Стиль – сөйлеушінің, жазушының белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы



Дата21.11.2016
өлшемі11,49 Kb.
#2256

Стиль – сөйлеушінің, жазушының белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы

  • Стиль түрлері
  • Ауызекі сөйлеу стилі
  • Ресми іс-қағаздар стилі
  • Публицистикалық стиль

Стильдердің қолданылу аясы

  • Ғылыми стиль – ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда, ғылыми оқулықтарда қолданылады.
  • Ресми іс-қағаздар стилі - іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады.
  • Публицистикалық стиль - газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады.
  • Көркем әдебиет стилі - көркем әдеби шығармаларда қолданылады.
  • Ауызекі сөйлеу стилі – адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады

Стильдердің ерекшелігі

  • Ғылыми стиль: дәлелді, зерттелген, сөзді тура мағынада алу.
  • Ресми іс-қағаздар стилі – ресми, анық, дәл, нақты.
  • Публицистикалық стиль: шақыру, үндеу, нақтылық.(мақала)
  • Көркем әдебиет стилі: образды, эмоционалды, экспрессивті.
  • Ауызекі сөйлеу стилі: сөздер мен сөз тіркестерінің еркін қолданылуы, күнделікті сөйлесу стильі

Стильдердің тілдік құралдары:

  • Ғылыми стильде - ғылыми терминдер жиі қолданылады. Көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Осы шақ, өткен шақта жиі қолданылады.
  • Ресми іс-қағаздар стилінде –кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы өйлемдер мен даяр тіркестер мен құжат тілдері жиі қолданылады.
  • Публицистикалық стильде - риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдаланылады.
  • Көркем әдебиет стилінде - ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары(теңеу, метафора) қолданады.
  • Ауызекі сөйлеу стилінде – қарапайым сөздер мен сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады, көбінесе диалог түрінде келеді

Стиль түрлеріне қатысты мысалдар:

  • Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 1500 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылы-сүйгіш ағаштар қатарына жатады.
  • Ғылыми стиль
  • Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағы-дай тұмсығы тершіп, қыбыжықтай берді.
  • Көркем әдебиет стилі
  • Өз қалауыммен жұмыстан босатуыңызды сұраймын.
  • Ресми іс –қағаз стилі
  • Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма берді?
  • Ережелерді жаттауға берді.
  • Ауызекі сөйлеу стилі
  • 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыз-дың жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа “Халық қаһарманы” атағы берілді.
  • Публицисти-калық стиль

Тест сұрақтары

  • Жазба тілдің стильдік тармақтарын көрсетіңіз.
  • А)Ауызекі сөйлеу стильі В) Ғылыми стиль, сөз мәдениеті
  • С) жүйелі сөйлеу мәдениеті Д) Көркем әдебиет стилі
  • Е) мақала, баяндама
  • 2. Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігін табыңыз.
  • А)үндемей тыңдау В) қарапайым сөздерді қолдану
  • С) тіл тазалығын сақтау Д) қыстырма сөздерді қолдану
  • Е) диалогке құрылмайды
  • 3. Тілдесу үстіндегі қойылатын талаптар қалай аталады?
  • А)коммуникативтік талап В) грамматикалық талап
  • С) лексикалық талап Д) мәнерлеп сөйлеу талабы
  • Е) ғылыми стиль тұрғыда
  • 4. Стильдің қанша түрі бар?
  • А) 4 В)5 С) 6 Д) 3 Е) 2

5. Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқытып қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді. Мәтін қай стиль үлгісінде жазылған?

  • А)Ғылыми стиль В) ресми стиль
  • С) Көркем әдебиет стилі Д) мақала, баяндама
  • Е) ауызекі сөйлеу стилі
  • 6. Стилистика қай тілдің сөзі?
  • А)Араб В)Латын С)Орыс Д)грек Е)француз
  • 7. Бірін-бірі бетпе бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысуы, түсінісуінде қай стиль қолданылады?
  • А)Ғылыми стиль В) Көркем әдебиет стилі
  • С) Жазба тіл Д) ауызекі сөйлеу стилі Е) мақала, баяндама
  • 8. “Ақуыз синтезі” қай стильге жатады?
  • А)Ғылыми стиль В) ауызекі сөйлеу стилі
  • С) Көркем әдебиет стилі Д) публицистикалық стиль
  • Е) ресми стиль

9. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы Қиыннан қиыстырар ер данасы....... Өлең қай стильде жазылған?

  • А) Әдеби стиль В) Көркем әдебиет стилі
  • С) Ғылыми стилі Д) ауызекі сөйлеу стилі Е) іс-қағаздар стилі
  • 10. Құрмалас сөйлем дегеніміз кем дегенде екі жай сөйлемнен тұрып, күрделі ойды білдіреді..... Мәтін қай стиль түріне жатады?
  • А) ресми стиль В) ауызекі сөйлеу стилі
  • С) әдеби стиль Д) Ғылыми стиль
  • Е) публицистикалық стиль
  • 11. “Хаттама, мінездеме, хабарлама” стильдің қай түріне жатады?
  • А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
  • С) ресми стиль Д) әдеби стиль
  • Е) ауызекі сөйлеу стилі
  • 12. Ресми іс-қағаздар түрін көрсетіңіз.
  • А) мақала В) роман С) кейіптеу Д)өтініш Е) шығарма
  • 13. Газет журналдар тілі қай стильге жатады?
  • А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
  • С) ресми стиль Д) әдеби стиль
  • Е) ауызекі сөйлеу стилі

14. Өмірбаян, кепілхат қай стиль түріне жатады? А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль С) ресми іс-қағаздар стилі Д) әдеби стиль Е) ауызекі сөйлеу стилі

  • 15. Экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер, неологизмдер, сұраулы, лепті сөйлемдер қандай стильдің сипатына сай келеді?
  • А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
  • С) ресми стиль Д) Көркем әдебиет стилі
  • Е) ауызекі сөйлеу стилі
  • 16. “Айтпақшы”, “тәйірі”, “ұят-ай” сияқты сөздер қолданылатын стиль түрін анықтаңыз.
  • А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
  • С) ресми стиль Д) әдеби стиль
  • Е) ауызекі сөйлеу стилі
  • 17. Сөйлем соңынан қойылатын тыныс белгіні табыңыз.
  • А) сызықша В)сұрау, леп белгісі С)үтір Д)жақша Е) Қос нүкте


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет