Сабақ Тақырыбы: Жеті лақ ертегісі Сынып жетекшісі: Тоққұлова Ж



Дата31.07.2017
өлшемі37,48 Kb.
#22363
Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы

Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейі

Ашық сабақ
Тақырыбы: Жеті лақ ертегісі

Сынып жетекшісі: Тоққұлова Ж.

Сыныбы: МАД
2016 жыл

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойын ойнату арқылы, ертегідегі кейіпкерлердің атынан әр түрлі тапсырмалар беріп, орындату; тапсырмалар арқылы тез ойнау, дұрыс сөйлей білу қабілеттерін дамыту; Адамгершілікке, көмектесе білуге, сүйіспеншілікке, еліне, жеріне деген махаббаты бойларына қалыптастыра отырып, тәрбиелеу.

Білімділік мақсаты:

Оқушылардың ой-өрстерін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

Жаңа технологияларға сүйніп, оқушылардың жаңа сабақтан және өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау. Сауаттылыққа, ұстамдылыққа, әдептілікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ертегі, баяндау, сұрақ-жауап,құрастыру, сәйкестендіру.

Сабақтың көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің, әр-түрлі жеміс-жидек, көкөнс, аңдар, құстардың суреттері.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, сурет салу,

Сабақтың барысы:

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу.

Мынау менің жүрегім,

Елімді мен сүйемін.

Жақсылыққа жақын боп,

Әрдайым күліп жүремін.

Үй тапсырмасы: Мақта қыз бен мысық.

Мақта қыз бен мысық ертегісін сахналау.

Ойын: «Кім тапқыр?» Жұмбақ шешу.



  1. Өзі үлкен жануар
    Үстінде екі тауы бар. /Түйе/

  2. Екі айнасы бар, екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар

Бір шыбыртқысы бар /Сиыр/



  1. Иегінде сақалы бар //Ешкі

  2. Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тны бар /Қой/

  1. Төрт аяғы бар

Сегіз тұяғы бар.
«Ертегілер еліне саяхат»

Ертегі – ауыз әдебиетінің өте ерте заманнан келе жатқан құнды қазынасы. Ертегілерде ел басынан өткен өмірдің ізі бар. Онда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, мұң-шері, арман – мұраты көрініс береді. Ертегілер үш түрге бөлінеді.



  1. Қиял-ғажайып ертегілер

  2. Хайуанаттар жайлы ертегілер

  3. Салт /шыншыл/ ертегілер.

Жаңа сабақ: Жетілақ ертегісі

Кіріспе. Мәнерлеп оқып беру. Жаңа сбақты түсіндіру. Үй жануарлары туралы түсіндіру.

Ерте, ерте, ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен

Қырғауылы қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен.

Ерте заманда бір ешкі болыпты. Ешкінің жеті лакғы бар екен. Олар ормандағы үйшікте өмір сүріпті. Ешкі орманға кеткенде, лақтары үйде қалады. Ешкі лақтарына:

-Үйде отырыңдар, лақтарым. Есікті ешкімге ашпаңдар. Әйтпесе қасқыркеліп, бәріңді жеп қояды – дейді. Ешкі үйге келгенде, есікті мүйізімен қағып, былай деп әндетеді.

-Лақтарым, шырақтарым,

Есікті аш шұнақтарым!

Анаң өрістен келді

Көк шөп, көп сүт әкелді,

Есікті аш қарақтарым»

-Лақтары есікті ашады. Бір күні қасқыр естіп тұрады да есікті қағып, дөрекі дауыспен әндетеді.

-Лақтар, шырақтар

Есікті ашыңдар

Анаң келді

Сүт әкелді.

-Ал, лақтар – Жоқ, біз ашпаймыз. Сен анамыз емессің, қасқырсың. Анам жақсы айтады әнді, сенің дауысың жаман, - деп ашпайды. Ешкі келгенде, лақтары қасқыр келгенін, есік ашпағанын айтады.

-Сендер жақсы баласыңдар, анаңды тыңдайсыңдар – анасы мақтайды. Келесі күні қасқыржіңішке дауыспен әндеткенде, анамыз екен деп лақтар есікті ашып қояды.Қасқыр алты лақты жқтып қояды. Кішкене лақ пештің ішіне тығылып қалады. Ешкі келсе, есік ашық тұр. Ешкі:

-Лақтарым шырақтарым,

Қайда кеттің шынақтарым!

Анаң өрістен келді,

Көк шөп, көп сүт әкелді,

Қайдасыңдар, қарақтарым деп жылайды.

Кәшкентай лақ мә-мә-мә деп пештен шығып,әпкелері мен ағаларын қасқыр жұтып қойғанын айтады.

Ешкі қасқырдықуып жетіп, мүйізімен ішін жарып жібереді, лақтары аман-сау шыға келеді. Содан кейінтерезеден қарап, анасын көрмей есік ашпайтын болыпты.



Ойын: «Сен білесіңбе?»

  1. Мынау қай ертегінің кейіпкерлері?

Бағалау: балалардың еңбегін бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0a9e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a9e -> Сабақтың тақырыбы: Ішкі энергия. Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері. Жылу мөлшері. Мақсаты: Білімділік
0a9e -> Сабақтың тақырыбы: Дене тәрбиесі. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі Сабақтың мақсаты
0a9e -> Тоқсанды қайталауға арналған тест тапсырмалары. Жаратылыстану. 5 – сынып і-тоқсан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет