БҮЙРЕК ЖАРАҚАТЫНЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ Несеп-жыныс жолдарының жарақаттарының ішінде бүйрек жарақаты жиі кездеседі. Бүйрек жарақатының негізгі себептерінің бірі жол апаты, құлау, соққы, спорттық жарақаттар, оқтық жарақаттар. Бүйрек жарақатының түрлері:ашық жарақаты,жабық жарақаты.
Бүйректің ашық жарақаттанулары кезінде ондағы морфологиялық өзгерістер бойынша әр алуан болады. Мұның өзі жаралаған заттың сипатынажара арнасының бағытына атқан тұстың қашықтығына байланысты. Сондықтан бүйрек жарақаттануларының толып жатқан формалары кездесуі мүмкін. Пышақтан болған жарақаттар әдетте тілме сызықтық формада болады да, ондай жағдайда бүйрек паренхимасының көп бұзылуымен қабаттаспайды. Ал атылған оқтан, оның үстіне жақыннан атылған оқтан, әсіресе бытырадан болған жаралар бүйректің жеке-жеке бөліктерге ыдырауына не оның езілуіне әкеліп соғады. Егер оқ алыс қашықтықтан атылып, оғы үлкен болмаса, бытырадан жараланған сияқты мұндайда бүйректің жарақаттануы болмашы болады.