№ 5. Тапсырма 1) Шаблон құру. MS Excel 2010 программасында жаңа «Шаблон» атты файл құрыңыз.
Excel-дің әрбір жұмыс кітабының бастапқы 3 парағы болады. Шаблонға біреуі де жеткілікті. Сондықтан қалған екеуін келесі әдіспен алып тастау керек: қажетсіз парақтардың ярлыгына тышқанның оң жақ батырмасын шертіп контекстік меню шақыртыңыз. Содан кейін Удалитьопциясын таңдап, қосымша сұраудан кейін ОК таңдаңыз. Қалған Лист1 парағының атын өзгертіңіз. Ол үшін контекстік меню шақыртып, Переименовать опциясын таңдаңыз. Лист1 орнына Шаблон деп жазыңыз.
Енді бастапқы мәліметтер енгізіңіз.
В1 ұяшығына «ЕМТИХАНДЫҚ ВЕДОМОСТЬ» мәтінін енгізіп «Enter» басыңыз.
A3 ұяшығына «№ _ топ» мәтінін енгізіңіз;
СЗ ұяшығына - «Пән»;
А5 ұяшығына - «№ п/п»
В5 ұяшығына - «Фамилиясы, аты, жөні»;
С5 ұяшығына - «Сынақ кітапшасының №»;
D5 ұяшығына - «Баға»;
Е5 ұяшығына - «Емтихан қабылдаушының қолы».
Егер ұяшық ішіндегі мәліметті жою керек болса, алдын ала қажетті ұяшықты белсенді етіп, Delete пернесін қолдануға болады басқа нұсқасы – ұяшыққа тышқанның оң батырмасын шертіп, контекстік менюден “Очистить содержимое” опциясын таңдау. Егер қате мәтінді енгізу кезінде жіберілсе, онда Esc пернесін басқан жеткілікті. Ұяшық ішіндегісін редактрлеу (өзгерту) үшін (барлық мәтінді өшіру қажеттілігі болмағанда) тышқанның сол батырмасымен қажетті ұяшыққа екі рет шертіп, өзгертулер енгізуге болады.
Топтағы әртүрлі бағалар санын есептеу үшін әрбір баға түріне баған қосу керек: F бағаны бестер үшін (F5 ұяшығы), G бағаны төрттер үшін (G5 ұяшығы), Н бағаны үштер үшін (Н5 ұяшығы), I бағаны екіліктер үшін (I5 ұяшығы), J бағаны келмегендер үшін (J5 ұяшығы). Бұл ұяшықтарға сәйкес бағаларды енгізіңіз. По центру орнатыңыз. Кестенің бөлгіш сызықтарын (ішкі және сыртқы) орнатыңыз.
Енді әрбір ұяшыққа келесі технологияны қолданып, кесте тақырыбын форматтаңыз:
А5, B5, С5, D5, Е5 ұяшықтарын белгілеңіз
Формат ячеек диалогтық терезесінің Выравнивание закладкасынан келесі командаларды таңдаңыз:
Немесе мәтінді ортамен туралаудың стандартты нұсқасын қолданыңыз. Яғни ұяшықтарды белгілеп, саймандар панеліндегі По центру батырмасын басыңыз.
А5 ұяшығына номірленген тізім енгізу қажет. Тізімді автотолтыру арқылы жасау қажет. (1-15 –ке дейін болу қажет)
В5 (фамилиясы, аты, жөні) ұяшығынан студенттер фамилиясын енгізіңіз.
С5 ұяшығына бірінші студенттің сынақ кітапшасының № енгізіңіз, яғни 2014-1, келесі 2014-2 енгізу қажет (автотолтыру қолдану қажет).
В бағанына топтағы алынған бағалардың қорытынды санының атын енгізіңіз: В22 ұяшығына «өте жақсы», В23 ұяшығына – «жақсы», В24 – «қанағаттанарлық», В25 – «қанағатсыз», В26 – «келген жоқ», В27 – «БАРЛЫҒЫ».
Кестені өз қалауыңыз бойынша әсемдеңіз. Сақтаңыз.
2) Емтихандық ведомость құру. Жаңа жұмыс кітабын құру қажет. Құрылған жаңа жұмыс кітабын «Книга 1» атынан «SESSION» атына өзгертіңіз.
Бұл жұмыс кітабында 4 парақ болады. Бірінші парақта математика пәнінен емтихандық мәліметтер көрсетіледі. Екінші парақта – физикадан. Үшінші парақта – тарихтан. Ал төртінші парақта әрбір студенттің алынған бағаларына сәйкес стипендия мөлшері саналады.
Жұмыс кітабында үнсіз келісім бойынша 3 парақ қана болғандықтан, тағы бір парақ қосу керек. Ол үшін тағы бір парақты контексттік меню көмегімен Добавить листопциясын таңдау арқылы қосыңыз. Парақтарды Емтихан1, Емтихан 1(2), Емтихан 1(3), Стипендия деп атаңыз.
Шаблон кестесі бұл жұмыс кітабының үш парағында қайталанатындықтан, Емтихан1, Емтихан 1(2), Емтихан 1(3) парақтарына мәліметтерді бір уақытта енгізіңіз. Ол үшін:
Жұмыс кітабының бірден үш парағын белгілеңіз. Қажетті парақтар бірінен соң бірі орналасқандықтан, бірінші парақтың ярлыгын тышқанмен шерту арқылы өтіп, Shift пернесін басыңыз. Пернені жібермей тұрып емтихандық ведомостьтің үшінші парағының ярлыгын шертіңіз.