Бөлім: 7-бөлім: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары



Дата11.05.2022
өлшемі73,51 Kb.
#142842
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ 1 Қазақ тілі Слайд
4 апта АКС сем 01, 16.11 akt, 16.11 akt, жер заңдарының дамуы

Бөлім:

7-бөлім: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Морфология. Етістік, оның мағыналық түрлері. Етіс түрлері

Педагогтің аты-жөні:

Жомартова З.Е.

Сабақтың тақырыбы:

Бокс саңлақтары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.4.4.2. Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдана алады.

https://youtu.be/NrnBHil10C4

  • «Қазақ боксы» туралы бейнебаян көрсетіледі.
  • Сабақтың тақырыбын болжау.
  • Бейнебаян не туралы?
  • Бейнебаянға қандай спорт түрі негіз болған?
  • Қандай боксшыларды атар едіңдер?

1-тапсырма. «Тренер кеңесі» әдісі арқылы «Бокс профессоры» мәтіні беріледі. Белгілі уақыт аралығында меңгереді.
2-тапсырма: «Спорт тілшісі» әдісі:
- С.Қонақбаевтың қарсыласынан соққы алған сәттегі күйін етістіктің өздік және ырықсыз етістерін қатыстыра отырып, сипатта;
- С.Қонақбаевтың қарсыласынан соққы алған сәттегі күйінетістіктің өзгелік және ортақ етістерін қатыстыра отырып суретте;
- С.Қонақбаевтың қарсыласынан соққы алған сәттегі күйін салт және сабақты етістіктерді қатыстыра отырып баянда;
(тілші рөліндегі оқушы анықталады, сол оқушы әр топ тапсырмасын тілші ретінде сұрайды).

-Берілген мәтіннің үзіндісін мұқият оқиды. Мәтіннің бөлігін талқылап, үш сұрақ дайындайды.
Берілген тапсырмада оқушылар таңдалған тілшінің сұрақтарына жауап береді, мәтін үзіндісін талқылай отырып, тапсырмаларды орындайды.

«Чемпиондар шеруі» әдісімен келесі тапсырмаларды орында:
  • «Чемпион болу үшін қандай қасиеттер керек?» деген ортақ сауалға жауап бер.

Берілген сауалға оқушылар өз ойларын бөлісе отырып, жауап береді.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
 

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.

Үй тапсырмасы
  • «Чемпион болғым келеді» тақырыбында эссе жаз;
  • «Чемпионға хат» жазады;
  • «Олимпиада чемпиондары тақырыбында ақпарат жинақта .



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет