Еңбектің қауіпті (төтенше) жағдайлары(4 сынып) жұмыс ортасының жұмыс ауысымы ішінде (немесе оның бөлігінде) әсер етуі өмір үшін қауіптілік, жіті кәсіптік зақымданулар дамуының жоғары тәуекелін жасайтын факторларының деңгейлерімен сипатталады [17].
Әртүрлі бейіндегі медициналық қызметкерлердің еңбек жағдайларының ерекшеліктері
Терапевтикалық бейіндегі дәрігерлер еңбегінің ерекшеліктері
Терапевтикалық бейіндегі дәрігер мен медициналық бикенің еңбегі жоғары жүйке қызметінің функциясына түсетін үлкен жүктемемен сипатталады, эмоциялық әсер етулермен қатар жүреді және өз мәні жағынан жүйкелік-эмоциялық құрамдасы бар ой еңбегі болып табылады.
Жұмысы пациенттерді тексеріп-қараудан, жолдамалар мен рецептер жазып беруден құралады. Емхананың терапевтикалық бейіндегі дәрігері мен медбикесі амбулаториялық қабылдауда тіркеу орнымен, әртүрлі мамандықтардағы дәрігерлермен, бөлімше меңгерушісімен, диагностикалық кабинеттермен және зертханалармен тұрақты функциялық байланыстарды ұстанып отырады.
Стационар жағдайларында дәрігер-терапевтке негізгі жүктеме науқастарды аралап, қарап шығу аяқталған және медициналық құжаттаманы ресімдеу кезінен, жұмыс басталғаннан 3,5 сағаттан кейін түседі. Жұмыс күнінің соңына қарай дәрігер-терапевттер шаршаушылық сезімін сезінеді, дәрігерлердің 50 %-ында вегатативтік жүйке жүйесі функцияларының нашарлауы байқалады.
Терапевтикалық бейін дәрігерлерінде шаршау мен қалжыраудың профилактикасы бойынша іс-шаралар жұмыс процесінде туындайтын эмоциялық фактор әсерін төмендетуден, жұмыстың әрбір 3,5 сағатынан кейін регламенттелген үзілістер белгілеуден құралады.
Дәрігер мен медбикенің жұмыс үстелдері кабинеттің неғұрлым жарықтандырылған бөлігінде орналасуы тиіс. Үстелдердің айналасында үстелдерден кабинеттегі кез келген затқа қарай еркін жүріп-тұруды қамтамасыз ететін кеңістік болуы тиіс. Зерттеп-тексеруге арналған ағаш төсек пациент денесінің бірінші жартысы дәрігер жақта болатындау етіп орналастырылуы, кіретін есіктерден пердемен қоршалуы тиіс. Кабинет есігі дәрігер кірген пациентті көре алатындай, шола қарауға қолжетімді болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |