Еңбектің оңтайлы жағдайлары (1 сынып) – қызметкер денсаулығы сақталатын және жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұстап тұру үшін алғышарттар жасалатын жағдайлар. Оңтайлы жағдайлар – бұл еңбектің зиянды факторлары жоқ болатын немесе халық үшін қауіпсіз ретінде қабылданған деңгейлерден аспайтын жағдайлары.
Еңбектің жол берілетін жағдайлары (2 сынып) орта мен еңбек процесі факторларының жұмыс орындары үшін белгіленген гигиеналық нормативтер аспайтын, ал ағзаның функциялық жай-күйінің мүмкін болатын өзгерістері регламенттелген демалыс немесе келесі ауысым басталғанға дейін қалпына келтірілетін және ең жуырдағы және одан қашық кезеңдерде қызметкерлер мен олардың ұрпақтары денсаулығының жай-күйіне қолайсыз әсер етпейтін деңгейлерімен сипатталады.
Еңбектің зиянды жағдайлары (3 сынып, онда зияндылықтың төрт – 3.1, 3.2, 3.3 және 3.4 дәрежесі болады) деңгейлері гигиеналық нормативтерден асып түсетін және ағзаға қолайсыз әсер ететін зиянды факторлардың бар болуымен сипатталады.