Бұл ретте емдеу-профилактикалық ұйымдар персоналының қызметі көбінде көптеген зиянды өндірістік: физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың әсер етуімен, сондай-ақ еңбек процесінің ауырлығымен және (немесе) қауырттылығымен байланысты, бұлар медиктердің денсаулығына әсер етуі мүмкін [2, 3, 5, 8, 9, 12–14, 19].
Осыған байланысты, ғалымдардың пікірінше, медициналық қызметкерлер денсаулығының жай-күйін объективті бағалау күрделі болып табылатындығын атап өткен жөн, өйткені олардың көпшілігі ресми медициналық көмекке жүгінбейді, өзін-өзі емдеумен айналысады немесе өз әріптестерінің «корпоративті» көмегін пайдаланады [6, 9, 10, 16, 18].
«Егер дәрігерлердің өздері ауырмаса, онда пациенттерде көбірек сенім туындатқан болар еді» екіұдай сентенциясы бірқатар әлеуметтанушылық зерттеулерден өз көріністерін тапты. Мысалы, еңбек пен демалысты оңтайландыру, олардың жұмыс қабілетін арттыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлеу мақсатымен емхана дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлер қызметінің жағдайларын зерттеу мақсатын қойған сауалдама өткізу емханадағы медициналық қызметкерлердің еңбек процесін бағалауға неғұрлым жағымсыз әсер ететін факторлар тізбесіне олардың маңыздылығы бойынша мыналардың кіргенін көрсетті: жоғары эмоциялық жүктеме, жоғары ақыл-ой жүктемесі; патогенді флорамен жанасу; орындалатын жұмыстың үлкен көлемі; демалыс пен тамақ ішуге жағдайлардың жоқтығы [7].
Зерттеудің негізгі сұрақтарының біріне «Сіздің денсаулығыңызға емханадағы жұмыс кері әсер ете ме?» жауаптар былайша бөлінді: «иә, әсер етеді» – 76,5 %; «кері әсер етпейді» – 8,8 % және респонденттердің 14,7 %-ы бұл сұраққа белгілі бір жауап бере алмады [7].
Ірі көпбейінді ауруханада жүргізілген сауалнамалық-сауалдамалық зерттеулерде персоналдың мекемедегі өз жұмысының режимін былайша бағалайтыны анықталды: жауап берген медициналық қызметкерлерден «оңтайлы» – 15,7 %, «қалыпты» – 37,1 %, «төзуге болады» – 25,7 % және «ұтымсыз» – 21,4 %. Осылайша, өз жұмыс режимі мен еңбек қызметінің жағдайларын мекеме қызметкерлерінің 70 % дан астамы қанағаттанарлық деп бағалады [18].
Бұл саладағы басқа да жарияланымдар әртүрлі мамандықтардағы дәрігерлердің жұмысы жұмыс күнінің тығыздығы, орындалатын кәсіптік іс-әрекеттердің көлемі мен сипаты жағынан ерекшеленетіндігін, түнгі және тәуліктік кезекшіліктермен, орнықтырылған түскі үзілістің жоқтығымен, науқас өмірі үшін жауапкершілікпен байланысты екендігін, мұның қызметкерлер ағзасының кейбір физиологиялық процестеріне ізін қалдыратындығын көрсетеді [4, 6].
Достарыңызбен бөлісу: |