқау бір кезеңнен тұрады.

  • Қатысушыларға 1 сағат аралығында көлемі 3 беттен аспайтын эссе жазу қажет.

  • Эссе тақырыптары;

  • «Робототехниканың адам өмірінде алатын орыны»

  • «Робототехниканың даму үрдісі»

  • «Робототехниканың мені қызықтыратын бағыты»

  • «Робототехникаға менің көз қарасым»

Аталған тақырыптар бойынша оқушылар өз ойы мен пікірін эссе ретінде жазуы қажет.
Олимпиадаға оқушы өзімен бірге қою көк түсті қалам алып келуі қажет. Эссе жазу
барысында қосымша көмек құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Өзге
қатысушыларға кедергі келтіруге тыйым салынады.
5.Бағалау критерилері
Жұмыстарды бағалау критерилері;

  • Жазылған эссеның тақырыпты кеңінен ашуы.

  • Жұмыстың тазалығы.

  • Граматикалық қателіктердің болмауы.

  • Жұмыстың мәнерлі әрі техникалық тілмен жазылуы.

  • Жазылған эссенің 300 сөзден кем болмауы.



Ереже бойынша барлық сұрақтарыңызға жауапты мына байланыс номері бойынша ала аласыздар: +7 706 429 40 33

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет