Көлбай Дана Ерланқызы ТФП-29 Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесі. Биоогиялық тәуекелдерді басқару бірнеше ұғымдар пайдаланылады: •Биологиялық тәуекелдерді бағалау •Биологиялық тәуекелдерді ішкі бағалау •Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу Биологиялық қауіпсіздік - Биологиялық қауіпсіздік – адамдардың және табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің (атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының, жер бетінің және топырақ қабатының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және өзге де организмдердің (бұдан әрі – табиғи ортаның жекелеген компоненттері) қауіпті биологиялық факторлардан қорғалуының, оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетін жай-күйі;
Биологиялық тәуекелдерді бағалау. - Биологиялық тәуекелдерді бағалау – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызметтің әртүрлі салаларында қауіпті биологиялық факторлардың, құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің әсерінен теріс салдарлар туындауының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығын білдіретін биологиялық тәуекелдерді басқару жүйесінің элементі;
Биологиялық тәуекелдердің градациясы. - Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесі ғылыми-әдіснамалық базаны ескере отырып әзірленеді және биологиялық тәуекелдерді олардың деңгейлері бойынша градациялауды көздейді
- Биологиялық агенттердің патогендігі мен қауіптілік дәрежесі бойынша жіктелуі болып табылады:
- 1) патогендігі I топ
- 2) патогендігі II топ
- 3)Патогендігі III топ
- 4) патогендігі IV топ
Патогенді топтар - Патогендігі I топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың өлім-жітім (өлім-жітім) деңгейі жоғары аса қауіпті инфекциялық ауруларын тудыратын, инфекция жұқтырылған организмнен сау организмге жеңіл таралатын, оларға қатысты вакциналар мен емдеу тиімді құралдары жоқ патогенді биологиялық агенттер;
- 2) патогендігі II топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын тудыратын, инфекция жұқтырылған организмнен сау организмге жеңіл таралатын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда емдеу мен профилактиканың тиімді құралы мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер. Бұл топ аса қауіпті инфекциялық ауруларды, инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды тудыратын патогенді биологиялық агенттерге бөлінеді;
3) патогендігі III топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын тудыратын не өсімдіктерге елеулі зиян келтіруге қабілетті, инфекция жұқтырылған организмнен сау организмге барынша аз таралуымен сипатталатын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер; - 3) патогендігі III топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын тудыратын не өсімдіктерге елеулі зиян келтіруге қабілетті, инфекция жұқтырылған организмнен сау организмге барынша аз таралуымен сипатталатын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер;
- Патогендігі IV топ – адамдардың және (немесе) жануарлардың инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын тудыратын не өсімдіктерге зиян келтіруге қабілетті, жұқтырылған организмнен сау организмге таралмайтын, оларға қатысты вакциналарды қоса алғанда, емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері қолжетімді болатын патогенді биологиялық агенттер.
Биологиялық тәуекелдерді басқару бағдарламасы. - Ішкі бағалау субъект басшысы бекітетін биологиялық тәуекелдерді басқару бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес жүргізіледі, онда зертхана жұмыс істейтін ПБА сипаттамасы, биологиялық тәуекелді бағалау әдістемесі, зертханалық рәсімдердің сипаттамасы, биологиялық тәуекелдерді төмендету жөніндегі шаралар және олардың мониторингі, зертхананың дезинфекциялық режимі, медициналық қалдықтармен жұмыс істеу схемасы, биологиялық материалды тасымалдау және қабылдау, төтенше және штаттан тыс жағдайлар кезінде ден қою тәртібі, персоналды инфекциядан қорғау қамтылған.
Биологиялық тәуекелдерді басқару бағдарламасы мынадай бөлімдерді қамтиды: - 1) биологиялық тәуекелдерді ішкі бағалау
- 2) ПБА-мен жұмыс істеуді есепке алу;
- 3) персоналды кадрлық қамтамасыз ету және оның құзыреті;
- 4) нормативтік негіздер (стандартты операциялық рәсімдер (бұдан әрі – СОР), әдістемелік нұсқаулықтар);
- 5) физикалық қорғау элементтерін басқару;
- 6) жабдықты басқару (тексеру, сертификаттау, калибрлеу, аттестаттау);
- 7) медициналық қалдықтарды басқару (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген, «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын сақтау (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 12 тамыздағы № 21080 болып тіркелген
- 8) материалдар, жабдықтар, инфрақұрылым элементтері (желдету, Сумен жабдықтау, кәріз) және дезинфекциялау құралдары бар жұмыс ортасын құру.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |