Медициналық ұйымдар персоналындағы әлеуетті кәсіптік зияндылықтардың сипаттамасы
Медициналық персоналдың кәсіптік зияндылық факторларын мыналарға бөлуге болады:
физикалық;
химиялық;
биологиялық;
еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы.
Физикалық зиянды факторларға ауа температурасы, ылғалдылығы, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену; иондандырмайтын электрмагнитті өрістер мен сәулеленулер; иондандырушы сәулеленулер, өндірістік шу, ультрадыбыс; діріл; аэрозольдар, шаңдар, табиғи және жасанды жарықтандыру (жоқтығы немесе жеткіліксіздігі, аса жарықтығы) жатады [17].
Физикалық факторлар хирургиялық бейіннің медициналық персоналына, травматологтар, анестезиологтар, офтальмологтарға, ЛОР-дәрігерлерге, акушер-гинекологтарға, стоматологтар мен дәрігер-физиотерапевттерге әсер етеді [11, 15].
Емдеу-профилактикалық мекемелердегі кәсіптік зияндылықтың химиялық факторына химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп өнімдері: есірткілік заттар, дезинфекциялаушы құралдар, дәрілік препараттар, еріткіштер, қышқылдар, сілтілер жатады. Шаңмен және тітіркендіргіш әсері бар заттармен жанасу кезінде бронхоэктатикалық және гемолитикалық аурулар; сүйек майы қан айналысын әлсірететін заттармен жұмыс кезінде, – қан мен қан жасаушы мүшелердің аурулары пайда болады [1, 13, 15].
Достарыңызбен бөлісу: |