Тақырып Қауіптілік- тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің түсінігі ретінде. Қауіптілік. Адамға оның мекен ету ортасынан әсерлер. Шығу тектері табиғи, техногендік және антропогендік қауіптіліктер. Өндірістік орта факторлары
Тақырып 4. Қауіптілік- тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің түсінігі ретінде. Қауіптілік. Адамға оның мекен ету ортасынан әсерлер. Шығу тектері табиғи, техногендік және антропогендік қауіптіліктер. Өндірістік орта факторлары. Адамға және мекен ету ортасына әсер ету ықтималдығы бойынша қауіптіліктер.
Қауіптілік –бұл материяның өзіне, адамдарға, табиғи орта мен материалдық құндылықтарға зиян келтіруге қабілетті тірі және өлі материяның негативті қасиеті. Басқаша айтсақ, қауіптілік дегеніміз белгілі бір жағдайларда адам денсаулығына тікелей немесе жанама зиян келтіруге, яғни жарақаттануға, ауруға, көңіл күйінің нашарлауына және басқа да әртүрлі қажетсіз салдарларға әкелуге қабілетті құбылыстар, үрдістер мен нысандар.
Қауіптілік энергия, зат және ақпарат ағымдары түрінде жүзеге асырылады, олар уақыт және кеңістік бойынша өмір сүреді.
Адамға оның тіршілік ету ортасынан келетін әсерлер төмендегідей болуы мүмкін:
Комфортты (оңтайлы) – тіршілік жағдайы мен демалудың оңтайлы (ең жақсы) жағдайлары жасалады, адам денсаулығы мен қоршаған орта компоненттерінің біртұтастығын сақтау кепілденеді;
Рұқсат етілген – қоршаған орта әсері адам денсаулығына кері әсерін тигізбейді,бірақта қолайсыз жаңдай туғызады, жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді, адам ағзасы мен қоршаған ортадағы кері әсерлер қайтымсыз салдары жоқ
-Қауіпті - ұзақ әсерлер адамды ауруға шалдықтырады немесе биосфера мен техносфера элементтерінің деградацияға ұшыратады;
- Аса қауіпті – аз уақыт аралығында жоғары энергетикалық деңгейлердің әсері жарақаттануға, өлімге әкелуі мүмкін, техносфера мен қоршаған ортада бұзулулар тудыруы мүмкін.
Қауіптілік шығу тегіне байланысты табиғи, техногенді және антропогенді деп бөлінеді.
Күнделікті табиғи қауіптіліктер климаттық және табиғи құбылыстармен байланысты.
Қорғаныш- үй, киім, желдету жүйесі, жылу, жарық, тіршіліктің қолайлы жағдайын жасайды.
Стихиялы апаттар – жер сілкіністері, су тасқындары және т.б. Тиімді шешімдері жоқ.
Техногенді қауіптілікті техносфера элементтері – машиналар, механизмдер, құрылымдар, заттар, өндірістік және тұрмыстық қалдықтар және т.б. құрайды.
Антропогенді қауіптіліктер адамның немесе адамдар тобының техникалық жүйелерді жобалау мен дайындау кезіндегі қате және рұқсатсыз әрекеттерінің нәтижесінде, олардың дұрыс қызмет атқаруына жағдай жасамаған кезде, жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастырмаған кезде пайда болады.
Әлеуметтік саладағы антропогенді қауіптіліктер – ол ВИЧ- инфицирование, наркомания, алкоголизм.
Адамзат дамуының парадоксы – көптеген жүздеген жылдар бойы адамдар өздерін табиғи қауіптіліктен сақтау үшін техниканы жетілдірді, ал оның нәтижесі ең жоғары техногенді қауіптілікке әкелді.
Өндірістік орта факторы:
Зиянды фактор – жұмыс қабілетін төмендетуге, аурулар мен кәсібі аурулардың пайда болуына әкелетін адамға әсер етуші кері әсерлер. (қолайсыз метеореологиялық жағдайлар, жеткіліксіз жарықтандыру, жұмыс аймағының жоғары шаңдануы мен газдануы, шу, діріл, электромагниттік және басқа да сәулеленулер).
Қауіпті фактор – жарақаттануға немесе өлімге әкелуі мүмкін адамға әсер етуші кері әсерлер (машиналар мен механизмдердің қозғалғыш бөлшектері, электртогы, биіктіктегі жұмыстар және т.б.).
Қауіпті және зиянды өндірістік фактор деп бөліну шартты болып келеді, ең бастысы осы фактордың әсер ету қарқындылығы.
Қауіптіліктер адам мен тіршілік ортасына әсер ету мүмкіндігі бойынша потенциалды, шынайы және жүзеге асқан деп бөлінеді.
Потенциалды қауіптілік кеңістік пен уақытқа байланыссыз жалпы сипаттағы қатерді білдіреді.
Шынайы қауіптілік әрқашан адам мен табиғи ортаға әсер етуші нақты бір қатермен байланысты.Мысалы, жолда келе жатқан өртке қауіптідеген жазуы бар автоцистерна сол жолдың маңындағы адам үшін шынайы қауіп туғызады.
Жүзеге асқан қауіптілік – адам денсаулығының жойылуына немесе өлімге, материалдық шығынға ұшыратқан шынайы қауіптіліктің адам мен табиғи ортаға әсері. Мысалы, автоцистернаның жарылуы, оның жойылуы және адам өлімі.
Авария – адам өлімі болмаған техникалық жүйедегі ақаулар, онда техникалық құралдарды қайта қалпына келтіру техникалық немесе экономикалық жағынан да мүмкін болмайды.
Экологиялық қауiп - антропогендiк және табиғи әсерлер ықпалынан, соның iшiнде дүлей зiлзалаларды қоса алғанда, зiлзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйi бұзылуының, өзгеруiнiң болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмiрлiк маңызы бар мүдделерiне қауiп төндiретiн жай-күй;
Экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйi;
Экологиялық қауiптi объект - салынуы және қызметi адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн немесе зиянды әсерiн тигiзетiн шаруашылық объектiсi және өзге де объект;
Экологиялық қауiптi технологиялар - өндiрiс процесiнде жүзеге асырылатын және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн шикiзатты, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, жасау, олардың жай-күйiн, қасиеттерiн, нысанын өзгерту әдiстерiнiң жиынтығы;
Экологиялық қауiптi техника мен жабдық - шаруашылық немесе өзге де қызметте пайдаланылатын және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптар;