7 сынып оқушысы «Қазақ тілі пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Ғаламтор ғаламаты. Морфология»



Дата11.03.2020
өлшемі55,18 Kb.
#59921
Байланысты:
7-сынып 3-тжб қазақ тілі№2 нұсқа

7 ___________ сынып оқушысы __________________________________
«Қазақ тілі пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

«Ғаламтор ғаламаты.Морфология», «Қазақстандағы ұлттар достығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология» бөлімдері бойынша


Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінде көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Жеке көзқарасыңызды жан-жақты қорытындылап, мысалдар келтіре отырып дәлелдеңіз.

1-мәтін
Гендік модификацияланған азық-түліктердің адам ағзасына әсері бар ма?

Гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы айтқанда әлем ғалымдарының да, қоғамның да пікірі екіге жарылды. Біреулер бұл адамзат үшін өте қажет десе, келесілері олардың адам денсулығына зияндылығын алға тартады.

Гендік модификацияланған ағзалар дегеніміз - гендік инженерия көмегімен жасалған тірі ағзалар мен азық-түлік өнімдері. Гендік өнімдер табиғи өнімдерден анағұрлым арзан болғандықтан, азық-түлік өндірушілер үнемдеу мақсатында қолданылады.

«Бізге гендік модификациядан өткен өнімді пайдалануға бола ма?» -деген сұрақты қоя отырып, мына төменгі деректерді ұсынуды дұрыс көрдік.

БҰҰ-ның экономикалық әріптестік және даму ұйымының мәліметіне сүйенсек, картоптың гендік тұрғыда өзгертілген - 24, сояның - 11, бұршақтың -32 түрі бар екен, қант қызылшасының 3 түрі, қызанақтың 8 түрі тіркелген.

2000 жылы биоқауіпсіздік туралы «Картеген» келісімі қабылданған. Бұл құжатта көптеген мемлекеттердің ГМО өнімдеріне қатысты көзқарасы белгіленді. Оған 166 мемлекет қол қойды.Оның ішінде Қазақстан да бар.

Бұл құжатта зияндылығы дәлелденген жағдайда кез-келген гендік тұрғыда өзгертілген өнім зиян деп табылсын деп жазылған. Алайда, ондай өнімдердің зияндылығын дәлелдеу оңай емес.

https://znanija.com/task/28284781

________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Жұбыңызды зейін қойып тыңдаңыз.Жұбыңыздың мәтінінен маңызды мәселе бойынша екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтаңыз, пікіріңізді білдіріңіз. Айтылым кезінде одағайды қолданыңыз. [10]

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Оқылым

Тапсырма

Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]

А мәтіні
Бақ-дәулет бірлікте

Көңілі даладай дарқан қазақ халқы қазір барлық ұлт өкілдерін өзінің туған-туыстарындай көреді. Диаспоралар қазақтың бөлінбейтін қауым-тайпасына ежелден айналып кеткендей. Бір елде жүзден аса ұлт өкілдерінің тату-тәтті болып өмір сүріп жатқаны бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай. Өйткені, халықтар достығы біздің саясаттың басты ұстанымы.

Көрші мемлекеттердегі ұлтаралық дау-жанжалды және Ресей мен Украина арасындағы қантөгісті ақпарат құралдарынан естіп, көргенде мамыражай бейне тыныштықтағы Қазақстан жұмақты елестетеді. Ұлтаралық, дінаралық қақтығыс, соғыстан кейбір мемлекеттердің жойылып кеткенін тарих дәлелдеді. Сондықтан, біз ұлттардың достығы мен бірлігіне қуанамыз.

Қазақстанда ұлтаралық достық пен келісім орнап. ең бейбіт ел деген атаққа ие болды. Кеңестік дәуірден басталған, интернационалдық тәрбие мен идея қазір жаңаша жаңғырып, «Қазақстан ұлттар лабораториясы» бұл күнде, тіпті, өзгеше бір ұлттар достығының «брендіне» айналды десек қателеспейміз.



http://kazgazeta.kz/?p=26787
1. Қазақстанның саясатының басты ұстанымы неде?

А. Мамыражай тіршілігінде

В. Халықтар достығында

С. Өзге диаспоралардың салт дәстүрінде

Д. Интерноционалдық идеясында

[1]


2. Ұлтаралық келіспеушілік жайында қай азат жолда баяндалады?

  1. І

  2. ІІ

  3. Екеуінде де

  4. Ешқайсысында

[1]

3. «Қазақстан ұлттар лабароториясы» бұл күнде ұлттар достығының «брендіне» айналды деген пікірге келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[3]


Ә мәтіні

Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр,

Қырғыз,қазақ,өзбектер,

Монғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армиян, қазақ, грузин,

Орыс пенен украин,

Терезесі тең жатыр.

Бақыттың әні асқақтап,

Құлаққа даусы кеп жатыр.

Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені, оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың адамзатты сүй дейтін қағидасы бар емес пе. Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында бұрыннан исламдық рух бар ұлт ынтымақ пен достықты қадірлейді. Қазақстан мемлекетінің құндылықтарының бірі ұлтаралық достықты, ынтымақты алғаш орнаған күннен бастап басты ұстаным етті.

Қазақстандағы халықтар достығының орнығуы Кеңестік саясаттан бастау алып, жалғасқанын ұмытпауымыз керек. «Қазақстан жүз ұлттың Отаны» деген қағиданы біз жүрегімізге құйып өскен ұрпақпыз.

Қазіргі Қазақстан Халықтар Ассамблеясы туралы айтқанда оның кеңестік дәуірдегі тарихын есте ұстауымыз керек. Тәуелсіздіктен кейін ол өзгеше сипат алды. Сол кезде қалыптасқан халықтар достығы қазір жалғасып жатыр. Бұл күнде Ассамблея атқарып отырған жұмыс сан алуан. Өзінің алға қойған мақсатты жобалары, шаралары бар. Ұлттар достығының шынайы ұйытқысы, рухани күші болған Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойы өзімізде ғана емес, өнеге-үлгі ретінде кейбір шетелдерде де аталып өтсе жаман болмас еді. Өйткені, ұлтаралық, дінаралық араздық кейбір мемлекеттерде қантөгіске әкелуде.

Достық отаны Қазақстан гүлдене берсін.

http://kazgazeta.kz/?p=26787

1. Өлең үзіндісінде халықтар достығын қалай көрсеткен?



  1. Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

В. Бірімен бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

С. Бақыттың әні асқақтап.

Д. Құлаққа даусы кеп жатыр.

[1]


2 «.Ұлы Абайдың адамзатты сүй» дейтін қағидасы неге байланысты айтылған?

  1. Ұлт-нәсілге қарамай жалпы адамзатты жақсы көр.

  2. Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббат.

  3. Қазақстандағы халықтар достығы.

  4. Халықтар Ассемблеясы туралы.

[1]

3. «Халықтар достығы дегеніміз барлығы тілге байланысты.Тіл арқылы біз көптеген ұлттармен араласа аламыз.Қазір ағылшын және орыс тілін білу керек» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[3]

Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) шылау түрлерін қолданып жазыңыз.

[10]
1. Виртуалды дүниеде қалағаныңды жасайсың. Ұнамаған адамды достар тізімінен сызып тастап, танымайтын адамға ұсыныс білдіре бересің. Монитордың ар жағындағы адамның эмоциясына, көңіл-күйін ойлап басыңды қатырмайсың. Егер дәл осылай жалғаса берсе, адамдар бір- бірімен тілдесуден қалмай ма? «Виртуалды өмір қасірет пе әлде өркениет пе?» - деген пікірді жоққа шығарып немесе жақтап, сюжетті әңгіме жазыңыз. «Әлеуметтік желінің пайдасы» немесе «Шынайы өмір айналды елеске» деген екі пікірдің біреуін таңдап, нақты деректер келтіруге тырысыңыз. Өз көзқарасыңызды бір жақты ұстаныңыз.


2. Гендік модификацияланған азық-түлікке, көкөністерге үйір бола бермей, табиғи өнімді тұтынған дұрыс па?

Гендік өзгеріске ұшыраған көкөністер мен жемістер табиғи түрінен әлдеқайда арзан. Мысалы ГМО арқылы өндірілген алма бағасы - 300 теңге, таза табиғи жолмен өнген алма - 900 теңгеге бағаланған. Сіз қандай жолмен өндірілген жемісті тұтынар едіңіз?

Өз пікіріңізді нақты дәлелдей отырып,әңгіме жазыңыз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым






Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

1

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы меңгерген.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда жеңіл қателер кездеседі.



Тақырыпты өте жақсы меңгерген.

Кез келген сұрақтарға жауабы жылдам әрі нақты. Ойын талқылау кезінде толық жеткізе алады.



2

7-8

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы меңгерген.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателері болады.



Тақырыпты жақсы меңгеген.

Тосын сұрақтарға ойланып жауап береді әрі орынды сөйлейді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті айтады, бірақ сырттан қолдау күтеді.


5-6

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа меңгерген.

Сөз саптауы дұрыс, қателері бар болғанмен, түсінуге кедергі жасамайды.



Тақырыптың негізгі тараптарын біледі, бірақ қиын тапсырмаларда орындауда көмек қажет етеді.

Тосын сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде көмек күтеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей сезіледі.


3-4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аз меңгерген.

Сөз саптау деңгейі төмен, түсініксіздеу сөйлейді .



Тақырыпты түсінуде деңгейі жетіңкіремейді.

Тосын сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезіндегі тапсырмаларды өз бетінше орындай алиайды.


1-2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз меңгепген.

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер өте көп.



Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.

Тосын сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.

Талқылау тапсырмаларда өзін өте аз танытады.


Оқылым



Жауап

Балл

1

В

1

2

В

1

3

Ықтимал жауабы: Халықтар достығы дегегніміз барлығы тілге байланысты.Тіл арқылы біз көптеген ұлттармен араласа аламыз.Қазір ағылшын және орыс тілін білу керек. /Оқушы жауабы ескеріледі./

3


4

В

1

5

А

1

6

Ықтимал жауабы: «Қазақстан ұлттар лабароториясы» бұл күнде ұлттар достығының «брендіне» айналды, /Оқушы жауабы ескеріледі./

3


Барлығы

10

Жазылым



Балл

Сипаттамасы

1

9-10


Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.

Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.



7-8


Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.

Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.



5-6

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.



3-4

Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.



1-2

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.

Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет