Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың ерекшеліктері



бет1/2
Дата10.06.2020
өлшемі29,56 Kb.
#72950
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Шоханова Л.Б. 4модуль
ПР 20-1, Емтиханға арналған сұрақтар БЕЖД, metodicheskaya instrukciya po razranotke mop

Орындадаған: Шоханова Лайла Байтабыновна, Қ.Қойдосов атындағы орта мектеп мұғалімі
Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың ерекшеліктері
Шағын жинақты мектептің оқу үдерісін ұйымдастыруда бірқатар қиындықтар кездесетіні жасырын емес. Өйткені бұл үлгідегі мектепте мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейтіндіктен, сабақтың өзіндік ерекшелігі болады. Осы ерекшелікке байланысты оқу үдерісі бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Сондықтан екі, үш сыныптың бір мезгілде қатар оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де психологиялық және әдістемелік тұрғыдан қолайсыздық туғызады.

Шағын жинақты мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі төмендегі жағдайларға байланысты: сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы; сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы; тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды оқыту үдерiсінде дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану; сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуынын анықтау; оқу-тәрбие жұмысының сабақ үстіндегі және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру; оқушылардың өзiндiк жұмысы мен мұғалім басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы; оқушылардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен оқып бiлу дағдыларын қалыптастыруға баса назар аудару; оқушылардың бiлiмі мен тәрбиелілік деңгейлерi дамуының ғылыми диагностикасы; оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау. Екі, үш сыныппен жүргізілетін сабақ сапалы болуы үшін сабақ кестесінде пәндерді қалай болса солай қоса салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі сабақты бір пән бойынша өткізген жеңіл болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде, мұғалім білімнің бір саласынан екінші бір саласына көшпей, оның назары бір пәнге бағытталады. Бірпәндік оқыту жүйесі іс жүзінде біртақырыптық сабақтар жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Қазіргі шағын жинақты мектеп тәжірибесінде мұндай сабақтарды ұйымдастырудың тиімділігі арта түсуде. Осыған орай, шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқыту үдерісін мүмкіндігінше біртақырыптық жүйеде құрастырғаны дұрыс. Өйткені белгілі бір ортақ тақырып бойынша барлық сыныпқа бірдей бір мезгілде түсіндірген мұғалімге де, оқушыларға да тиімді. Біртақырыптық сабақтар дегеніміз – бір пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды екі сыныпта қатарынан оқыту. Біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың бірқатар артықшылығы қарастырылды. 6 Біріншіден, шағын жинақты мектеп төменгі сынып оқушыларының оқуға деген ықыласын табысты дамытуға жағдай жасайды. Екіншіден, біртақырыптық сабақтарды өткізгенде, оқушылардың оқу әрекетін табысты жоспарлау білігі, бір-бірін тексеру немесе өзін-өзі бақылау кезінде жұмыстың барысын бақылау, яғни оқушыны өзіндік жұмыстарға даярлығын анықтайтын біліктер қалыптасады. Үшіншіден, біртақырыптық сабақтар оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, жолдастарының жауаптарын тыңдау, диалог жүргізу мәдениетіне үйретеді, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Осыған байланысты сөйлеу қарым-қатынасының аясы кеңейеді, бұл, әсіресе, шағын жинақты мектептер жағдайында өте маңызды. Төртіншіден, біртақырыптық сабақтар практикалық және оқу әрекеттерінде ұжымда жұмыс істей білуге, басқа оқушылардың пікіріне құрметпен қарауға, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Әрбір сыныппен тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар оқу материалы мазмұнының күрделілігімен анықталады. Әрине, біртақырыптық сабақтарды әзірлеу және өткізу мұғалімнен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл жерде, бір жағынан, оқу материалын жоспарлау жұмысы тұрса, екінші жағынан, сабақ құрылымын жетілдіру және оны ұйымдастыру жұмысы тұрады.

Оқушылардың белсенділігі, ең бірінші кезекте, сабақ кезеңдерінің реттілігін қатаң сақтауынан емес, сабақты тақырып бойынша жоспарлап, оны әрбір сабаққа сәйкес мақсаты нақты анықталған жағдайда көрінеді. Біртақырыптық сабақтарды жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге негізгі дидактикалық мақсатына байланысты сабақтың әр алуан тұрпаты және түрлерімен қоса, оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс жұмыстарының басқа түрлері де кіреді.

Шағын жинақты мектепте біртақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе, мұғалімнің оқушылар нені білуі керек, қалай оқыту керек, т.б. мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты. Сондықтан мұғалім біртақырыптық жоспарлауды пәннің оқу бағдарламасымен, білім беру стандартымен мұқият танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және берілген тақырып бойынша дидактикалық міндеттерді шешудегі негізгі тәрбиелік мақсаттарды және оқушыларды дамыту мақсаттарын анықтаудан бастауы қажет. Осы мақсатқа сай 5-9-сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламаларында білім мазмұнындағы тақырыптар әрбір сыныпта қайталанып келеді, бірақ әртүрлі деңгейде. Осы тұрғыдан алғанда, әдебиетті оқытуда мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіріп оқытудың мүмкіндігі мол. 5- сыныптан 9-сыныпқа дейінгі «Қазақ әдебиеті» фольклордан басталып, 18-19 ғасырларды қамти келе, қазіргі әдебиетпен жалғасады.

Әдебиеттің тақырыптық сипаты біріктірілген сыныптарда құрылымды ортақ етуге ықпал жасайды, төменгі сынып оқушысы мен жоғары сынып оқушысы талдайтын шығарманы 7 ортақ ету, деңгейлік тапсырмалармен жоғары сыныпқа толықтырылады. Бұл төменгі сынып үшін үйренуге көмек болса, жоғары сынып үшін тереңдете іздену тәсілдерін қолданудың мәні зор. Шағын жинақты мектептің 6, 8-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, 1-тоқсанда өткізілетін «Қазақ әдебиеті» пәнінен мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытуға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың үлгісін ұсынамыз (1-кесте). Біртақырыптық сабақты жоспарлау – бұл мұғалімнің сабаққа тиянақты дайындығының көрінісі, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру.

Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, кәсіби біліктілігіне, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет.

Сабақтың жоспары тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейіне қарай құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру қажет. Әдістемелік құралдың соңында пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды оқытуға арналған сабақ үлгілері ұсынылған. Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақты жоспарлауға қажетті ұстанымдар: 1. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқыту міндеттері, мазмұны мен оқыту құралдарының кірігуі мен саралануы. Әр сынып оқушыларында түрлі деңгейде меңгерілетін сұрақтар, құбылыстар мен түсініктер туралы ортақ ұғым болуы. 2. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру – бірқатар педагогикалық қызметтерді жоғары сынып оқушысының атқаруы (бақылау, жаңа материалды түсіндіру, қиындықтарды жеңуде төменгі сынып оқушыларына көмектесу). Дайындық жұмыстары: ақыл-кеңесшілерді іріктеу, ақыл-кеңес беру, олардың әрекетінің маңыздылығын көрсету, атқаратын қызметтерді бөлу, сабаққа және сабақ үстіндегі дайындық кезеңінде тапсырмалар беру. 3. Өзара оқыту. Өзара бір-бірін оқыту процесінде оқу әрекеттері және қарым-қатынасы арқылы білім, білік, дағдыларын меңгеру негізі. Оқыту кезінде мұғалім рөлін атқара отырып, оқушы ақпаратты беріп қана қоймайды, қарымқатынас жасауда өз білімін өзектендіреді. 4. Өзара әрекет ету еркіндігі. Оқушылардың ортақ әрекеті мен қарымқатынасын ұйымдастыру сыныптағы барлық оқушыларға жағымды қарымқатынас жасау қабілеттерін дамытуға көмектеседі. 5. Әртүрлі жастағы оқушылардың өзара әрекетін реттеу. Әртүрлі жастағы оқушылардың ортақ әрекетінің мазмұны мен формалары, сондай-ақ олардың бірге жұмыс істеуіне ынталандыратын тәсілдер мен құралдардың таңдалуы. Әрқайсысына ортақ мақсатты меңгеруге және одан жеке өзіне мән іздеуге көмектесуі; ортақ нәтижеге жету және тұлғаның жеке жетістіктерін дамыту үшін әрекеттердің маңыздылығын қарастыруы; оқу үстіндегі және оқудан тыс әрекеттеріндегі оқушылардың өзара әрекетінің тәжірибесін ескере отырып, жоғары және төменгі сынып оқушыларының өзара әрекетінің түрлі әдістері мен 8 формаларын қолдануы.

Әрекеттің мазмұнын, сабақтың әр кезеңіндегі жоғары және төменгі сынып оқушыларының рөлін, қызметін нақты анықтауы. Біріктірілген сыныптарда сабақты жоспарлауда төмендегі жайттарды ескеру қажет: артық жүктемеден қашу (оқу еңбегіне уақытты қысқарту есебінен, ең алдымен, оқу материалының мазмұны мен көлемін қатаң іріктеуден); бастауыш мектеп сабақтарында кемінде 2-3 рет үзілістер (жаттығулар) жасау; оқушылардың өзіндік жұмысын міндетті түрде қосу; оқушылардың өзіндік жұмысының көлемі мұғалімнің басқа сынып оқушыларымен орындалатын жұмысына тәуелділігін; шағын жинақты мектептегі сабақ екі бөліктің алма-кезек ауысып отыруынан құрылатынын: мұғалімнің басқаруымен және оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары; оқушылардың жұмысын кезектесіп орындалуы мұғалімнің басқаруымен жүргізу қажеттілігі, оқушылардың өзіндік жұмысына арналған үлестіру материалдарының кез келген түрін қолдану. Әртүрлі жастағы оқушылардың ортақ әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру тәсілдері: ортақ мәселелер мен міндеттерді барлығына бірдей түсінікті және қызықты етіп қою; ізденімдік тапсырмалар қолдану, іздендіру жағдаятын құру; шығармашылық тапсырмалар орындату; орындалған тапсырмалардың нәтижелерін бірге талқылау, ойын элементтерін қолдану, сайыстар өткізу. Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастыру мазмұны ұқсас тақырыптарды пәнішілік және пәнаралық кіріктіре оқыту арқылы жүзеге асырылады. Мазмұны ұқсас тақырыптарды пәнішілік кіріктіре оқытуда жаңа тақырыптар екі сыныпқа ортақ түсіндіріледі де, жаңа оқу материалын бекіту барысында жаттығулары дараланып, өзіндік жұмыстар мен деңгейлік тапсырмалар беріледі. Ал пәнаралық кіріктіре оқытуда білім мазмұнының жүйелілігін сақтай отырып, бір сыныпта бірнеше пән бойынша мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту жүзеге асырылады. Мұнда екі пәндегі жаңа тақырып (мысалы, биология және химия, т.б. пәндерді кіріктіре оқытуда) мазмұны ұқсас болғандықтан сыныпқа ортақ түсіндіріліп, оқушылардың әр пән ерекшклігіне сәйкес өзіндік жұмыстармен ұштастырылады. Кіріктіру – тығыз байланысқан бір бүтінді жасаудың нәтижесі. Оқытуда бұл түрлі пәндердің элементтерін (тақырып, бөлім), ғылыми түсініктерін және таным әдістерін біріктіру пәнаралық байланысты шешу арқылы жүзеге асады. Әдебиеттерде, мысалы, бастауыш сыныптағы табиғаттану, жоғары сыныптағы жаратылыстану пәндерімен келтірілген. Соңғысы биология, химия, физикамен 9 біріктірілген. Олар осы пәндердің үйлестірілген мазмұнына сәйкес бір пәнде логикалық құрылымымен беріледі.

Үйлестіру – өтілетін ұғымдар мен құбылыстар және олардың оқу танымдылығы мен уақыттары ортақ туыстас пәндердің оқу бағдарламаларын ыңғайластыру (пәнаралық байланыстың тар мағынасы). Оқытудағы осы бірлікті жүзеге асыру – оқушының дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған кешенді бағыттың педагогикалық шарттарының бірі. Кешендік бағыт және оқытудың тәрбиелік міндеті жайлы ұстаным пәнаралық байланыстың тәрбиелік рөлін күшейтеді. Бұл, әсіресе, гуманитарлық пәндер төңірегінде айқын көрінеді. Қорыта келгенде, мұғалім жұмысының табысты болуы оқушылардың жалпы дайындығына, олардың жас ерекшелігіне, сабаққа керекті құралжабдықтардың, оқу материалының ерекшелігіне, оқушылардың оқу-танымдық, әрекетін ұйымдастыра алуына, оқу жұмысында проблемалық сұрақтарды қоя білуіне, сондай-ақ мұғалімнің басшылығымен орындалатын және оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының арақатынасына тікелей байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет