«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен жаңа тақрыпты топта талқылайды.
Топтар топ ережесін сақтап, кезек-кезекпен ортаға шығып түсіндіреді.
1-топ. Презентацияға фотосуреттерді қалай кірістіреді?
2-топ. Презентацияны қалай безендіреді?
ҚБ «Бағдаршам» арқылы топтар бір-бірін бағалау.
№1-тапсырма. Жұппен жұмыс.
1.Программаны іске қосыңыз Файл-Создать-Новая презентация.
2.Келесі әрекетті тізбектей орындай отырып Дизайн-Фон-Стил фона презентация фонының түсін таңдаңыз
3.Келесі командаларды тізбектей орындай отырып Вставка-Фигуры-Выноска – бұлт бейнесін қойыңыз.
4.Интернеттен жүктеп (мысалы www.уandex.kz ) қажетті суретті көшіріп слайдқа қоямыз.
5. Келесі командаларды тізбектей отырып Анимация-Переход к этому слайд командасын орындаймыз.
6. Дайын презентацияны «Вода. pptx» деп сақтаңыз.
7.Дайын презентацияны толық экран режимде көру үшін Показат слайдов – Сначала командасын орындаймыз.
Дескриптор:
-Программаны іске қоса алады.
-Жаңа фонды өңдей алады.
-Интернеттен сурет жүктеп слайдқа қоя біледі
-Слайдқа анимация қойып.
-Дайын презентацияны сақтап, толық экранда көре алады.
ҚБ: « Бас бармақ» әдісі арқылы балалар бір-бірін бағалайды.
№2-тапсырма. Жеке жұмыс.
Берілген тақырыптардың бірін таңдап,тақырып бойынша 3 слайтан тұратын презентация құру. Нысандарға эффектілер және слайдқа аниациялау.
«Мектеп», «Жануарлар», «Атақты адамдар».
Дескриптор:
- тақырып бойынша 3 слайдтан тұратын презентация құрады;
- тақырыпқа сай нысандарды кірістіріп, безендіреді.
- нысандарға эффект қояды.
- слайдқа анимациялайды.
ҚБ: «Смайлик» әдісі арқылы мұғалімнің бағалауы, тиімді кері байланыс
Қорытындылау. «Біліміңді жинақта» жеке жұмыс.
Мәтіндік редактор мен PowerPoint прогаммасын салыстыр. Ерекшелігі мен ұқсастығы неде?
Дескриптор:
Мәтіндік редактор мен PowerPoint прогаммасын салыстыра біледі. Ерекшелігі мен ұқсастығын ажырата алады.
ҚБ: «Ынталандырушы» әдісі
|