1 Сураққа жауабы
Болаттың сапасы көп факторларға байланысты, соның ішіндегі бастысы күкірт пен фосфордың, тотықтардың SiO2, FeO, газдардың N2, H2 мөлшері. Олар болаттың механикалық қасиетін төмендетеді.
Болатты өндіру әдістері: конверторда өндіру; мартен пешінде өндіру; электр пешінде өндіру.
Конверторлы өндіріс
Конверторлы өндіріс – конвертордағы сұйық шойынды ауамен немесе оттегімен үрлеп болат алу процессі. Балқыту процессі сырттан жылу бермей экзотермиялық реакциялардың жылуымен жүреді.
Кең қолдану тапқан – оттегілі – конверторлы процесс. Бұл процесстің шихтасы – химиялық құрамы әртүрлі сұйық өзгерілетін шойын және металл сынықтары (шойынның массасының 25 – 30% дейін). Қосымша қосылатыны – шлак құрушы заттар (жаңа өртелген әк, боксит және басқалар). Оттегіні 9 – 15 ат қысыммен конвентордың үстінен мойны арқылы береді. Ол үшін сумен салқындатылатын фурумдарды конвентордың мойны арқылы ішке кіргізіп, ваннаға жеткізбей орнатады.
Конвертордың (кесілген) схемасы 1.2 – суретте көрсетілді.
1.2. – сурет. Конвертордың схемасы
Достарыңызбен бөлісу: |