Бизнес ортаны жақсарту



Дата10.05.2020
өлшемі16,6 Kb.
#66883
Байланысты:
Экономка


Бизнес ортаны жақсарту

      Стратегиялық жоспар – 2020-ны іске асырудың алғашқы жылдары мемлекет отандық кәсіпкерлер, сол сияқты халықаралық инвесторлар үшін де бизнес жүргізудің құнын азайтуға бағытталған белсенді шараларға бастама жасайды. Әкімшілік рәсімдердің оңтайлы шеңберін белгілеп және оларды жүзеге асырудың ашықтығын арттыра отырып, мемлекет төрешілдік пен сыбайлас жемқорлықтың Қазақстандағы іскерлік ахуалдың маңызды аспектілеріне ықпал етуін төмендетуге ұмтылатын болады.

Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай;


  1. Экономиканың шикізаттық емес секторларына салынатын отандық және шетелдік инвестициялар (өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, қызметтер көрсету) кемінде 30%-ға ұлғаяды;

  2. ІЖӨ-ге тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) үлесі он пайыздық тармаққа ұлғаяды;

  3. ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі 7-10 пайыздық тармаққа ұлғаяды;

  4. инвестиция көздері әртараптандырылады (әр елдің үлесі 5% және одан көп болатын негізгі 10 инвестор ел);

  5. Қазақстан Дүниежүзілік банктің "Бизнес жүргізудің жеңілдігі" ("Doing Business") рейтингі бойынша ең үздік көрсеткіштермен 50 елдің қатарына енеді;

  6. Қазақстан "Transparency International" рейтингінде сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі бойынша елдердің үштен бірінің ішінде алдыңғы қатардағы орынды иеленеді.

2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске қосудың арқасында «Даму» Қоры арқылы кәсіпкерлікке қолдау көрсету құралдарының спектрі елеулі кеңи түсті. Соның ішінде, шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру  басталды, сондай-ақ шағын және орта бизнеске кеңес беріп қолдау және оқыту бағдарламаларын ауқымды іске асыру бастау алды.

«Бизнестің жол картасы 2020»



Бүгінгі таңда мемлекетте шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Осындай тиімді бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы 2020» болып табылады. Егер Сіздің бизнесіңіз Бағдарламаға қатысушыларға арналған экономиканың басымды салаларының тізіміне енсе, Сіз екінші деңгейлі банктерде несие рәсімдеу кезінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиеге кепіл беру сияқты мемлекеттік қолдау шарасын пайдалана аласыз. Сыртқы желілерге (кәріз, сумен жабдықтау және т.б.) сыртқы желілеріне мемлекеттік сараптама болған жағдайда, нысанға жетіспей тұрған инфрақұрылымды тарту бойынша мемлекеттік қолдау ала аласыз. Егер инновациялық жоба ұсынсаңыз мемлекеттік гранттар бөлу жобасына қатысуыңызға болады. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, Даму-көмек бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет