«Бисер» үйірмесінің күнтізбелік тақырыптық жұмыс жоспары. Кіріспе. Халық қолөнері өзінің қайталанбас көркемділігі мен дәстүрлі әдісі мен дараланып тұрады.
Қолөнердің алатын орны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнеріде дамып отырған.
Қазақтың өрнекті әшекейі мен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Соның бірі бисермен әшекейлеу.
Бисер өнері ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық шығармашылығының бір түрі.
«Бисер» үйірмесінің мақсаты мен міндеттері. -Оқушыларға халқымыздың қолөнері туралы мәлімет беру;
-Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, өнерді эстетикалық талғаммен қабылдауға үйрету;
-Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке тәрбиелеу;
-Қыз балалардың ептілікке, шыдамдалыққа баулу, өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту;
-Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеп, еңбек сүйгіштікке баулып, іске деген қызығушылық сезімін ояту.