Білім беру саласы басқарушыларының құжаттар түрлері
Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі өте зор . Іс қағаздарының саяси , тарихи , құқықтық , әлеуметтік мәні күшті . Кез келген салада іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады . Сондықтан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді қалыптастыру - үлкен де жауапты іс . Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген " Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында " тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі іс шаралары белгіленді . Соның бірі – іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту . Осы орайда 1999 жылдан бастап жоғары оқу орындарында " Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу " курсы оқытыла бастады . " Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу " курсы құжаттарды толтырудың мемлекеттік ережелеріне сүйеніп оқытылады . Ал іс қағаздарды дұрыс меңгерту осы курс бойынша бағдарламалар мен оқулықтардың , сөздіктер мен көмекші құралдардың сапалы болуына тікелей байланысты . Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу пәнінің мақсаты – студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазып , оның түрлерін білуге үйрету ; құжаттарды толтырудың жалпы ережесін , оларға қойылатын талаптарды , безендірілуін жете меңгерту ; іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру.
Іс қағаздар туралы мәселені қарастырмастан бұрын іс жүргізу " , " іс қағаздары " терминдері қандай мағынаны білдіргендігі жөнінде айта кеткен жөн . Ол туралы берілген бір - екі түсінікті келтіре кетейік . Мәселен , А.Алдашева , З.Ахметжанова , Қ.Қадашева , Э.Сүлейменовалардың авторлығымен шыққан . " Ресми іс қағаздары " деген еңбекте " Ресми іс қағаздары " термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау , құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді " деп берілген . " Іс қағаздарын оқыту ” деген еңбектің авторлары Н.К.Мұхамадиева мен А.Д.Чабаева былай деп жазады : " lc қағаздары дегеніміз адамдар мен Қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып , олардың тіршілігі үшін қажетті мәселелерді , мақсат - мүдделерді шешуге Көмектесетін қажетті тілдік материалдар " . Ал ғалым М.В.Кирсанова " Современное делопризводство " деген 2000 жылы жарық көрген кітабында іс жүргізу терминіне былайша сипаттама береді : " Делопроизводство ведение канцелярских дел , совокупность работ По документированию деятельности учреждений и по организации документов в НИХ " , " Делопроизводство " жөніндегі іс жүргізу , іс қағаздарын жүргізу деген сөздердің қайсысын қолдануымыз қажет деген де сөз болып жүр .
Мәселен , Л.Дүйсембекова іс жүргізу дегеннің заң орындарының қолданатын термині болып қалыптасқанын , сондықтан да оның беретін мағынасы көпшілікке түсінікті - белгілі бір қылмысты істі жүргізу дегенді білдіреді дей келіп , " Олай болса делопроизводство сөзін іс жүргізу деп алудың қанша қажеттігі бар ? Оқулықта делопроизводство сөзі іс қағаздарын жүргізу деп беріледі .
Біріншіден , іс қағаздарын жүргізу сөзі бұрыннан қалыптасып , тілге сіңісті болған , екіншіден , өз мағынасын толық , айқын бере алады , үшіншіден , іс жүргізу заң термині ретінде қалыптасқан , өзінің беретін магынасы , атқаратын қызметі , қолданылу ерекшелігі бар , төртіншіден , әрқайсысының өз атауы тұрғанда екі терминді бір сөзбен беру қажеттігі жоқ " деп көрсетеді .
" Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу " пәнінің қарастыратын нысанасы , мазмұны мына төмендегідей мәселелерді қамтиды :
мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізудің — дербес ғылым саласы екені ;
іс қағаздарды жүргізудің саясаттану , мұрағат ісі , тарих , тіл білімі , сияқты ғылым салаларымен байланысы ;
іс қағаздарды толтырудың мемлекеттік стандартта - ры , өзіне тән жазылу стилі болатындығы ;
іс қағаздарына қатысты негізгі түсініктер мен анықтамалар ;
іс қағаздарының безендірілуі , оларға қойылатын талаптар :
іс қағаздар тарихы
іс қағаздарының тілдік ( лексика , морфология , синтаксис , орфография т.б. ) , стильдік ерекшеліктері ;
іс қағаздарының дұрыс жазылу ( орфографиялық нормалары ;
іс қағаздарының түрлері және олардың әрқайсысының ерекшеліктері ;
іс қағаздарын толтыруда қолданылатын қысқартулар , түзету ( корректуралық ) белгілер ;
іс қағаздарын құрастырудағы жалпы талаптар , құжат мәтіні , іс қағаздарындағы тізбектілік , даталар , визалар , іс қағаздарын безендірудің негізгі элементтері ;
әр түрлі іс қағаздары мен құжаттарды құрастыру .
Бұл аталған мәселелер тек мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге ғана қатысты . Олар басқа ешбір салада шешілмейді , өйткені ол басқа салаларда қойылмайды да . Сондықтан олар тек мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу саласының зерттеу нысанына жатады . Іс қағаздарын жүргізу екі кезеңнен тұрады . Олар : құжат айналымы және құжаттау ісі . Ғалым Т.Дүйсебаева " Машинкамен жазу және іс қағаздарын жүргізу " деген еңбегінде құжат айналымы мен құжаттау ісіне былайша түсініктеме береді : " Құжат айналымы мекеменің өзі жасаған және сырттан келген дайын құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді .
Олар : қабылдау , орналастыру , тіркеу , орындалуын бақылау , анықтау , іс құру , оларды сақтау және жүзеге асыру , құжаттарды мекемелерге жіберу . Құжаттардың түрін жасау процесінің біртұтастылығы мен мекеме , ұйым және Өндіріс қызметі бейнеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |