Билет №20 Ойша эксперимент туралы мағлұмат беру және оны өткізу жүргізу әдістемесі Орта білім беретін мекемелерде химияны оқыту процесінде мұғалімдер ойша эксперименті



Дата14.10.2022
өлшемі312,73 Kb.
#153090
Байланысты:
20 эксперимент


Билет № 20
1. Ойша эксперимент туралы мағлұмат беру және оны өткізу жүргізу әдістемесі
Орта білім беретін мекемелерде химияны оқыту процесінде мұғалімдер ойша экспериментін сирек қолданылады. Ол оқушылардың абстрактылы ойлауын дамытады. Кейбір орта мектептерде нақты химиялық экспериментті жүргізу мүмкіндіктері болмағандықтан, оған альтернатив ретінде ой экспериментін қолдануға болады. Ой экспериментін жоғары сынып оқушыларымен жүргізген дұрыс, себебі, олар анализ - синтез және салыстыру сияқты ой операцияларымен таныс және оларды оңай жүргізе алады. Эксперименттің мұндай түрін қолдану оқушылардың абстракты ойлау ойша көз алдына елестету қабілеттерін дамытады. Ал ондай қабілеттіліктің пайдасы орасан зор .
Проблемалық оқыту оқушылардың таным қабілетін күшейтіп қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың ақыл–ой әрекетіне байланысты оқу жұмысының тәсілдерін де тез қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзі ізденуге жетелейді»-деген екен немістің ұлы педагогы А.Диттерберг. Оқушылардың тану қабілетін арттыруды ұйымдастырудың әр түрлі жолдары бар.
Проблемалық ситуация оқушылардан едәуір ақыл-ой әрекетін талап етеді.
Проблемалық оқытуды түрліше ұйымдастыруға болады. Көп тараған екі жолы – проблемалық мәселелер қоя білу және проблемалық ситуация қоя білу. Проблемалық мәселелер жеңілдеу келеді, мұнда ойдан ой туғызудың қажеті жоқ. Ой түйіні шағын, әрі өздігінен туады.
Проблемалық ситуация туғызу.
Проблемалық ситуация келесі жағдайларда тууы мүмкін:
1 Оқушыларда бар білімдері мен байқаған жаңа фактілер мен құбылыстар арасында алшақтық болған кезде. Мысалы: оқушыларға негіздер қышқылдармен әрекеттесетіні белгілі. Алюминий гидроксидімен натрий гидроксидінің әрекеттесуі оқушы үшін күдік туғызады, себебі реакцияға суда ерімейтінін негіз бен суда еритін негіз түседі, т.б.

2. Эксперименттік білікпен дағдыларды бақылау және есепке алу.



  1. Эксперименттік білік пен дағдылардың жіктелуі

Химиялық эксперименттерді мүмкіндігінше жиі жүргізу оқушыны өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелейді, оның бойында эксперименттік білік пен дағдының қалыптасуына үлкен септігін тиізеді. Үздіксіз эксперимент жүргізіліп отыратын мектептердің оқушыларының бойында төмендегідей эксперименттік білік пен дағдылардың қалыптасуы мүмкін екендігін анықтадық:
Ұйымдастырушылық білігі мен дағдысы:

  1. экспериментті жоспарлау;

  2. экспериментті жүргізуге қажет реактивтер мен құрал-жабдықтарды іріктеп алу; оларды жинау

  3. эксперименттік жұмыс жасау кезінде уақытты, реактивтер мен құрал-жабдықтарды, әдістерді. тәсілдерді ұтымды және орынды пайдалану;

  4. әрбір іс-әрекетін түсініп жасап, өзін-өзі бақылау;

  5. жұмыс орнында тазалық және тәртіп сақтау;

  6. жұмысты өз бетінше орындау;

  7. Соның ішінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.



Өлшеу жұмыстарын жүргізуде қалыптасатын өлшегіштік білік пен дағды:

  1. сұйықтар мен газдардың көлемдерін өлшеу (өлшеуіш ыдыстар, мензурка, цилиндр, пипетка, т.б);

  2. әртүрлі таразыда (техникалық, аналитикалық және т.б.) өлшеу жұмыстарын орындау;

  3. сұйықтардың температурасын және тығыздығын өлшеу;

  4. өлшеу нәтижелерін өңдеу.



Интеллектуальды білік пен дағды:

  1. эксперименттің мақсатын және міндеттерін анықтау;

  2. ғылыми болжам ұсыну;

  3. бар білімін пайдалана білу;

  4. байқаған құбылыстарды және процестерді сипаттау;

  5. эксперимент нәтижелерін талдау;

  6. қорытынды жазу.

Осы жоғарыдағы эксперименттік білік дағдыны оқушылар әр түрлі меңгереді. Бір оқушы бір дағдыны меңгере алмаса екінші дағдыны жақсы біледі деген сияқты.


Сондықтан бағдарламаға сай оқушылар өздерінің жеке ерекшеліктеріне, дайындық деңгейіне байланысты меңгеретін білік дағдыны анықтауымыз керек. Осыған сәйкес оқушылардың эксперименттік білік-дағдыны меңгеруін үш деңгейге бөлуге болады:
Бірінші деңгейге барлық оқушылар меңгеруге тиісті қарапайым білік-дағдылар жатады. Бұл деңгейде оқушылар лабораториялық тәжірибені нұсқау бойынша орындайды, оқытушы тарапынан бақылауды және көмек беруді талап етеді. Міндетті эксперименттік білікті меңгерген кезде ғана, оқушыдан дербестілікті талап етеміз.
Екінші деңгейде, оқушы нұсқау карточка көмегінсіз жағдайға байланысты приборды өзгертіп, дербестілік танытады. Мұғалімнің бақылуын және көмегін аз қажет етеді.
Үшінші деңгейге, химиялық экспериментке көп ынта білдіруші, творчествалық көзқарасы, дербестілігі бар оқушыларға сай білік-дағдылыр жатады.

3.Практикалық тапсырма. «Металдардың химиялық белсенділігін салыстыру» тақырыбына өткізілетін зертханалық жұмыс жүргізу әдістемесі.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет