Біз көрмеген, тек естіген қиын-қыстау заманда,
Ата-баба көрген талай қиындықты қоғамда.
Аштық, соғыс жалмап талай адамды,
Көрмей өсті жетім қалған бала, ата-ана бауырды.
Сол кездегі оқиғалар жүректерді тербеген.
Елін, жерін қорғау үшін біраз маңдай терлеген.
Ер азамат ел-жұрты үшін өз жанын да аямай,
Ұрпағы үшін қиындықты, қиындықтай көрмеген.
Осы тұста айта кетсем өз атамның ерлігін,
Қасқая кеп қарсы тұрған жауына.
Қалағанғой олар тек өз елінің бірлігін,
Тұрса дағы қанша боран, дауыл да.
Ұлы Отан соғысының батыры!
Үржігітов Әбен деген атамыз бар даңқтылы.
Қаншама адам тілге тиек ететін,
Ерлігіңіз бар ұрпақтардың жүрегіне жететін.
Қанқұйлы әрі қорқынышты болған майдан деседі.
Сол майданда болған атам, қандай қайсар кешегі!
Офицерлік шеніңменен командирлер бірі боп,
Мың тоғыз жүз қырық төрттің күзінде,
Госпитальға түсіпсізғой жарақатыңыз себеп боп.
Жарақат та бола алмапты сіз үшін еш кедергі.
Жеңіс үшін аямапсыз қолдан келген бар істі.
Мың тоғыз жүз қырық бесте елге аман оралып,
Жеңіс туын әкелдіңіздер желбіретіп, қолға алып!
Ескеріліп ерен ерлік үлгіңіз,
Беріліпті сізге майор атағы.
Қызыл жұлдыз! Соғыс батыры деген қанша медальдар,
Әлі күнге батырлығыңыз айғақтары бола алар.
100 жыл толды туылғанына осы алып тұлғаның!
Еске алады өзіңізді артта қалған ұрпағың.
Сіз бақилық болғанмен, ерлігіңіз мәңгі есте!
Жақсы жанның аты өлмейді деген осы емеспе?
Әжеміздің сіз дегенде жүрегі әлі езілер,
Сіз жайлы айтып отырғанда махаббаты сезілер!
Тәрбиелеген ұл-қыздарыңыз бүгінде,
Жалғап отыр жолдарыңызды тәуелсіз ел төрінде!
Бүгінгі күн тамырыңыз таралған
Сол тамырлар бастауынан нәр алған
Әр аймақта әр түкпірінде еліңнің,
Ұрпағың бар, сірә болмас сізде арман
Сіз мекендеп, тұрған ауыл, үйіңіз
Сыр шертеді өткен күннен біліңіз
Келіп кеткен әрбір адам қонақ боп
Сіз жайлы айтар, сыйлы адамның бірісіз!
Біз ұрпағы қайсар рухты батырдың,
Біздер үшін талай таңды соғыспенен атырдың.
Қарыздармыз біз сіздерге мәңгілік
Жадымызда тұрар мәңгі ерліктеріңіз жаңғырып...!
Достарыңызбен бөлісу: |