Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары



бет1/8
Дата20.11.2023
өлшемі102,22 Kb.
#192208
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары.


Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера  шекаралары. Биосфера — тірі организмдердің осы уақыттағы немесе өткен уақыттағы әрекетінен пайда болған Жер қабықшасы. Қазіргі уақытта тірі организмдер кездесетін биосфераның бөлігі қазіргі заман биосферасы деп аталады.
Мазмұны:

  • 1 Тірі заттың биосферадағы қызметі

  • 2 Биосфера биомассасы

  • 3 Литосфера биомассасы

  • 4 Гидросфера биомассасы

  • 5 Атмосфера биомассасы. Жердегі тіршілік үшін атмосфераның мәні

  • 6 Биосферадағы энергия ағыны және заттар айналымы

  • 7 Биосфераға адамның әсері

  • 8 Атмосфераға антропогендік әсерлер

  • 9 Гидросфераға антропогендік әсерлер

  • 10 Литосфераға антропогендік әсерлер

  • 11 Биотаға антропогендік әсер ету

  • 12 Экологиялық мәселелерді шешу — ноосфераны құру

Биосфера термині алғаш рет 1875 жылы аустриялық геолог Э. Зюсс өз еңбегінде, жер бетін қаптайтын жұқа қабықты сипаттау үшін қолданылған. Кейінірек орыс ғалымы В.И. Вернад­ский біздің планетаның ғаламдық жүйесін сипаттау үшін қолданған болатын. Ол өз еңбегінде, «Тірі зат», бүкіл биосфераның ішіне өтіп, оны қайта құрады», — деп жазған. Биосфе­ра үш фазада: сұйық, қатты және газ заттар арқылы бөлімдердің беткейлері арасында өтеді, күн сәулесінің күшті радиациясы салдарынан зат пен энергия арасындағы белсенді зат алмасу жүреді, ол тіршіліктің пайда болуына және ары қарай дамуына бастама береді. Биосфера литосфераның жоғары қабатын, гидросфера,тропосфера және стратосфераның төменгі қабаттарынан тұрады.
Литосфера — Жер шарының сыртқы қатты кабықшасы. Литосфераның жоғарғы бөлігі екіншілік тау жыныстарының жауындық бөліктерінен тұрады, аналық тау жыныс­тарының бұзылуынан пайда болған.
Гидросфера әлемдік мұхит деп аталатын барлық мұхиттар мен теңіздер, көлдер мен өзен суларының қосындысынан пайда болған.
Атмосфера — жерді қоршайтын газ қабықшасы. Атмосфера 100 км биіктікті қамтиды. Оның төменгі бөлігі шамамен 15 км тропосфера деп аталады. Оның үстінде стратосфера қабаты орналасқан, ол 50 км биіктікте орналасқан өз кезегінде жоғары жатқан ионосферамен алмасады, ол біртіндеп планетааралык кеңістікке ауысады.
Биосфера шекаралары организмдер тіршілігі үшін қажетті жағдайлармен сипатталады. Биосфераның жоғары шекарасы 20-25 км биіктікте орналасатын озон қабатынан пай­да болады. Озон қабатынан жоғары күннің қатал ультракүлгін сәулелері — барлық тіршілікке қолайсыз орта.
Биосфераның төменгі литосфера бөлігі 3 км-ге дейінгі тереңдікті қамтиды. Тіршіліктің одан әрі тереңдікке енуіне жер қабаттарының қатты қабаттары кедергі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет