«Сіздің денсаулығыңызға емханадағы жұмыс кері әсер ете ме?»



бет3/7
Дата24.01.2022
өлшемі30,28 Kb.
#113833
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
МЕДИЦИНА ЕНБЕК

Биологиялық факторларға патогенді микроағзалар мен вирустар, антибиотиктер, биоынталандырғыштар, вакциналар, сарысулар жатады. Көптеген емдеу стационарлары медициналық персоналының жұмыс аймағы ауасында құрамы күрделі бу-газдық және аэрозольдік қоспа (антибиотиктер, анестетиктер) жиірек айқындалады [13, 15, 17].

Еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы

Еңбек процесінің ауырлығы тірек-қозғалыс аппараты мен ағзаның қызметін қамтамасыз ететін функциялық жүйелеріне (жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және басқа) түсетін жүктемелерді бейнелейді. Басқаша сөздермен айтқанда, еңбек ауырлығы энергетикалық, күштік құрамдаспен анықталады. Медициналық қызметкерлер (әдетте бұл орта және кіші персонал) еңбегінің ауырлығын зерттеу серпіндік жұмыс, көтерілетін және жылжытылатын жүк массасы, статикалық жүктеме, таптаурын қозғалыстар саны, жұмыстық кейіп көрсеткіштерін зерттеулер кезінде жүргізілетінін атап өткен жөн [9, 17].

Еңбек қауырттылығына келетін болсақ, онда бұл еңбек процесінің негізінен орталық жүйкелік жүйеге (бұдан әрі – ОЖЖ) түсетін жүктемесін бейнелейтін сипаттамасы және жүйкелік, психологиялық-эмоциялық шиеленіспен, зияттық жүктеменің ұзақтығы мен қарқындылығымен анықталады [9, 17].

Еңбек сипаты бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерінің басым көпшілігі ой еңбегінің қызметкерлеріне жататындығын атап өту қажет. Олардың жұмысы ақпаратты қабылдау және қайта өңдеумен байланысты, оны орындау кезінде сенсорлық аппараттың, зейіннің, жадтың қауырттылығы талап етіледі.

Өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілік дәрежесі мен қызметтің мәнділігі әртүрлі деңгейлер кезінде қызметкер өз еңбегінің нәтижесіне қандай мөлшерде әсер ете алатындығын көрсетеді. Күрделіліктің өсуімен жауапкершілік дәрежесі артады, өйткені қате іс-әрекеттер қызметкер немесе тұтастай ұжым тарапынан қосымша күш-жігердің жұмсалуына, бұл тиісінше медициналық қызметкердің эмоциялық қауырттылығының артуына әкеледі [15, 17].

Емдеу мекемелерінің басшылары, бөлімшелер басшылары, дәрігерлер сияқты кәсіптер үшін жұмыстың түпкілікті нәтижесі үшін жауаптылықтың ең жоғары дәрежесі тән, ал жол берілген қателіктер адамдар өмірі үшін қауіпті жағдаяттардың туындауына әкелуі мүмкін. Егер қызметкер ұжыммен орындалатын тапсырма бөлігі үшін жауапкершілікте болса, онда мұндай жағдайда эмоциялық жүктеме біршама төменірек (медициналық бикелер) болады. Зертханашы жұмысында критерийдің неғұрлым аз мәнділігі байқалады, бұл жерде қызметкер жұмыстың жекелеген элементтерінің орындалуы үшін ғана жауапкершілікте болады.

Медициналық қызметкерге психологиялық-эмоциялық жүктеме өз өмірі үшін тәуекел дәрежесінің, басқа тұлғалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктің, ауысым ішінде қақтығыстық өндірістік жағдаяттар санының артуымен өсе түседі. Үнемі науқас адамдардың арасында болу, айтарлықтай психологиялық-эмоциялық жүктемелер медициналық қызметкер ағзасына жоғары талаптар қояды.

Жүйкелік-эмоциялық жоғары қауырттылық бірінші кезекте ОЖЖ функциялық жай-күйіне өз ізін қалдырады. Оның шаршап-шалдығуы көру-қозғалтқыштық реакцияның ұзаруына, түстік және дыбыстық сигналдарды қабылдау, зейін қою айқындылығының төмендеуіне әкеледі. Медициналық қызметкерлердің қауырт еңбегі жүрек-қан тамырлары жүйесіне де қолайсыз әсер етеді. Электрокардиографияда тежелушілік процестер түріндегі дамушы қажушылық белгілері айқындалады (жедел жәрдем дәрігерлері, хирургтар, анестезиологтар) [1, 13, 15, 17].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет