Біздің Ұранымыз әлем сізді күтуде … мектеп миссиясы



бет1/6
Дата08.06.2018
өлшемі4,56 Mb.
#41524
  1   2   3   4   5   6






Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

БІЗДІҢ ҰРАНЫМЫЗ

Әлем сізді күтуде …



МЕКТЕП МИССИЯСЫ

Халықаралық тәжірибелерді, қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы және жалпыға бірдей мүмкіндіктерді ескере отырып, ұлттық білім беру жүйесінің ең үздік дәстүрлеріне негізделген қолайлы үштілді білім беру ортасын құруға ықпал ету.



МЕКТЕП ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

  • Үздіксіз оқу

  • Денсаулық

  • Құрметтеу

  • Жауапкершілік

  • Толеранттылық

  • Адалдық

  • Үштілділік

  • Серіктестік

ОҚУШЫ МОДЕЛІ

  • Біз – МЫҚТЫМЫЗ, салауатты өмір салтын ұстанамыз.

  • Біз – ПАТРИОТПЫЗ, Отанға және оның тарихына сүйіспеншілік танытамыз, біздің елімізде тұратын халықтардың дәстүрлерін қолдаймыз.

  • Біз – ҚАЙЫРЫМДЫМЫЗ, өзгеге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеміз.

  • Біз – ТОЛЕРАНТТЫМЫЗ, өзгенің қиындықтарын бөлісеміз, оларға көңіл бөлеміз, әртүрлі әлеуметтік көзқарастарға шыдамдылық білдіреміз.

  • Біз – ДЕРБЕСПІЗ, ерекше идея туғызып, өз шешімдеріміз бен әрекеттерімізге жауапкершілік танытамыз.

  • Біз – МАҚСАТШЫЛМЫЗ, мақсаттар мен міндеттерді айқындап, жетістіктерге ұмтыламыз.

  • Біз – ТІЛ ТАБЫСҚЫШПЫЗ, басқа адамдармен сындарлы қарым-қатынасты қолдаймыз.

  • Біз – ЗЕРДЕЛІМІЗ, жаңа білімді меңгереміз.

  • Біз – TӨЗІМДІМІЗ, күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге төтеп береміз.

  • Біз – КРЕАТИВТІМІЗ, шығармашылық таныта отырып, ерекше шешімдерді қабылдаймыз.

Жаһандық азамат - ол өзінің әлемнің бір бөлігі болып табылатынын және басқа адамдардың құқықтарын, әртүрлілігін құрметтеуге және өзгелерді кемсітпеуге негізделген жауапкершілігі бар екенін түсінетін адам. Жаһандық азамат әлемді жақсарту бағытындағы шараларға өз білімімен бөлісу және оң өзгерістер енгізу арқылы қатысады. Жаһандық азаматтар әлемдік қоғамдастық алдында жауапты және жақсы қоғам жасау үшін өздерін жетілдіреді.

Интернационализм – адам құқықтарын және түрлі мәдениетті құрметтеу негізінде өмір сүруге, жаһандық қоғамға өз үлесін қосуға мектеп қауымдастығын насихаттайтын түсінік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет