Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың «Ұлттық спорт түрлері және қозғалыс ойындарын оқыту әдістемесі»



бет1/18
Дата09.12.2022
өлшемі55,23 Kb.
#162141
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
РК


6В01421-Білім саласындағы дене мәдениеттік-спорттық қызмет білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың «Ұлттық спорт түрлері және қозғалыс ойындарын оқыту әдістемесі» пәнінен 1-ші аралық бақылауға арналған тапсырмалар
Ұлттық спорт түрлеріне қойылатын талаптар
Ойын - өсіп келе жатқан ұрпаққа білім мен тәрбие берудің ертеден қалыптасқан құралы. Тәрбиелік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін арнайы ұйымдастырылған ойындар білімгері болашақ өмірдегі еңбек қызметіне даярлайды. Қозғалыс ойындары дене тәрбиесінің маңызды құралы мен әдісі ретінде адамның бүкіл тіршілік-тұрмысында өзінің маңызын жоғалпайды, тек олардың мазмұны мен өткізілу әдістері өзгеріп отырады. Ойындардың икемділікті, жылдамдықты, шапшаңдықты, күштілікті, ептілік пен тапқырлықты дамытудағы, қозғалыс үйлесіміділігін жетілдірудегі маңызы аса зор. Бұл қабілет-қасиеттердің бәрі де ойын арқылы қалыптасады. Сондықтан бұрыннан дене тәрбиесі сабақтарында, үзілістерде, сабақтан тыс кездерде орынды пайдаланған жөн. Қимыл-қозғалыс ойындары – үнемі қимыл-қозғалыстак талап ететін ойындар. Олар дене тәрбиесі сабақтарында немесе сабақтан тыс кездері ойналады. Ойындар дене дайындығының көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдаланылады. Бұдан басқа, ойындар оқушылардың әрқандай спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуына тікелей қажет болатын денеге тән сапаларды дамытуға көмектеседі. Мектеп жағдайында қимыл-қозғалыс ойындары екігебөлінеді: таза қимыл-қозғалыс ойындары және спорттық сипаттар бар қимыл-қозғалыс ойындары. Барынша кең тарағаны – таза қимыл-қозғалыс ойындары. Ұлттық ойындары оқу-тәрбие жұмысына пайдалану педагогикалық жүйенің жалпы заңдылықтарына бағынды. Педагогикалық жүйенің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылығы нәтижені қамтамасыз етеді. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы өзінің жан-жақты тәрбиелік қасиетін шындай түседі. Сондықтан, ол тәрбие жүйесінің міндеттері мен түрлерін толықтырып қана қоймайды, оқу-тәрбие жүйесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін байытуға, оы жетілдіре түсуге де өз үлесін қосады, барынша белсенді қажет жасайды. Ойынның тәрбиелік негіздерін адам баласының саналы ғұмыры басталғаннан бері, әр кезенде әр түрлі пікір айтып, оны өз ұрпақтарын тәрбиелеп, білім беруде іске қосу мәселесін үзбей айтып келеді. Біз ол тұралы бастапқы параграфта айтып, жазғандықтан, тек еске салатыруды жөн көрдік. Бірақ, атап айтатын бір мәселе, күні бүгінгі дейін, әр дәуірде өмір сүрген ғылымның алуан саласындағы аңшыларды, оның ішінде көне, антикалық дәуірдің – Платон, Аристотель секілді үздік ойдың санлақтары, ойындарды адам саласының тәрбиесінде пайдалану туралы әр түрлі пікір айтқандарымен, оны пайдаланудың жолдарын нақты көрсете алмады. Біз оны көрсетпеді деп кінә тағудан аулақпыз. өйткені, ұлт ойындары оның ішінде, ойын аталуының өзі былайғы көзге қарапайым болып көрінгенмен, шын мәнінде өте күрделі дүние болып табылады. Ұлттық ойындардың өзі шындап келгенде адам қасиетін біржақты емес, жан-жақты дамытуға негізделген ол тек көңіл көтеру, ермек үшін жасалмаған. Бұл ұлттық ойындардың бойына дарыған ежелгі қасиеті болса біздің ата-бабаларымыз, кейінгі ұрпақ содан тәлім алатынқазына. Олай дейтініміз, ұлт ойындары сол ұлттың өсіп жетілу барысындағы ұзақ жолда пайда болып, оның саң мындаған ұрпағынын рухани азығына айналған, қиялын қозғап, ұлттық болмысымен өзіндік ерекшілігін қалыптастыруға игі әсерін тигізген дәстүрлі құбылыс. Осы тұрғыдан қарағанда, ұлт ойындары сол ұлттың ғасырлар бойы жасаған, іріктеп, сұрыпталып бізге жеткен мәдени мұраларының заңды бір саласы, халқының игілігіне қызмет ететін онын жас ұрпағын жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншілігі зор тәрбие құралы. Халықтың сәби шағы мен бүгінгі өскелеңдәуірінің куәсі ретінде. Адам баласының фантазиялық ой-өрісінің жемісі ретінде де оны үйренудің, зерттеудің және оның заманымызға лайықтыларын бүгінгі ұрпақты оқытып-тәрбиелеу ісіне жаратудың үлкен тағылымдық, тәрбиелік маңызы бар депбілеміз.Ұлт ойындары халық педагогикасының құрамды бір бөлігі бола тұрып, өзін дүниеге әкелушілерінің есеюіне, ақыл-ойының толысып, қалыптасуына, олардың өмірге құштарлығының артуына, жасампаздық көңіл күйінің көтеріліп, күш-қуатының молаюына, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып жетіле түсуіне әсерін тигізеді. Ұлт ойындарының осындай қасиетін жақсы танып-білген адам баласының алдыңғы қатарлы ақыл-ой, парасат иелері әркез оны жоғары бағалап, ұмыт болудан сақтап, жиып-теріп, қағаз бетіне түсіріп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет