М. Горький атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Сұлтанова Гүлмира Мыңбайқызы
БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ
Қазір ХХІ ғасыр. Қоғаммен бірге адамда өзеруі қажет. Сіз қаласаңыз да қаламасаңыз да өзгерістерге толы дәуірде өзгеруге тура келеді. Қазір білім алушының заман талабына сай өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударуда. Білім алушыны өзгере білуге дайындау үшін алдымен оқытушының өзі өзгере білуі қажет.
Бүгінгі күні, әлемдік ақпараттар тасқыны заманында қоғамның әрбір азаматына зор міндеттер қойылып отыр. Солардың ішінде ұстаздар мойнындағы жүк ерекше. Ұстаз қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда да көкейкесті. Жаңа заман мұғалімі - рухани дамыған жеке тұлға. Кәсіби дағдыланған, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа бейім, өз-өзін талдауға қабілетті мұғалім – заман талабы. Кәсіби оқытушы тек қана өз пәнін ғана емес, педагогикалық процестегі әрбіp мүшенің орнын анық біледі; баланың ic-әрекетін ұйымдастыра алады, нәтижелерін болжай біледі; кемшіліктерін түзете алады. Ол міндетті түрде құзіреттi жеке тұлға болуы керек. Осы арада құзіреттілік ұғымын анықтап алуымыз қажет.
Құзіреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін алға қояды. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.
«Маманның кәсіби құзыреттілігі – күрделі де көпқырлы категория»- дейді ғалымдар. Бұл – философияда, педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесінде андрогогикада, еңбек психологиясында т.б. гуманитарлық ғылымдарда әр қырынан қарастырылып зерттелуде.
Құзыреттіліктің сипаты қандай? Деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, кейбір сөздіктерді қүзыреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірілген.
Ал, қазір құзыреттілік дербес және жауаптылықпен әрекет етуге белгілі бір жұмысты орындауға қабілеттілік пен икемділікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психикалық сапалардың қосылымы ретінде белгіленіп жүр.
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді
ХХІ ғасыр мұғалімі табыстылығы мен кәсіби іскерлігі арқылы дамып, қалыптасады. Қазіргі әлемдік бәсекелестік жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шығармашылығы мен әдістемелік жұмыстағы шеберлігімен құнды.
Демек жаңа формация мұғалімі - рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Белгілі бір ереже бойынша немесе бір формулаға салып бала бойында құзіреттілікті қалыптастыруға болмайтындығы айқын. Сондықтан жаңа формация мұғалімі әр сабақта проблемалық мәселелер беріп соны шеше алуға баулу қажет. Студент көп жағдайда басын қатырғысы келмейді. Бір тапсырманы орындауда «не материал таппадым, не орындай алмадым» дей салады. Оны шешкенше ысыра салған оңай. Сондықтан қате болса да, бұрыс болса да оқушыны шешім қабылдауға баулу қажет.
Жалпы білім беруді реформалауда интербелсенді оқыту жалпы білім беретін мекемелер мен жоғары оқу орындарында инновациялық әдіс ретінде кеңінен қолдау тауып отыр.
««интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» деегніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқу/оқыту, диалог арқылы үйрену/ үйрету, «үйретуші-үйренуші», «үйренуші-үйренуші», «үйренуші-өзімен-өзі» форматтарында қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «пікірлесу», «бірлескен әрекеттер»).» – дейді интербелсенді әдісті зерттеп жүрген ғалым А. Әлімов
Бұл әдісте – білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамытудың амалы, жолы ретінде түсіндіріледі. Өйткені, интербелсенді оқыту технологиясында оқытудың әр түрлі белсенді формаларын (топтық, жеке, жұптық, пікірталастар, диспуттар) қолдануға мол мүмкіндіктер беріледі.
Интербелсенді оқытуда тапсырма, баланың сабаққа қатысуы, әр тапсырма орындалғанда, бағаланып отырады.
Біздің балалардың өзін-өзі бағалауы, өзара бағалауы, топта жұмыс істеу дағдылары нашар. Ешкіммен тіл табыса алмайтын, қоғамға симайтындар ара-тұра емес, жиі кездеседі.
Содан жаны күйзеледі. Былай қарағанда жаман бала емес, қабілетсіз де емес, топта жұмыс істей алмайтындықтан, басқалардың мазасын алып қана қоймай, өзі түрлі қиын жағдайларға тап болады. Міндетті түрде зардабы басқаға тиеді. Осы аса маңызды. Мұғалім, оқытушы осыған ерекше назар аударуы қажет. Интербелсенді оқытуда бағалау мәселесі өте дұрыс шешім тапқан. Мұғалімдер осы әдіспен жұмыс жүргізгенде к өзден таса ешкім де қалмайды. Өз бетімен отыратын бала да болмайды.
«Интербелсенді оқу/оқыту – әрекетпен және әрекет арқылы оқу/оқыту, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында ең бірінші мезетте тек өзінің әрекеттер імен өз қолымен жасағаны ғана қалды» – дейді белгілі ғалым Асхат Әлімов. Одан әрі ғалым қытайдың ұлы философы Конфуцийдің әйгілі мына сөзін дәйек етеді: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренермін!»
Бүгінгі таңда, ізденімпаз, жаңашыл мұғалім интербелсенді әдісті қолданса жақсы нәтижеге жетер еді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің даму тұжырымдамасы.-Алматы:РБК, 1995. -40б
Әлімов Асхат Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. -Алматы: Алматы, 2009. -63б
Бейсеева Н. Сабақта интербелсенді әдістерді қолдану.
Сұлтанова Б.Дәріс сабақтарда интербелсенді әдістерді қолдану// Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, 20013ж
Достарыңызбен бөлісу: |