- Тақырыбы: Бүйрек физиологиясы.
- Несеп түзілу механизмі
- Дәрістің жоспары:
- 1. Бүйректің қызметтері.
- 2. Нефронның құрылысы.
- 3. Несептің түзілу механизмі.
Органы выделения - І. Экскреторлық. Зат алмасу өнімдерінің сыртқа шығарылуы (несеп арқылы).
- ІІ. Инкреторлық. Биологиялық белсенді заттардың түзілуі (ренин, медуллин, простагландин, брадикинин).
- ІІІ. Экскреторлық емес:
- АҚ реттелуі (ренин-ангиотензин жүйесі)
- эритропоэзге қатысу
- қанның ұюына қатысу
- зат алмасуына қатысу (белоктар, майлар, көмірсулар)
- Д3 витамнінің белсенуі
- Бұлардың барлығы организмде гомеостазды қамтамасыз етеді.
| | - Мочевина.
- Несеп қышқылы.
- Креатинин.
- Гиппур қышқылы.
- Урохром, уробилин.
| - Na+, K+, Ca2+, Mg2+, NH4+
- Cl-, SO4-, PO42-
| - Нефронның құрылысы мен қанмен қамтамасыз етілуі
- Несеп түзілуінің сүзілу-қайта сіңу-секреторлық теориясы
- Үш үрдістен тұрады:
- Шумақтық сүзілу.
- Түтікшелерде қайта сіңу.
- Түтікшелердегі секреция.
- Шумақтық сүзілу қан плазмасынан Шумлянский-Боумен капсуласына қарай жүзеге асады.
- Нәтижесінде белоксыз плазма ультрафильтраты – біріншілік немесе провизорлық несеп түзіледі (тәулігіне 150-180 л).
- Сүзілуге тосқауыл 3 қабаттан тұрады:
- Капиллярлар эндотелиі.
- Базалдық мембрана.
- Капсуланың ішкі қабатының эпителиі (подоциттер).
- С.қ = К.қ – (О.қ + Б.қ)
- С.қ – сүзілу қысымы (20 мм.с.б.)
- Қ..қ – шумақ капиллярларындағы қан қысымы (70 мм. с.б.)
- О.қ – қан плазмасының онкотикалық қысымы (30 мм. с.б.)
- Б.қ – капсула қуысындағы сұйықтық қысымы (20 мм. с.б.)
- Түтікшелердегі қайта сіңу (реабсорбция)– заттардың түтікше саңылауынан қанға қайта сіңуі.
- Қайта сіңу механизмі
- Активті тасымалдану а) біріншілік-активті (Na иондары) б) екіншілік-активті (глюкоза, амин қышқылдары)
- Пассивті тасымалдану (H2O, Cl иондары, мочевина)
- Түтікшелердің проксималдық бөлімде міндетті түрде қайта сіңетін заттар:
- Глюкоза - Амин қышқылдары - Су
- Витаминдер - 4/5 NaCl, тұздар
- Табалдырығы бар және табалдырығы жоқ заттарды ажыратады. Табалдырық заттар - толық реабсорбцияға түсе алмайтын заттар. Олардың реабсорбциясы қандағы концентрациясына байланысты.
- Глюкоза – табалдырығы бар зат. Егер глюкозаның қандағы мөлшері 10 ммоль/л-ден артық болса ол толық қайта сіңбейді (реабсорбцияланбайды). Сондықтан несептің құрамында болуы мүмкін.
- Глюкозаның несепте пайда болуы глюкозурия деп аталады.
- Креатинин, инулин – табалдырығы жоқ заттар (қайта сіңбейді).
- Бүйрек түтікшелерінде судың 98-99%-ы қайта сіңеді:
- Проксималдық бөлімде судың – 40-45%-ы,
- Генле ілмегінде – 25-28%-ы,
- дисталдық бөлімде - 10 %-ы,
- жинағыш түтіктерде – 10-15 %-ы қайта сіңеді
- Генле ілмегінің төмен түсетін бөлімінде су қайта сіңеді (осмос градиенті бойынша пассивті түрде).
- Генле ілмегінің жоғары өрлейтін бөлімінде негізінен натрий иондары қайта сіңеді (активті тасымалдау, сукцинат дегидрогеназа).
- Дисталдық иірім түтікшелер мен жинағыш түтіктерде судың факультативті (антидиурездік гормонның (АДГ) әсерімен, ал Na альдостеронның әсерімен) қайта сіңуі жүреді .
- Бүйректің айналдыра кері ағызу жүйесі (осмостық қоюланған несептің түзілу механизмі).
- Түтікшелік секреция – заттардың қаннан түтікшелер саңылауына өтуі және заттардың түтікшелер эпителиінде синтезделуі.
- Секрецияланатын заттар:
- Гиппур қышқылы.
- NH3
- K+
- H+
- Бөгде заттар (ПАК, диодраст, пенициллин, холин)
- Бүйрек қызметінің реттелуіІ.
- 1. Жүйкелік
- - Парасимпатикалық (глюкозаның реабсорбциясын күшейтеді)
- Симпатикалық (натрий хлоридінің реабсорбциясын күшейтеді)
- ІІ. Рефлекстік (шатрты және шартсыз рефлекстер)
- ІІ. Гуморалдық
- Гормондар:
- АДГ (антидиурездік гормон) – судың қайта сіңуін күшейтеді.
- Альдостерон –Na+ иондарының қайта сіңуін күшейтеді.
- Натрийуретілік гормон – Na+ иондарының шығарылуын күшейтеді.
- Паратгормон – Са++ иондарының қайта сіңуін күшейтеді.
- Тиреокальцитонин – Са++ иондарының шығарылуын күшейтеді.
- Адреналин – аз мөлшерде сүзілуді төмендетеді, көп мөлшерде – сүзілуді күшейтеді.
- Тироксин –диурезді арттырады.
- Соматотропты гормон –диурезді арттырады.
- Инсулин К+ иондарының шығарылуын азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |