Ұйымдастыру,
Іздену
Рефлексивті түзету
|
Бағдаршамы бар көше мен бұрылыстарға саяхат жасату. Балалардың назарлары бағдаршамның жұмысына, машиналардың арлы-берлі жүруіне, жаяу жүргіншілердің іс-әрекеттеріне назар аударылады. Жол жүру ережелерімен таныстырады. Жол белгілерінің суреттерін көрсетеді, олардың көлік қозғалысын реттеп, көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншінің маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер екенін айтып түсіндіреді.
Ә. Табылдының «Бағдаршам» деген өлеңін оқу.
Дидактикалық ойын
«Көлік түрлері қайда?» ойыны.
Сурет бойынша жолда жүру ережелерін еске түсірту, қайталату.
Суреттегі көлік түрлерін үш топқа бөліп атау.
«Суретте не артық?» дидактикалық ойынын жүргізу.
Суреттегі көлік түрлерін бір-бірімен салыстыру.
Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек?
Жаяу жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады?
Өзің тұратын жерде қандай көлік түрлері бар?
|
Аула бағдаршамы, жол, көліктер.
Не артық ойынына суреттер
|
Балалар жол ережелерін тыңдап, қайталап айтып береді, сұрақтарға жауап береді.
Өлеңді қайталайды.
Ойын ойнайды
Жолда жүру ережелерін қайталайды, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.
Сұрақтарға жауап береді, өздері қорытынды пікір жасайды.
|