Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категориялары



Дата23.12.2023
өлшемі182,74 Kb.
#198795
Байланысты:
stud.kz-53359
6 сынгып, Информационно-коммуникационные технологии (ИКТ ВОУД 2019) 145 150 150 (1), Педогогикалық зерттеу (1)

Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категориялары
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
1. Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
1) Білім;
2) Түсіну;
3) Қолдану;
4) Талдау;
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
6) Бағалау.
2. Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі.
І. Білу.
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. (Слайдпен жұмыс)
Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Шәкірт:
Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);ъ
Нақты фактілерді біледі;
Жұмыстың орындалу ретін біледі,
Негізгі ұғымдарды біледі;
Ережелерді, қағидаларды біледі.
Тапсырмалар түрі:
Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
Мысалдар:
- Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
- Бастауыш деген не?
- Жай бөлшектер қалай жазылады?
- Египеттiң астанасы қай қала?
ІІ. Түсіну.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. (Слайдпен жұмыс)
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Шәкірт:
Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
Тапсырмалар түрі:
Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.
Мысалдар:
- Х пен У арасындағы айырмашылық қандай?
- Батыс және Шығыс Қазақстанның рельефiн салыстырыңыздар.
- Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;
- Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;
- Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.
ІІІ. Қолдану.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. (Слайдпен жұмыс)
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Шәкірт:
- Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
- Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
- Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
Тапсырмалар түрі:
Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.
Мысал:
Оқушыларда метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.
ІV. Талдау.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. (Слайдпен жұмыс)
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Шәкірт:
- Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
- Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,
- Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
- Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
Тапсырмалар түрі:
Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
Мысалдар:
- Теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз.
- Зейнетақы реформасының мәнi қандай?
- “Ер туған жерiне, ит тойған жерiне”деген мақалды қалай түсiнесiз?
- Президенттің желтоқсан айындағы АҚШ-қа жасаған сапарының себебi қандай?
- Жердiң сатылуы туралы мәселенiң қазiргi күнi талқылануы нелiктен?
V.Синтез (жинақтау, жүйелеу).
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. (Слайдпен жұмыс)
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Шәкірт:
- Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
- Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
- Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады.
Тапсырмалар түрі:
Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
Мысалдар:
1.Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.
2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).
3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.
VІ. Бағалау.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. (Слайдпен жұмыс)
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Шәкірт:
- Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
- Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
- Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Мысал:
«Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңызды ма/емес пе, жақтайсыз ба/ қарсысыз ба?» деген пiкiрталас, полемика мен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.
«Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының
аға оқытушысы Р.Қ.Есімханова
Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру

Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың 
сөйлеу дағдыларын жетілдіру 
Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім-дер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» -деп нақты көрсетілген.Бүгін тәуелсіз,демократиялық Қазақстанның білім беру жүйесінің алдында басты проблеманың бірі ретінде : «Ел азаматын қалай тәрбиелеу керек?» деген сұрақ тұрды.Неге? Проблема өзектілігі неде?Шынымен ғасырлар бойы,баяғыдан бұл сұрақ қоғамның алдында тұрмады ма?Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Сын тұрғысынан ойлау бақылау,тәжірибе,толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз,түрткі болуы да мүмкін.1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. [1]Сын тұрғысынан ойлауды,әдетте, білім берудің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарымен байланыстырады.Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады.Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. [2] 
Өзім осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқаратындықтан сабақ үдерісінде балалардың алған білімдерін тиімді қолдануларында, өз ойын ашық айтуда, алған білімдерін жинақтап, бағалау біліктеріне көңілім толмайды.Олар дәлелдер келтіргенде өзінің жеке басының тәжірибесіне сүйенбейді.Көбіне түсініктері оқулық көлемінде ғана болады. Жалпы бұл тек менің сыныбымдағы ғана проблема емес, мектебіміздің тек ҰБТ көрсеткіштеріне ғана сүйенсем, біз қала мектептеріндегі рейтинг бойынша ең соңғы санаттамыз.Балалар алған білімдерін тиімді қолдана алмайды. Сондықтан мектеп үшін де осы тақырып қазіргі таңда маңызды болып отыр. 
Зертеулер көрсеткендей оқушылардың көпшілігі дәріс кезінде барлық ақпараттың 10% - дан аз бөлігін есінде сақтайды, аудио - визуалды қабылдау кезінде 20% - ын сақтайды, ал көрсетілім кезінде 30% - ға дейін,талқылауда 50% - ын сақтайды, тәжірибеде жасауда 75% - ын сақтаса, ал өзгелерді оқытуда 90% ақпаратты есінде сақтап қалады екен.[3]Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады;олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.[4] Зерттеу тақырыбымның нәтижелерін талдау мақсатында мен «Топтық жұмыста Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бола ма?» деген сұраққа жауап іздедім. Егер зерттеу жұмыстары дұрыс жүргізіліп, нәтижелер талданса, қорытындысында оң нәтиже көрсетілуі керек. 
Зерттеу сыныбы ретінде 4 «ә» сыныбын алдым. Өйткені бұл менің бірінші сыныптан сабақ беріп келе жатқан сыныбым.Сыныпта – 24 оқушы бар. Оқушылардың әлеуметтік жағдайлары әр түрлі. Сынып жетекшісі өзім және мектеп психологы кеңескеннен кейін осы сыныпта оқитын 3 оқушыны зерттеуге алдым. Оқушылар туралы мәліметтер № 1 кестеде берілген. 
Сыныптағы оқушылардың бір-біріне қарым-қатынасын зерттеу мақсатында «Социограмма» сауалнамасы алынды. «Социограмма» сауалнамасының қорытындысы мына № 2 кестеде берілген. 
Мен де іс-тәжірибемдегі өзгерісті ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында топтық жұмыс әдістерін енгізуден бастадым.Оқушыларды топқа бөліп оқытуды және қысқа мерзімді жоспарымды Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларға негіздедім. «Туған өлкем - тұғырым» тарауы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағы «Елтаңба мен Ту туралы жыр» тақырыбында өтті. 
Бұл сабақтың негізгі мақсаты: Мәтінді түсініп оқиды,оның мазмұнын ұғынады,Қазақстан рәміздері туралы білімдерін топпен бірлесе отырып талқылайды;Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;Ел рәміздерін,тарихын білуге,қастерлеуге үйренеді;Елге,жерге деген патриоттық сезімі оянады. 
Ойлаудеңгейлері Білу І Мақсаты: Бұған дейінгі оқушылардың мемлекеттік рәміздер жайлы білетінін анықтау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Әр топ бейнелері қайда орын алған? ҚР рәміздері туралы мен не білемін? Бағалау: Смаилик арқылы бағалау ТүсінуІ: Мақсаты: Білетіндерін әңгімелеу.Мәтінді оқу,талқылау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Мәтінді «ЖИГСО» әдісі арқылы оқып, постер құрайды,әр топтан елшілер постерді қорғайды. Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды(бағдаршам) әдісі. ҚолдануІ: Мақсаты: Қисынды ойлауға әкелу. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құрастыру. Бағалау:Жұлдызша беру арқылы ТалдауІ: Мақсаты:Бұған дейінгі білімін зерделеу. Тапсырма:“Ауызша волейбол” ойыныШарты: Жүргізуші мақалды бастап допты екінші балаға лақтырады.Допты алған оқушы мақалды аяқтайды.Өзі мақалды бастап,келесі оқушыға лақтырады.Әр аяқталған мақалға 1 ұпай, егер аяқтай алмаса1 ұпай алынып тасталадыЖинақтауІ: Оқушыларды өз ойын жинақтап айтуға итермелеу. Тапсырма: Мақал-мәтелдерді сатылай кешенді талдау. Жетонмен немесе фишкалармен бағалау. Толық талданған мақалға 5ұпай. Бұл тапсырманы орындау барысында БағалауІ:Мақсаты:Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін бағалай алуын бақылау. 
Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Гүлнұр Оразымбетованың «Туған өлкем» әнін тыңдау.Осы әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? Сен өз еліңнен жырақта жүрсің, сағынышыңды қалай білдіресің? «Туған елге сағыныш» эссе жазу. Бұл тапсырманы оқушылар өз ойын ашық бейнелей алуы арқылы мені таңқалдырды. Бүгінгі сабақты рефлексияда оқушылар «екі жұлдыз,бір тілек» арқылы ойларын ашық айтты.Өзім бағалауда оқушылардың сабақ бойында алған формативті бағаларын есептеп, қорытынды суммативтік баға бердім.Бүгінгі сабақты оқушылар өте үлкен қуанышпен аяқтады.Өздері бір-бірімен даурығып, бүгінгі сабағымыз күшті болды – деп ой бөлісіп жатты.Ертеңгі сабағымыз да осындай бола ма? деп сұрады.Бірақ менің бүгінгі сабағыма өзімнің көңілім толмады.Себебі, оқушылар топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыланбаған.Блум таксономиясы негізінде құрылған тапсырмалар оқушылардың ойлау деңгейлеріне қиындық туғызды.Себебі, мен дәстүрлі сабақтарымда жабық сұрақтарды көп қоямын,оқушыларым автоматты түрде еш қиналмастан оқулықтан қарап жауап беретін.Оқушылардың логикалық ойлау деңгейлері төмендеу болғандықтан оларға эссе жазу қиынға соқты.Олар әлі де қиялға берілуге жаттықпаған. Сондықтан келесі сабақты жоспарлағанда оқушыларымның ойлау деңгейлерін есепке алуым керек. Зерттеу тақырыбымның нәтижелерін талдау мақсатында қойылған «Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бола ма?» деген сұраққа байланысты келесі тұжырымдамаларды айтуға болады: 
Сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді, сұрақ қойып,дәлелдерді талдайды,мағынаны тану үшін әр түрлі стратегияларды қолданады; 
Оқушылар әдебиеттік оқу сабағында өлеңді жаттау,әңгімені мазмұндау, яғни механикалық есте сақтау (бірер уақыттан кейін ұмытылып қалатын) арқылы білімдерін көрсетсе, енді талдау, талқылау, салыстыру, жинақтау, бағалау арқылы сөздік қорлары артып, ойларын ашық, еркін, дәлелді түрде айтуға үйренді; 
Оқушылар сабаққа белсенді араласа бастады. Мысалы: зерттеуге алған С деңгейдегі оқушымның көрсеткіштері жоғарылай бастады; 
Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар берілгенде оқушылар өздерін шығармашылық жағынан көрсете алды. 
Оқушылардың жалпы пәнге деген белсенділіктері мен қызығушылықтары артты. 

Қолданылған әдебиеттер: 


1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» «ДББ, 2012» 
2.С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» 
Қарағанды,2011 
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 73 - бет 
Дереккөз: Ұлттық оқу зертханалары, Бефель, Мэн штаты, АҚШ. 
4.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 48 - бет

Білім беру саласында Бенджамин Блум оқыту таксономиясының
алатын орны
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы жолдауында[1], Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында[2], көрсетілгендей қоғамның эканомикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға дағдылану, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан республикасы жарияланған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделін «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделгенде жүзеге асады.
Қазіргі таңда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру бағдарламасы негізінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгерту.
Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде педагогтардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге педагогтарды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Оқытудың жаңа технологияларының принциптері – оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Демек, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру педагогтың өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.
Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі – Американдық психолог Бенджамин Блум 1956 жылы ұсынған танымдық саладағы оқыту мақсаттарының таксономиясы. Өзге технологиялық карталардың авторлары секілді бізде Блум таксономиясына сүйенудің қажеттігі болып отыр.
Соған орай, А.Қ.Қисымова мен Е.Б.Нұрланов Блум таксономиясын педагогикалық технологияның бір ретінде оның даму көздерін ашып берді[3], сондай-ақ оның даму сатыларына былайша түсінік береді яғни, таксономияның өзі ресейлік дереккөздерден ішнара алынады. Неліктен екенін білмейміз, алайда ресейлік әріптестер Б. Блумның бұл психология - педагогикалық әзірлемесін жұтаң сыптайды.
Көптеген зертеушілер Б.Блумның ағылшын тіліндегі түпнұсқа еңбегіне сілтеме жасағанымен, оның әдістемесін ашып көрсетпейді. Осы қиындық бізді Б.Блумның таксономиясы жайлы ағылшын тіліндегі материалдардан танып білуге итермеледі. Белгілі болғандай, бұл әзірлеме бас кезінде білім беру технологиясына арналып дайындалмағанын көрсетеді. Оның мақсаты оқып үйретудің әмбебап психологиялық заңдылықтары ашу болды.
Психолог Б.Блум бастаған бір топ америкалық психолог - педагогтер 1956 жылы бұл заңдылықтарды ашып, жоғары оқу орындарының практикасында қолдануға ұсынды. Өнер табыс іргелі ғылымға сүйсінгендіктен өзге білім беру деңгейлерінде қолдануға болатындығын көрсетті.
1950-жылдардан бері білім беруде жасалған өзге жүйелер мен иерахиялардың ішінде Б.Блум таксономиясы түсініктілігімен әрі заманауи білім беру парадигмасы жағдайында кеңінен қолдануға жарамдылығымен ерекше болды. Б.Блумның танымдық саладағы оқыту мақсаттарының таксаномиясын сабақ, тақырып шеңберінде когнитивті (танымдық) процесс кезендерінің ретін көруге, әрбір кезеңге шығу белгілерін анықтауға арналған педагогикалық стратегия деуге болады. Стратегия оқу іс-әрекеттерін ауқымды да терең жоспарлауға (жобалауға) көмегін тигізіп, күтілетін нәтиже мен ұстаз міндеттерін айқын тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Танымдық саладағы педагогикалық мақсаттар таксономиясының оқыту қызметінде пайдаланудың мүмкін әрі жөн екенін шын мәнінде түсіну үшін сабақтың технологиялық картасы «Мұғалімге ақпарат» бөлімінің «Күтілетін нәтиже» тармағында беріліп отырған кестені қолданудың мына бір әдістемесін ұсынды. Әдістеме Б.Блумның әдістемелік нұсқауларына (Bloom,B.S. 1956. Taxonomy of Educational Objectives, Handbook I: The Cognitive Domain. New York: David MeKay Co Inc.) сәйкес берілген мәлімет болып саналады.
Б.Блум бойынша танымдық салаға білім әрі ақыл-ой дағыдыларын дамыту процесі жатады. Бұл саланың құрамына ерекше фактілерді, рәсімдер үлгілері мен ұғымдарды еске түсе оларды тану секілді қызметтер кіреді, бұлар ақыл-ой қабілеттері мен дағдыларын дамытады.
Төмендегі кестеде әр алуан мінез-құлықтар алты ірі категорияларды қиындық деңгейлер деп түсінсе болады, өйткені әрбір келесі деңгейге өту үшін оның алдынғысын меңгеріп алуқажет етеді.
Танымдық саласындағы оқыту мақсаттарының таксономиясы

Катеогрия

Мысылы мен түйінді ұғымдары

Білім деректерді не ақпаратты еске түсіру.

Мысылдары: Стратегияны баяндау. Сатып алушыға тауарлардың бағасын жатқа айту. Қауіпсіздік технологиясын білу.
Түйінді ұғымдары:анықтайды, сипаттайды, ұқсатады, біледі, қайсыбір категорияға жатқызады,атап шығады, таниды, жаңғыртады, іріктейді, тұжырымдайды.

Түсінік: Мағананы, мәліметті бір өлшем бірлігінен екіншісіне аударуды, нұсқаулар мен проблемалар түсіндірмесін ұғу. Проблеманы өз сөзімен сипаттау.

Мысылдары: Жазбаша бақылау жұмысының ережелерін қайта қарау. Күрделі тапсырманы орындаудың қадамдарын өз сөзімен жеткізу. Теңдеуді компьютердің электронды кестесіне көшіру.
Түйінді ұғымдары: түсінеді, жақтайды, айырып таниды, жуықтап бағалайды, түсіндіреді, кеңейтеді, жинақтап қорытады, мысал келтіреді қорытынды шығарады, түсіндірмесін береді, парафразалайды, болжайды, қайта қарайды, түйіндейді, аударады.

Қолданыс: Ұғымды жаңа жағдайда пайдалану, я болмаса абстракцияны еш жәрдемсіз қолдану. Сынып бөлмесінде (аудиторияда) үйренгенді жұмыс орында отырып бейтаныс жағдайға байланысты қолдану.

Мысаддары: Анықтаманы пайдалана отырып, қызметкерлердің демалыс уақытын есептеп шығару. Жазбаша тестінің сенімділігін бағалауда стастика заңдарын қолдану.
Түйінді ұғымдары: қоладанады, өзгертеді, есептеп шығарады, құстарды көрсетеді, сырын ашып біледі, қолмен шеңбер жұмыс істейді (манипуляция жасайды), түрлендіреді, әрекет етеді, болжайды, әзірлейді,жасап шығарады,байланысын анықтайды,танытады, шешеді, пайдаланады.

Анализ: Заттық нәрсенің я идеяның құрылымы түсінікті болу үшін оларды бөлшектеп қарастыру. Фактілерді ой-тұжырымдардан айырып тану.

Мысалдары: Жабдықтың қайсыбір бөлшегіндегі ақауын дедукциялық әдістің көмегімен тауып, жөндеу. Дәлдеме қисынынан қате ойды көру. Бөлімшеден (мекемеден) келіп түскен мәліметті жинақтап,оның ішінен орындалып бітуі үшін ізденуді қажет ететін тапсырмаларды іріктеу.
Түйінді ұғымдары: талдайды, бөлшектеп қарастырады, салыстарады, қарсы қойып салыстырады, сызба нұсқа түрінде бейнелейді, бар құрылымды бөлшек-бөлшекке ажыратады (деконструкциялайды), саралайды, ерекшелейді, айырып таниды, ұқсатады, суреттейді, қорытынды шығарады, бейнелеп айтады, байланысын анықтайды, іріктейді, ұсақтап бөледі.

Синтез: Құрылымы я үлгіні алуан түрлі элементтерден жасау. Құрамдас бөлшектерді біріктіріп, жаңа мағананы, я болмаса құрылымды шығаруға баса назар аудару.

Мысалдары: Компания операциялары немесе технологиялық процесі жайлы нұсқаулық жазу. Ерекше бір тапсырманы орындау мақсатында мәшине жобасын (механизм) жасап шығару. Проблема шешу үшін бірнеше дереккөзден алынған оқу материалын кіріктіре пайдалану.Алынған нәтижені жақсарту үшін оны өңдеп түзету.
Түйінді ұғымдары: категорияларға бөледі, қиыстырады, компиляциялайды, тұтастырады, жасайды, ойлап табады, жобалайды, түйсіндіреді, қозғау салады, түрлендіреді, ұйымдастырады, жоспарлайды, қайта топтастырады, қайта қарайды, түйіндейді, сөйлейді, жазады.

Баға: Идеялардың не заттық нәрселердің құндылығы жайлы пікір қалыптастыру.

Мысылдары: Ең тиімді деген шешімді таңдау. Ең білікті деген кандидатты жалдау. Жаңа бюджетті түйсіндіріп негіздеу.
Түйінді ұғымдары: есептейді, салсытырады, шешім қабылдайды, қарсы қойып салыстырады, сынайды, сыни талдау жасайды, жақтайды, сипаттайды, ерекшелейді, бағалайды, түсіндіреді, түсіндірместен береді, негіздейді, байланысын анықтайды, түйіндейді, қолдайды.

Міне, көріп отырғаныңыздай, Блумның классикалық түсіндірмесі «біз білетін Блумнан» әлдеқайда нақтырақ десек болады. Тағы бір назар аударатын жайт, Блум ажыратқан категориялардың мағынасын Блумша түсіну аса қажет етеді. Мәселен, «Блум» категориясын Блум көрсеткендей» деректерді не ақпаратты еске түсіру» деп тар мағанасында ұғыну керек. Содан соң осы категорияның мағанасына сай, сабақ тақырыбына қисыны келетін «түйін ұғымдарды» таңдап алуға мегзейді.
Қорыта келгенде, әрбір мұғалім өзі беретін оқу пәндеріне таксономияны реті пайдалану мүмкіндігіне жеткенде ғана тиімді болмақ.
Әдебиеттер:
1.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы». Алматы: Дәуір, 1997 
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан Астана, Ақорда, 2007
3.Қисымова А.Қ., Нұрланов Е.Б. Біртұтас педагогикалық процесте сабақтың технологиялық картасын құрудың үлгісі. // Әлеуметтік жаңғырту жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру. Халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдар жинағы.(Астана, 6-7 желтоқсан, 2013). Б.341-346

Б. Блум таксономиясы негізінде құрылған технологиялық матрица (тест)

Тақырып: зат есім
Сынып - 6
Б. Блум таксономиясы оқыту мақсаттарының келесі негізгі категорияларын енгізеді:
1. білім
2. түсіну
3. қолдану
4. анализ
5. синтез
6. бағалау
Тест тапсырмалары
І нұсқа
1. Заттың атын білдіріп, кім? Не? Деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады.
А) иә
Б) жоқ
2. Біркелкі заттардың жалпы атауы...... деп, ал заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты...... деп аталады.
3. Берілген мәтіннен деректі, дерексіз зат есімдерді екі бағанға теріп жаз.
Алдына сәлем бере келе және елді ынтымақтастыру жөнінде келген Төлеге Әнет баба садақтың алты бірдей оғын біртіндеп сындырып, екі бүктеп, оны шыбық етіп ортасынан буып:
- Міне, енді сындырып көрші,- дейді, Төле бірден бір буда шыбықты қайдан сындырсын, Шыбықтарды Әнет бабаға қайтарып:
- Айып етпеңіз, бұл жұмбағыңызды түсінбедім, Әнет баба,- депті.
4. Мәтіннен тапқан зат есімдерді құрамына ажыратыңдар.
5. Мәтіннен төмендегі сызбаға сәйкес келетін сөйлемді тап.

6. Төменде берілген сөздерден туынды зат есімдер жаса.


Қой, күй, бұр, айт, күре, жақсы, аялда, ай.
7. Берілген сөздерден күрделі зат есімдер жаса.
Өнер, ауыл, бел, сайып, алты, бой, ата, амал, боз.
(аймақ, беу, кәсіп, бала, айла, ана, бақан, қыран, тұмар)
8. 3-ші тапсырмада берілген мәтінге оралып, Төле шешімін таба алмаған жұмбақ шешуін өзің ойлап, мәтінді аяқтап көр.
9. Жоғарыда өзің аяқтап жазған мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөліміне ат қой.
10. Зат есімнің мағыналық топтарын ажыратып, гүлдесте жаса.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет