ДНҚ
БИОЛОГИЯ • ЖАСУШАЛАР ЖӘНЕ ДНҚ • ДНҚ
ДНҚ – қандай ақуыз түзу керектігін нұсқайтын генетикалық ақпарат тасымалдайтын
жасушадағы ұзын тізбекті макромолекула. Генетикалық код молекула бойымен
ұзыннан тізбектеліп орналасқан аденин, тимин, гуанин және цитозин деп аталатын
төрт негізден тұрады. Негіздердің орналасу реті жасушаның қандай ақуыз
жасайтынын анықтайды. ДНҚ тізбегі әр дарада әртүрлі болады, тек бір жұмыртқалы
егіздерде ғана бірдей болады!
• Ұсынылатын фильмдер
– ДНҚ дегеніміз не?
– Деректер: ДНҚ
ДНҚ молекуласының өзі - шиыршықтала майысқан екі
тізбекті молекула. Екі тізбек бір-біріне комплементарлы,
себебі аденин (А), цитозин (Ц) , тимин (Т) және гуанин (Г)
негіздерді жұптау ережесі бойынша нақты жұптар түзеді:
А үнемі Т-мен, ал Ц үнемі Г-мен жұптасады. Тек бір тізбек
қана жасушаға керекті нақты генетикалық нұсқауларды
тасымалдайды. Ал екінші тізбек кодталатын тізбекке
комплементарлы, ол жасуша бөлінерден бұрын ДНҚ-ның
көшірілуі кезінде қажет.
• Ұсынылатын фильм
– ДНҚ-ның ашылуы
1
ДИАГРАММА 01:
Адам ДНҚ-сы 46
хромосомадан тұрады
1-
бөлім: ДНҚ дегеніміз не?
•
ДНҚ дегеніміз не?
Қосымша сұрақ
С1. ДНҚ сөзі нені білдіреді?
ДНҚ Дезоксирибонуклеин қышқылы дегенді білдіреді.
•
ДНҚ-ның құрылымы қандай?
Қосымша сұрақ
С2. Негіздерді не ұстап тұрады?
Негіздерді фосфат топтарымен байланысқан
дезоксирибоз деп аталатын ұзын қант
молекулаларының тізбегі ұстап тұрады.
Комплементарлы негіздер бір-бірімен сутектік
байланыс арқылы байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: |