Бөж пәні: Психология Тақырыбы



бет1/7
Дата20.02.2023
өлшемі92,95 Kb.
#169535
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
психология 14
Types of interface testing, Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз, лекция 5 2022-2023, 630029, YAOWQSKBCIIV24102023141025, YAOWQSKBCIIV24102023141025

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Педагогика және психология кафедрасы

БӨЖ


Пәні: Психология
Тақырыбы:Тұлға және қарым-қатынас


Орындаған: Әуелбек Ақнұр
Қабылдаған:Үмбетова А.К. Тобы: ЖМК-111

Түркістан 2022 ж.



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Тұлға

2.2 Тұлғааралық қатынас


2.3 Тұлғалық белгілер
2.4 Тұлғаның бағыттылығы
2.5 Тұлғаның имплицитті теориясы
2.6 Қарым-қатынас түсінігі мен қалыптасуы
2.7 Қарым-қатынас түрлері
2.8 Адамаралық қарым-қатынас
2.9 Қарым-қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адамдардың әлеуметтік субъект екені оның тек адамдар ортасында ғана өмір сүре алатынынан көрініс береді. «Адамдар арасында өмір сүру» дегеніміз «әрдайым айналасындағы адамдармен үнемі қарым-қатынаста болу» деген сөз. Қарым-қатынас адамдар арасында саналы түрде, көпшілік жағдайда міндетті әрі ресми, кейде ерікті түрде болатын эмоциялық қатынас жасау әрекеті болып саналады.Қарым-қатынас деп адамдардың қызметті бірлесіп істеу қажеттігінен туындайтын, адамның өзге адаммен немесе адамдар тобымен пікір алмасуын, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасап шығаруын, басқа адаммен оны қабылдау және түсіну бағытында қатынасқа келуін және сол қатынастың кері байланыс арқылы тудырған салдарын айтамыз. Қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті және перцептивті делінетін үш жағы болады. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (латын. communicatio – біріктіру, байланыстыру) адамдардың танымдық-еңбек үрдісіндегі өзара әрекеттесуінің және ой, ақпарат, идеялар алмасуының өзіндік жүзеге асырылу формасы.


Қарым-қатынастың интерактивті жағы (ағылш. interaction – өзара әрекеттесу, бір-біріне әсер ету) – адамдардың бір-біріне әсер ете әрекеттесуінің, тұлғааралық қатынастардың пайда болуы мен дамуы мәнінің әлеуметтік-психологиялық үрдістер мен құбылыстардан туындайды және олардың өзара әрекеттесудің ортақ стратегиясын жасауынан көрініс береді.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы (латын. perceptio – қабылдау) – адамның әлеуметтік объектілерді (өзгелерді, топты т.б.) қабылдау, түсіну және бағалауын, өзге адамның бейнесін қалыптастыру үрдісін көрсетеді. Егер сөз сахнадағы әртістің перцепциялық қабілеті туралы болса, онда оның залда отырған көрермендердің талғамынан шығу мүмкіндігі туралы деп түсіну керек.
Қарым-қатынастың түрлері. Қарым-қатынастың көптеген түрі болады. Адамдарды бір-бірімен кездестіріп, пікірлесуге алып келетін қозғаушы күштердің (себептердің) сипатына қарай қарым-қатынас ресми және бейресми деп бөлінеді.
Адамдардың өмірлік қызметінің екі аясы бар:

  1. қоғамдық орындардағы өндірістік қызмет аясы;

  2. тұрмыстағы өндірістен тыс қызмет аясы.

Қарым-қатынас үрдісінде аталған екі жағдай да кездесіп отырады. Осыған сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастың екі түрі болады. Қоғамдық орындарда қызмет бабы бойынша қатынас орнатуды ресми қарым-қатынас дейміз.
Ресми қарым-қатынастың өзіндік бірізділікке түсірілген қалыптасқан ережелері болады. Олар ресми әдеп нормалары деп аталады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас қоғамдық орындардан тыс жерлерде де тоқтаусыз жүріп жатады. Адамдар тұрмыста көшеде, саябақтарда т.б. жерлерде өндірістен тыс пікірлеседі. Олар қарым-қатынастың бейресми түрлеріне жатады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың формалары көп. Олардың арасында ресми жүздесуде де, бейресми жүздесуде де кең таралғаны – төте және жанамалы қарым-қатынас формалары. Tөте жүздесу бір адамның екінші адаммен бетпе-бет кездесуі арқылы жүзеге асырылады. Адам өзінің танысу көкжиегін жанамалау арқылы қалауынша кеңейте алады. Жанамалы жолмен қарым-қатынасқа түсуге адамдардың өзгелермен жанамалы құралдардың бірін пайдаланып жүзеге асатын формасы жатады. Жанамалы құралдарға ақпарат тарату немесе байланыс құралдары (газет, журнал, теледидар, радио, кино, өзге аудиовизуал және ақпарат тарату құралдары болатын телефон, хат, телеграмма т.б.), ғылыми немесе көркемөнер туындылары т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет