Биология сабағында мектеп оқушыларының акт қолдану дағдыларын жетілдіру



бет1/5
Дата12.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#131575
  1   2   3   4   5
Байланысты:
маржан статья
ОГИГ каз, Физиологияның негізгі даму кезеңдері., басқару, 303 WINDOWS OPERATS

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ


Қырбасова Элзира Артықбаевна, аға оқытушы
Абдумажитова Маржон Алимусакизи, магистрант
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақстан Республикасы, Алматы
kyrbasova_elzira@mail.ru
marjan_abdu1999@mail.ru


Андатпа
Мақалада биология пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технология құралдарын пайдалана отырып оқушылардың дағыдаларын жетілдіру туралы берілген. Қазіргі кезде жас ұрпаққа сапалы білім беру үшін әлемдік деңгейде дамып жатқан әр түрлі технологияларды пайдалану заман талабы болып отыр.
Биология – табиғатты зерттейтін ғылым болғандықтан, бұл пәнді оқытудың өте қызықты әдістері жетерлік. Қазіргі заманғы білімнің тәжірибелік бағдарлануына байланысты қызметтің негізгі нәтижесі білім, ептілік және дағдылық жүйеден бұрын, негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы болуы тиіс.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты.[1] Білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға және өсудің тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Соған байланысты жаңа оқу бағдарламалары да әзірленді. Жаңа білім беру жүйесін дамытуда АКТ құралдарының тиімді пайдалану, сандық білім ресурстарын қолдануға баса назар аударылуда.
Осыған байланысты мектепте оқушыларға сапалы білім беру үшін пәндік біліммен қатар, ағылшын тілін, АКТ құралдарын толық меңгерген мамандарды дайындау біздің мемлекетіміздің басты мақсаттарының біріне айналды.[3]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет