Біз - біргеміз, берік іргеміз
(Мұғалімдермен тренинг)
Сабақтың мақсаты: ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін - бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және күз мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.
1 - жаттығу Қатысушылар шеңбер құрып отырады
Нұсқаулық: Барлығымыз орынымыздан тұрып бір бірімізбен қол беру арқылы, құшақтасып, оң иықпен, сол иықпен, оң аяқпен, сол аяқпен, оң тіземен, сол тіземен, балалық еркелікті еске алып мұрын ұшымен сәлемдесеміз.
2 - жаттығу Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
«Кім жылдам» жаттығуы»
Нұсқау:
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта отырып, допты бір - біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа» деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде балықтардың, «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы тиіс.
3 - жаттығу Қатысушыларды екі қатар сапқа тұрғызу керек.
Нұсқаулық. Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз, мүмкіндігінше әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек.
Бірінші тапсырма бой өлшемі бойынша сапқа тұру керек.
Екінші тапсырма Саптың басында 1 - қаңтар, соңында желтоқсан
Туған күндері бойынша орналасу.
Үшінші тапсырма: Саптың басына көзі қою қара адам тұруы керек, ал саптың соңында шашы ең ашық түсті адам тұруы керек.
Қарсы топ мүшелеріне тексерту керек.
4 - жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Жүргізушінің қолында доп болады.
Нұсқаулық: Қазір бір бірімізге допты беру арқылы допты қағып алған адам: Сен өмірде қандайсың? Деп сұрақ қояды қағып алған адам өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Әркім өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шығуы керек.
5 - жаттығу. «Тиімді қарым - қатынас орнату» бағытында бейне жаттығу.
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым - қатынас құралдарының көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері керек.
Жаттығуларды талқылау: Жаттығу қорытындысы мен рефлексия жасауда мынадай сұрақтарды қарастыру тиімді.
Жаттығудың қай кезеңдері қиындық тудырды?
Неліктен?
Қатысушылар қазір өздерін қалай сезініп отыр?
Ойынды жылдам ойнау қиын болды ма?
Жаттығудың қай кездерінде қандай сезімдер пайда болды?
Қатысушыларға әрбір жағдайға байланысты ұсынылған жағдайға байланысты рөлдерге таңырқаған кездер болды ма?
Қорытынды: Ұстаздарға жаттығу аяқталғаннан кейін рахмет айтып, алған әсерлерімен бөлісу керек.
Шеңбер құрып қол ұстасып отырып, бір – біріне қарап жақсы тілектер тілейді.
Өзіміздің жақсы ниетімізді басқаға білдіргенде, оның сөзсіз өзімізге қайтып оралатынын түсінуіміз керек.
Өзіңді жақсы көре біл» атты ұстаздарға арналған
үш күндік тренингтің жоспары
Мақсаты: Ұстаздардың бойындағы жағымды қасиеттерді тануға, жағымсыз қасиеттерді жоюға көмек беру.Адам бойындағы қысымды түсіру және масасыздық сезімдерін жою.
Тренингтің мазмұны:
Мен, бүгін сіздермен кездесіп тұрғаныма өте қуаныштымын. Біз бүгін сіздермен демаламыз, ойнаймыз және өз-өзімізді, басқаларды танимыз. Бәрінен де бастысы осы сәтте бір-бірімізге сәттілік, шаттық, қуаныш тілеу. Қазір кім қалай осы қуанышты көрсеткісі келеді, солай көрсетеді. (амандасу)
Қорытынды: Сіздерге кімнің сәлемі ұнады? Өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?
1.Ойын. «Орынды ауыстыру»
Қазір менің айтуым бойынша тұра қаласыздар.
1.Осы жазда кім көлдің жағасына демалуға барды?
2.Кім ағашқа саңырауқұлақ жинауға барды?
3.Кім бау-бақша өсірді?
Топта жұмыс жасау ережелері:
Сіздерден өтінетінім жұмыс барысында шынайы болуларыңыз керек. Сіздердің көңілдеріңіз, сезімдеріңіз қаншалықты шынайы болса біздің жұмысымыз соншалықты нәтижелі болады. Топ ішінде өтірік айтуға болмайды, егер де шын талдауға дайын болмасаңыздар, онда еш нәрсе айтпайсыздар. Бірінші күннен соңына дейін қатысу керек. Өткені топтан бір адам болмаса топ ішінде қарым-қатынастың бұзылуына әсер етеді. Топ ішінде, яғни осы жерде айтылғандарды топ сыртына шығармаймыз. Не атсақ та осы топ ішінде қалу керек. Ол біздің жұмысымыздың этикалық негізінің бірі. Бір мұғалімнің мәселесін тренингке қатыспаған адамға айтып талдамаймыз. Оның барлығын тренинг барысында орындаймыз. Өз мәселесін тоқтатуға әр қайсыларыңыздың құқықтарыңыз бар. Тренингке қатысушы әр адам тек өз атынан ғана сөйлейді. Мысалы: «барлығы солай ойлайды деген болмайды. Оның орнына «мен солай ойлаймын», «мен сезінемін», «маған солай көрінеді» т.б. Бір-бірімізді сынамаймыз, өйткені осы өмірде бізді жеткілікті сынайды, бағалайды. Топ ішінде бір-бірімізді түсінуге тырысамыз.
2.Әңгіме
Қазір мен сіздерге бір жас адам туралы әңгіме оқып беремін.
Ертеде бір жас адам өмір сүріпті. Оған жаңа заманауи өмір ұнамаған екен. Ол осы өмірді өзгерту үшін қолынан келгенді жасайды. Бірақ әлем өзгермейді. Ол адам алтын медальмен мектепті және халықаралық қатынас институтын бітіреді. Дипломат болады, өзінің күшіне сеніп әлемді өзгерткісі келеді. Он бес жылдан кейін байқайды-әлем әлі өзгермеген. Содан ол өзінің туған қаласына келіп өзінің армандарын іске асырады. Көптеген адамдарға үй салып береді, барлығының материалдық жағдайын жақсартуа күшін аямайды. Он жыл уақыт өтеді. Өкінішке орай әлем әлі өзгермеген. Қаладағы өмір сол қалпында, адамдар да сол қалпында. Содан кейін ол адам өзінің отбасы мүшелерінен бастағысы келеді. Бірақ бес жыл өтсе де барлығы өзгеріссіз. Сонда ол өзі өзгеріп, өзінің көзқарастарын өзгертеді. Адамдарға деген көз қарасын өзгертті. Сонда ол әлемнің, қоршаған ортаның өзгергенін таңырқап байқаған екен.
Дискуссия: «Өзіңді өзгертіп алға ұмтылып, өсу керек пе?»
3.Ақпараттандыру. «Өзіңді таны»
Барлығымен жақсы қарым-қатынас жасау үшін, бірінші өз-өзімізбен жақсы қарым-қатынас болу керек. Біздің өзімізде болатын психосоматикалық аурулар (басым ауырып тұр, жүрегім,ішім неге екенін білмеймін) ал сосын соматикалық. Бірақ есте сақтау керек өзіміз туралы көп ойласақ, «Мен кіммін» деген сұраққа жауап беру қиын.Кейбірде өзімізді данышпан деп санаймыз, ал екінші күні өзімізді құбыжық ретінде көретін кездеріміз де болады. Сондықтан да өзімізді танып, қабылдап, өзімізді сүйе білсек адам шынында да өз-өзінің басшысы болады.
4.«Біздің өмірімізден», «Мен кіммін?!» жаттығулары.
Параққа «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап жазыңыздар. Жауап шын болу керек. Соңында өзіндік презентация болады.
Қорытынды: Жауап 8-ге дейін болса, сіз әрдайым тығылып жүресіз, ашылмайсыз.
10 және одан жоғары болса, жоғары деңгей, өзіңіз туралы ойлайсыз және ұялмайсыз.
20-дан артық болса, өз-өзіңізді алдадыңыз.
Енді жазғандарымызды оқиық. Барлығы былай басталуы мүмкін: Мен мұғаліммін, мен анамын. Бұлар жалпы рөлдік биографиялық мінездемелер. Бұл барлығы әлеуметтік рөлдер. Жеке тұлғалығымыз қайда? Біз күнде мұғалімнің маскасын киеміз, ал негізінде біз барлығымыз өзімізді жақсы көретін тұлғамыз, өзімізге деген сүйіспеншілікпен сіздерді барлық әлем жақсы көреді. Сондықтан да әр адам жеке тұлға және барлықтарыңыздың бір қасиеттеріңіз бар және сол үшін өздеріңізді жақсы көресіздер.
5.Жаттығуды қайталау. «12-Мен»
Көздеріңізді жұмып, еш нәрсе ойламай тағы өздеріңізге «мен кіммін» деген сұрақты қойып, жауап жазыңыздар. Оймен бөлісу, енді қандай жауаптар берілді? (талдау).
6.«Мен қандаймын» жаттығуы.
«Мен кіммін» деп жазған қасиеттеріңізді бөліңіздер. Мен-физический
Мен-интеллектуалды
Мен-эмоционалды
Мен-әлеуметтік
Егер де бөлінген қасиеттеріңіз біреуінен 1-2 балға артық болса, онда сіз адеквантты адамсыз және өзіңізді барлық қырынан қарайсыз.
Егер тұлғалық қасиеттеріңіздің біреуі көп, келесісі аз болса, сіздің қоршаған ортаға пайдаңыз тимейді және басқалармен қарым-қатынас жасауда өзіңіздің зияныңыз тиеді.
7.Ақпараттандыру.
Ұлы физиолог Павлов былай деген екен: Түс көру-біздің тұлғамыздағы ішкі әлем бейнесі. Ал Фрейд айтқан екен-түс көруде әр адамның орындалмаған тілегі көрінеді деп. Біздің түсімізге кірген барлық нәрселер біздің тұлғалық бейнеміз.
Қазір мен сіздерге күрделі жаттығу ұсынғым келіп отыр.
8.Релаксация.
Жұмысты бастамас бұрын тыныш әуенді музыкамен релаксация өткізейік.
«Терең демалыңыздар демдеріңізді шығарасыздар. Сезініңіздер қаншалықты денелеріңіз босансып қалды. Осы қалыпта сіздер күш жинаңыздар. Осы күйде болып, рахаттаныңыздар. Терең демаламыз, жайлап демімізді жұтамыз үшіншіде көзімізді ашып, демімізді шығарамыз».
9.«Түс көру әлеміне саяхат» жаттығуы.
1. Сіздерге таныс емес кең, жазықты далада келе жатырсыздар. Не көріп тұрсыздар? Нені сездіңіздер?
2. Алдарыңызда биік тау, тауға көтеріліңіздер. Қалай көтерілесіздер? Өздеріңіз бе немесе біреу көмектесе ме? Көтерілу қиын ба, оңай ма? Қай жердесіздер: тау бөктерінде, ортасында, таудың басында.
3. Таудан сарқырама ағып жатыр. Ол қандай?
4. Әрі қарай бара жатырсыздар, үй көріп тұрсыдар. Үйді мұқият қараңыздар: шатыры қандай, қабырғасы, терезесі, есігі қандай.
Үйге кірдіңіздер, ішіне қараңыздар. Үй сіздерге ұнады ма? Дем аласыздар.
5. Сіздер көпірдің үстінде тұрсыздар. Менің шапалағымнан кейін-ойыңызға кез-келген есімді айтасыздар. Кездесуді суреттеңіздер.
6. Қазір сіздер үңгірдің жанында тұрсыздар. Үңгірдің жанында ағаш тұр. Бұл қандай ағаш, жапырағын, тамырын қараңыздар. Осы кезде үңгірден белгісіз жануар шықты. Енді сол ағаштың артына тығыласыздар. Ол қандай жануар, бақылайсыздар. Сіздер не сезіп тұрсыздар?
7. Енді сіздер вулканның жанында тұрсыздар. Қазір вулкан атқылайды, өздеріңізді қалай сезіп тұрсыздар.
8. Африкалық саваннадасыздар. Әрқайсыларыңыз арыстансыздар. Саваннаның ішінде келе жатырсыздар, сіздер осы шекараның қожайынысыздар. Алдарыңызда 1 немесе бір топ адам келе жатыр, олар сіздерге ұнамсыз адамдар. Сіздер олармен не істесеңіздер де өз еркілеріңізде, сіз білесіз, өйткені бұл жер сіздікі. Ойша суреттеңіздер не істейсіздер?
9. Сіздер жолмен келе жатырсыздар. Күн батып бара жатыр. Қалаға дейін әлі алыс. Бір кезде машинаның тоқтағаны естілді. Машинадан жүргізуші шығып сізді жеткізіп салайын деді. Жүргізуші қандай? Машина қандай? Сіздер ол жүргізушіге байланысты не сездіңіздер?
10. Міне енді өз үйлеріңіздесіздер. Сіздер анық білесіздер, үйде жер асты подвалы бар. Сол подвалда ескі кітап бар, сіздерге сол кітапты алу керек. Сіздер кітапты алдыңыздар. Мен шапалақтаған кезде кітапты ашасыздар. Бірінші бетінде сіздерге бүгінгі күні нені білу керек сол жазылып тұр.
Рефлексия: Сіздер кітаптың бірінші бетінен не оқыдыңыздар?
Қорытынды:
-Бүгін не білдіңіздер?
-Сіздердің сезімдеріңіз, түйсінулеріңіз қандай болды?
10.Жіппен тілек.
2-күн
Мақсаты: Өзіңдң тану, өзіңді қоршаған ортаның көзімен көру. Суреттерге интерпретация жүргізу.
1.Сәлемдесу.
Тапсырма: Өз сәлеміңізді келесі адамға білдіресіз, ал сіз ол адамның сәлемін қабылдап, сол сәлемдемеге өз сәлеміңізді қосып көршіңізге айтасыз.
2.Презентация.
Өз есіміңізді айтып, өзіңізді табиғат сұлулығына теңеп, суретін салып, келесі мұғалімге бересіз. Мысалы, Мен-Кенжеғали, күн көзіндей жайнап тұрмын.Сәуле сіздің дауысыңыз сылдырап аққан бұлақтай.
3.Жұппен жұмыс
Қолмен ұрсысасыздар
Ерінмен, баспен, көзбен, енді керісінше қолмен мақтайсыздар
Ерінмен, баспен, көзбен.
4. «Айна» жаттығуы.
Әр жұп бір-біріңізге 1 минут қарап отырыңыздар
«Мен көріп тұрмын....» Көршіңізден не көріп тұрғанын айтасыз. Әр сөйлемді «мен көріп тұрмын» деп бастау керек.1 минут.
1минут. «Менің ойымша сіз 5-6 жаста.....», осы сөйлемді аяқтау керек.
Сұрақ: Сіз туралы айтқанда оның ойы шын келді ме?
Жұптар орнымен ауысады.
Рефлексия: Сіздер туралы айтқанда, сіздер қандай сезімде болдыңыздар?
Ал, біреу туралы айтқанда қандай сезімде болдыңыздыр?
5. «Сиқырлы дүкен» жаттығуы.
Сіз үшін қажетті, осы өмірде бағалайтын 5 нәрсені жазасыздар. Енді мен сіздерге «Сиқырлы дүкенге» барып дүкеншіден, яғни менен не қажет болса барлығын: денсаулық, бақыт, махаббат, табыс, машина, карьера, бірақ ақысына сіздердің жаңағы жазған сіздер қатты бағалайтын 5 нәрсенің немесе 5 қасиеттің біреуін талап етемін. Өздеріңізде ерекше бағалайтын нелер қалды, немесе қандай қасиеттер қалды. Және осы бағалайын 4 нәрсе немесе қасиет сіздерді өмір бойы жетістікке жеткізіп, қолдап жүреді.
6. «Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуы
Мен сүйемін....
Мен көмектесемін....
Мен дарындымын.....
Мен жақсы орындаймын.....
Мен ашуланамын егер де.....
Мен көңілсізбін егер де.....
Маған ұнайды.....
Мен өзіме ризамын, өйткені.....
7. «Менің отбасым» тақырыбына сурет салу.
3-күн
Мақсаты: Ұстаздардың өмірдегі құндылықтарын, мақсаттарын түсінуге көмектесу. Ұстаздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
1.Ойын «Қол алысу»
Қол алысқанда айырмашылықтар болды ма? Кімнің қол беріп амандасқаны ерекше болды?
2.Ойын. Шеңбер бойымен допты алып, өзіңің жақсы көретін гүлін айтады, мысалы: Менің жақсы көретін гүлім астра, ал сіздің жақсы көретін гүліңіз қандай деп келесі ойыншыға допты лақтырады.
3. Арттерапия бойынша жұмыс. Гуащпен сурет салу, суретке ат қою.
4. Ертегі терапиясы бойынша жұмыс. Сол сурет бойынша ертегі құрастыру.
5. «Карусель» жаттығуы.
Қатысушылар шеңберге екі қатар болып тұрып, шеңбер бойынша айналып комплимент айтады.
Қорытынды: Не сезіндіңіздер? Комплимен айту ұнады ма?
6. «Менің өмірім» тақырыбына сурет салу. Суретте өткенді, қазіргіні, болашақты бөліп көрсету керек.
Қорытынды:
-Суреттеріңізде өткеннің, қазіргінің, болашақтың арасында байланыс бар ма?
-Суреттеріңіз бойынша кім айтқысы келеді?
-Қазіргі шақтан және болашақтан 2 жаңалық немесе 2 жасайтын, жасалған іс болуы мүмкін жеке өміріңізге немесе кәсіби қызметіңізге байланысты болуы мүмкін.
Және болашақтағы 2 орындайтын істеріңіз қай кезде болады, жоспар құру, сол бойынша ой бөлісу
Өй бөліскенде қолданылатын сөздер «Мен сенемін....», «Мен үшін өте қажетті...»
«Мен осылай жасағым келеді....»
7. Тренингті қорытындылау. Рефлексия Рыленковтың методы бойынша.
Дәптердің бетіне қолдарыңызды қойып суретін саласыздар. Өздеріңізге ұнаған бес саусақтың біреуін таңдайсыздар.
Әр саусақ сіздің айтылған пікірлеріңізбен көңіл-күйлеріңізді анықтайды.
Бас бармақ-мен үшін маңызды және қызықты.
Балан үйрек-мен нақты өзіме ұсыныс алдым.
Ортан терек-маған қиын болда, ұнаған жоқ.
Шылдыр шүмек-менің бағам психологиялық жағдайға берілген берілген баға.
Кішкене бөбек-мен үшін жеткіліксіз болды.
8. Музыка терапиясы бойынша жұмыс.
Әр қатысушы өз есімі кездесетін әнді айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |