- Менің әжем, ақ әжем,
- Ұл мен қыздың бағы әжем.
- Ертегі айтып бер десең,
- Айтып берер тағы әжем.
- Менің әжем, гүл әжем,
- Алтын әжем, күн әжем.
- Адам үшін, мен үшін
- Нағыз ана тілі – әжем
- Менің атам
- Менің атам ауылда тұрады. Атамның жасы 74-те. Атам ақылды, мейірімді адам. Оны ауылда бәрі құрметтейді. Атамның мамандығы – мұғалім. Қазір ол зейнеткер. Менің атам аң аулағанды ұнатады. Жазда атам екеуміз жиі аң аулаймыз. Бақта жұмыс істейміз. Кешке жақын бәріміз жиналып, атамның әңгімесін тыңдаймыз. Жексенбіде атамның шәкірттері келіп, қол ұштарын беріп тұрады. Мен атамды жақсы көремін.
- 2-тапсырма. Бос орынға жауап жазып, сұхбат құрастырыңдар.
- -Мәтінде не туралы айтылған?
- ----------------------------------------
- - Сенің атаң қандай адам?
- ----------------------------------------
- -Атаңның жасы нешеде? ----------------------------------------
- -Атаң немен шұғылданады?
- -----------------------------------------
- -Таңертең тұрғанда үлкен кісілерге қандай сөз айтасың?
- ------------------------------------------
- Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.
- 2-тапсырма.
- Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңдар. Дауыссыз дыбыстардың астын сызындар.
- Әжем үйде отыр. Ол кілемнің үстінде отыр. Кілемнің үстінде жастық жатыр. Әжем алдына Ермекті алып отыр. Ермек кішкентай бөбек.
- 3-тапсырма.
- Жаңа сөздерді пайдалана отырып, «Менің әжем» тақырыбына әңгіме құрастыр.
- Менің әжем
- ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
- 8- тапсырма.
-
- Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.
- Мынау біздің (двор). Аулада (деревья, цветы) өсіп тұр. (Большой) ағаштың қасында орындықты әжем отыр. (Мы) орындықта отырып демаламыз.
- 9-тапсырма.
- Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңдар.
- Мен, сыныпта, бесінші, оқимын.
- Менің, үлкен, отбасым.
- Ағам, оқиды, институтта.
- Атам, зейнеткер, мен, әжем.
Достарыңызбен бөлісу: |