Бикен ахметова



бет1/20
Дата08.09.2017
өлшемі3,38 Mb.
#30690
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20







БИКЕН АХМЕТОВА

НҰРА САҢЛАҚТАРЫ
ӘОЖ 070

КБЖ 76,01 А 94

Б. Ахметова.

Нұра саңлақтары / Б. Ахметова. / - Карағанды: «ТЕNGRI LTD» баспаханасы, 2015. - 170 6.

ІSBN 978-601-7449-95-7

Нұралык, танымал каламгер Бикен Ахметованың, бұл алғашқы жинағы. Жинақта аудандық газетте бас редактор болып қызмет жасаған әр жылдары облыстық «Орталық Қазақстан»,

«Индустриальная Караганда» газеттерінде жарық көрген нұралықтар туралы таңдаулы мақалалары жинақталған. Онда нұрлы Нұра аймағының, майдангерлері мен еңбек майталмандары, ауданның, тыныс-тіршілігі жайында жан - жақты баяндалады.

Жинақ жалпы оқырман қауымға арналған.

ӘОЖ 070

КБЖ 76.01


ІSBN 978-601-7449-95-7 © Ахметова Б., 2015


ТАНЫЛҒАН ТАЛАП

(Алғы сөз орнына)

«Айда аяқ, жылда жілік жоқ» деген сөзге көз жеткен кез ғой қазір бізге. Осындайда алдағы алыстай көрінер, бітпестей шалынар шақтың ертегідей елестері ескенде өзім үшін алдымен еске түсері Бикен тұрғыласым. Іштей бір жақыныңа айналып кеткен жандай өткен күндер түсін өңге оралтып, сыр шертісіп, жасап, жасарып қалуымыз баршылық. Мектепте бірге оқып, үлкен өмірге қатар қанат қағушылар арасынан сыйластығы үзілмеуінен, достық көңілі сейілмеуінен бір өзі бір биік төбе болып түратыны осы Бикен ғана екен апыр-ау, деп медет тұтасың.

Өмір желі қалай соғарын кім болжап білген. Біреуімізге балғын уақыттан жазып-сызуға әуестік пайда болса, ол есеп-қисап жағына жүйріктін. Ақыры соның ізі тереңдеп, ұстаздыққа ұласып кетті. Осылай болуға тиістілі, сондай-лық болуға жарасты көрінген. Алайда таңырқаулық қылар басқа да бір қыры ашыларын ойлаппыз ба. Сөйтсек қалам тербеуге де жорғалығы бар екен. Әуелде аудан көлемінде танылған талап келе-келе облысқа, одан да асып бүгінде кәдімгідей белді қаламгерлер сапынан табылуына енді ешкімнің танданысы жоқ. Өз еңбегімен, өз талаптылығымен алынған қамал, жеңілген жетістік. Бұлайша бағамдағанымызда мұнымызды жақтырмай, кіржиіп қалатындар табылатындығын сезіп отырмыз. Бикеннің тынымсыз ізденгіштігін, сүйген ісіне беріктігін, мақсатына қайсар ермінезділігін білмейтіндер тыртыңы бұл демесімізге болмайды.

Ақпарат әлеміндегі біраз жылғы бойғы қалтқысыз қызметіне түрлі деңгейдегі басылымдар беттеріндегі тартымды мақалалары, тұщымды толғамдары айғақ.

Нұра аймағының тәуелсіздік жылдарындағы жас шежіресін жасаушы - тұрғысында қолтаңбасы терең, еңбегі бөлек десек, асыра айтқандық емес. Мұны қолымыздағы мына кітабы дәлелдейді. Туған жер сұлу сипатын, адамдарының ажар-келбетін, жаңа заман сырларын мүсіндейді. Былай қарағанда таныс көріністер, таныс бейнелер, таныс жайлар дегенмен, дегенмен де дейміз- ау, өзгеше өрнекпен, сүйкімді жылылықпен, перзенттік махаббатпен кескінделіп, өрілуі оқуға құлшындырады.

Білгенге, түйсінгенге елінің мерейін өсірудегі бір керемет іңкәрлік, аңсарлық сезілері анық.



Ғұмыр бойы қағаз кемірген жандармыз ғой. Мұндайда қарайлас қаламдасыңның шығармашылық жемісі кітапқа тұтасып, кең тыныспен танылып жатса, марқайып-ақ қалады екенсің. Ал ол сүбелі дүние ретінде болса ше, мақтаныш одан да үлкен. Бикен жинағын сондай деуге болады. Нұраның нұрлы бейнесін жарқыратқан еңбек екендігі талас тудырмайды.
Айқын НЕСІПБАЙ, Қазақстанның құрметті журналисі.



Бұл шағын еңбегімді келешегі кемел, өрісі ырысты, болашағы жарқын, ажары кірген, жаңарған Нұраның абыройын асқақтатып, туын тіктеп, тірлігі мен бірлігін нығайтып, ерен еңбектерімен оның гүлденуіне, халқының тұрмысының жақсаруына сүбелі үлестерін қосып отырған азаматтарына арнаймын.
Автор



Базарбай ӘЛЕУХАНҰЛЫ Нұра

Нұрам менің, Ғұмыры дастан елім,

Басқа жерден берекең асқан елім. Қыр қазағы шұбырып келгенінде, Қара қазан көтеріп саспап едің.
Нұрам менің, Сабырлы, салқар елім,

Әлімсақтан аяулы, алқалы едің. Азаматы бұл жердің ер мінезді, Арулары шетінен қалқа, керім.


Нұрам менің, бұлағы бал татыған, Ардақтасын өзіңді арқалы ән.

Тарихынды оқимын тамсанып мен, Талай қазақ тәй тұрған талқаныңнан.


Нұрам менің,

Ақ бидай, киелі елім,

Жиен болып басымды ие келдім. Анам елі, ақсүйек әжем елі, Топырағыңды келеді сүйе бергім.
Әкем жанын сақтаған, Нұрам менің, Жігер құйып жаныма, жыр-ән бердің. Ұлытаудың шыңынан қарап қоям, Аман ба, деп қалың ел, қыран белім.
Бөтені жоқ қазақтың, туыс бәрі, Есімде жоқ көңілдің суысқаны. Тарихында елімнің талай-талай, Тарландары Нұраның ту ұстады.
Бөтені жоқ адамның, жақын бәрі, Жадырайды Нұраның жарқын таңы. Қызыл қырман сапырып шаруалары, Тұлпар мініп шығады талпынғаны.

Бір күйімді үкілеп ән қозғады, Жарқырай түс, Нұраның, жампоздары. Аузын ашса, жүрегі көрінетін,

Ұл жетілсе ұлы елдің аты озғаны.
Усабайдың ордасы Қараталым, Бастау алған өзіңнен балапаның. Байтуғанның төсінде – бал думаным,

Шұңқыркөлдің қойнында – алтындарым.


Алмасады кезеңі бұл өмірдің, Таси түссін дәулеті нұрлы өңірдің. Амантаудың басында өлең оқып,

Құндыздыға құйылып жүр көңілім.


Нұрам менің, жарықтық, Нұрам менің, Жақсылыққа әманда құмар елің.

Келіп-қайтып жүрейін, қолдай көрші, Жезкиікке ілескен құлан едім.

Нұрам менің...
Нұра ауданының құрылғанына 80 жыл

Нұрланған Нұра

Қазақтың бар жері қасиетті, бар жері киелі. Ата бабаларымыз өзінің туып өскен осынау сайын даласының әр төбесі киелі болғаннан кейін де сүйем жері үшін алысқанмен алысып, жандасқанмен жандасып өмір кешіпті. Еліне жаудан қауіпсіз мекен іздеп, желмаямен жортып, жер кезіп жүргенде Асан қайғы Нұра өзенін көріп: « Алты күнде ат семіретін жер екенсің, шіркін!»-, деп сүйсініп, таңырқаған екен.

Ғасырлар бойы Арқаның қақ төсінде халыққа құтты қоныс болып, мекендеген елді байлыққа да, молшылыққа да бөлеп келген Нұра өзенінің бойы Сарыарқаның ең шұрайлы жерлерінің бірі. Жаз айларының аптап ыстығында бұрынғы сұлулардың шолпысындай сылдыр қағып, ағып жатқан өзеннің мөп-мөлдір таза суы адамды да, малды да мейірі қанғанша сусуындатып, жағада биік өскен құрақ талдары күн көзінен қорғап, жұпар иісті дертке шипа болатын таза ауасы самал желмен қосылып, жаныңды жайландырып тұрады. Сарыарқаның сайын даласын бөктерлей аққан Нұра өзені бойында, облыстың батысында орналасқан Нұра ауданы - 1928 жылы қыркүйек айында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен Нұра және Сарыарқа болыстары негізінде құрылған. 1923-1928 жылдары Ақмола уезінің Нұра болысы болған. 1932 жылы Қарағанды облысының құрылуына байланысты аудан оның құрамына енгізілді. Облыс құрамына алғашқылардың бірі болып енгендіктен, біздің аудан оның үлкен отауы болып табылады. Сол кез 3450 жеке шаруашылық 32 колхозға біріктіріліп, ашаршылықтан күйзелген жұрттың жағдайын түзеуге бет алған шақ еді. Алғашқы колхоздар құрыла бастады. Атап айтсақ: «Парижская коммуна», Ново-Карповка ауылында Голощекин атындағы, Черниговкада «Новая жизнь», «Қызыл қазақ» колхоздары. Осы орайда аудан орталығына айналған Кертінді ауылының Казгородок аталуының да тарихи себебі бар. Бұрын Есен, Құланөтпес, Нұра, Құндызды, өзендері аралықтарындағы байтақ өлкеде бөлек-бөлек отырған ауылдар бір жерге қондырылып, кигіз үйлерден құралған қалашық жасалыпты. «Казгородок» атауы да соған байланысты болған. Ал кейіннен , 1934 жылы Қарағанды облыстық атқару комитетінің қаулысымен аудан орталығы Киевка селосына көшіріліп, содан бері сол мәртебесін сақтап келеді.

Ауданда бүгіні таңда 30 мыңдай халық бар. Жердің жалпы ауданы – 46,3 мың шаршы километр , 23 селолық әкімшілік, 2 кент, 198 ауылдық елді мекен бар.

Нұра, Құланөтпес, Үлкен-Құндызды, Керей, Кең өзендері және олардың көптеген салалары ағады. Аудан жерінде Ащыкөл, Құмкөл, Тассуат, Құлтансар, Шошқакөл, Саумалкөл, Қыпшақ (Әжібек соры), Жалпақсор, Изенді, Өстемір ірілі-ұсақты көлдер бар. Нұра өзенінің аңғарында шалғындық топырақ кездеседі.

Солтүстігінде итмұрын, қараған, тобылғы, жусан, сұлыбас, ал оңтүстігінде шөлейт белдерге бейімделген өсімдіктер басым.Жабайы жануарлардан ақбөкен, арқар, елік, қарсақ, борсық, түлкі, суыр, ақ қоян кездеседі. Өзен, көл маңайында жабайы шошқа, ондатр, құстардан құр, тырна, дуадақ, үйрек, қаз т.б су құстары кездеседі. Көлдерінде мөңке, оңғақ, шортан, алабұға, т.б балықтар бар.

Ауданда негізінен қазақтар (69,7%), орыстар (14,6%), украиндар (5,4%), белорустар (1,9%), немістер (5,7%) т.б. ұлт өкілдері тұрады.

Жер қойнауында тас көмір, темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алтын,күміс, висьмут, құрылыс материалдары кездеседі.

Ауданның ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жарамды жері 327мың.га, оның ішінде жайылымдық жерді – 37,03мың.га, шабындығы – 65,6мың.га. Егіс көлемі – 210 мың га. Мал басы: ірі қара – 33,5мың, қой – 52,4мың, жылқы –10,7мың, шошқа – 12,4мың.

Нұра ауданы бүгіндері тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатына орай, ел бірлігі мен ұлт тұтастығына елеулі үлес қосып келе жатқан құтты мекен, киелі қоныс.

Астананың түбіндегі Ахмет ауылынан басталып, Жаңарқа, Ұлытау, Қорғалжынмен шектесіп жатқан бұл аймақтың атақ-даңқы алысқа аян.

Бұл ретте »Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас», дегендей, ең алдымен Қайып Айнабеков, Сәйділ Талжанов, Бүркіт Ысқақов, Кәрім Мыңбаев, Нүркен Айтуғанов, Мүтәш Сүлейменов сынды халқымыздың ардақты азаматтары қатарындағылар есімдері мақтаныш тұтылады. Нұра жерінде жас Сәкен Сейфуллиннің оқытушылық қызметін бастағаны, аяулы жары Гүлбарамды осы елден қалағаны өлке тарихының жарқын бір беті.

Халық ақыны Жолдыкей Нұрмағамбетұлының: Құтты өзен айналайын – Нұра атыңнан, Күркірей көк толқыны – көкке атылған.

Ақ төсін аймалаған анасындай,

Мың-мың мал су ішуге шұбатылған,- деп жырлағандай, топырағы құнарлы, суы мол , жазық далалы болып келетін аймағымыз ертеде түлік түрлерін мыңғырлатуға қолайлы болса, бертінде егін шаруашылығын қалыптастырып дамыту бағытына бет бұрды.
9

«Әр елдің шежіресінде дәуірлік сипатқа ие оқиғалар болады. Олардың маңызына, ауқымы мен қоғамдық – саяси дамудың бүкіл барысына тигізген ықпалына қазіргі заманмен тығыз байланыстыра отырып, безбенделген тарихи талдаулар тұрғысынан ғана обьективті баға беруге болады. Бұрын әлеуетті елдің құрамына енген өзге де тәуелсіз елдер сияқты, Қазақстан үшін де ондай оқиғаның тың көтеру болғанына еш талас жоқ»-, деп Елбасымыз Н.Назарбаев атап өткендей, тың және тыңайған жерлерді игеру жолындағы бүкіл халықтық аттаныстың егемен еліміздің даму тарихында алар орны ерекше. Біздің аудан үшін де бұл кезең аудан тарихына алтын әріппен жазылған кезең болды. Тың игеру кезінде ауданда жаңа 7 шаруашылық құрылды. 1954 жылға дейін Нұра ауданының шаруашылықтары 83,4 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар тұқымын сіңіріп келсе, 1954-1955 жылдардың өзінде ғана бұған қосымша 100 мың гектардан астам тың және тыңайған жерлердің игерілуі Нұраны облыс көлеміндегі астықты аудандардың көшбасшысына айналдырды. 1954-1956 жылдары ауданда астықтың шығымы ерен болды, бұрын соңды болмаған бітік егін шықты, осы жылы 150 қазақстандыққа Социалистік Еңбек Ері атағы берілсе, соның ішінде біздің жерлесіміз Нүркен Айтуғанов та бар еді. Қаншама жастар, көптеген ұлт өкілдері шар тараптан тың көтеруге елді. Бүгінде олардың ұрпақтары жаңа Қазақстанды гүлдендіруге сүбелі үлес қосуда. Сөйтіп, нұрлы Нұра ұлттар достығының мызғымас ордасына айналды.

Қазақ елі ежелден армандаған ең киелі, ең қасиетті бостандығына қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекет атанды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың рухани келісім, ұлтаралық татулық, ауыз бірлікті нығайту мақсатында жүргізіп отырған сындарлы саясатына Нұра өлкесі де бір кісідей жұмылып, жүзеге асыруға бар күш-жігерлерін жұмсауда. 2006 жылы Қарағанды облысы құрылғанына 70 жыл толды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев осы мерекеге орай жолдаған құттықтауында: «Кең байтақ қазақ даласының қақ ортасында орналасқан қазыналы Қарағанды облысы - өткені мен бүгіні де тарихқа аса бай өлке... Сарыарқаның салқын белінде орналасқан – Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы да қарқынды даму жолына түсті. Соның нәтижесінде астық өндіру мен оны өндеу екі есеге дейін артты. Кейінгі екі жыл ішінде ауыл шаруашылығын өркендетуге 6 мрд. теңге инвестиция жұмсалды,» - деп атап көрсетеді. Ал Нұра ауданында тәуелсіздік жылдары ауыл шаруашылығын дамытуға салынған инвестициялар 1,0 млрдтан асып түсті. Бүгінде Нұра 207 мың гектар жерге дән себілетін, содан миллиондаған пұт өнім өндірілетін облыстағы, қала берді республикамыздағы астықты аудандардың қатарында. Жекешелендіру кезінде бұрынғы шаруашылық

күш-қуатын сақтап қалып, жергілікті еңбеккерлерді бір мақсатқа біріктірген «Қайнар», «Шахтер», «Пржевальское»ЖШС-рі сол баяғысынша әрқайсысы 25 мың гектар алқапты егінге жайқалтады. Ауыл шаруашылығын бүгінгі заман талабына сай ұйымдастыру мақсатында жер өңдеу мәдениетін жақсарту, жаңа технологиялар мен отандық және шетелдік техникаларды өндіріске енгізу де дұрыс жолға қойылған. Қазір аудан шаруашылықтарында ресейлік «Енисей», «Вектор» комбайндарымен қатар, немістің «Клаас Медиум» комбайндары, канадалық «Моррис- консепт» тұқым сепкіш кешендері, «Бюллер-Верстали» тракторлары, аргентиналық себу агрегаттары қолданысқа енгізілген. Кейінгі 10 жылда астықтың жалпы өнімі 2,7 есе көбейсе, ет өнімі 11,2%-ға , сүт 85%-ға ға өскен. Ал соңғы 4 жылда ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 1,8 есеге өсіп, 2007 жылда 8млрд 304 мың теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері өндірілген.Шахтерліктер енді бидайдың элиталық тұқымын өсіруді қолға алып, алыс- жақынға сатуды жолға қойса, қайнарлықтар астық өсірумен қатар «Әулиекөл» асыл тұқымды қара мал басын сатып алып, малды асылдандыруды дамытып отыр. Ал «Отқанжар» ЖШС-і де кейінгі кезде ауылдықтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Шағын ауылда Б.Артаев атындағы спорт кешені, пошта, байланыс, төлемдер төлеу қызметін көрсету орталығы, «Ақбота» балалар алаңы, наубайхана және шопандардың балаларына арналып интернат үйі салынып, пайдалануға берілді.

Әлеуметтік салада атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде көңіл бөлінуде, жұмыссыздық деңгейі 3,3%дан 1% ға дейін төмендеді, орта және шағын бизнес те қарқынды дамып, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылуда.

Еліміздегі әлеуметтік саясаттың ең басты бағыттың бірі – алдыңғы толқын ағалар мен апалар, қарияларға қамқорлық көмек екені белгілі. Ал олардың арасында ең алдымен туған халқының азаттығы жолында жан аямай шайқасқан соғыс ардагерлері түсетіні сөзсіз. Бір ғана аудан өңірінен екінші дүниежүзілік соғысқа 3000-нан астам адам аттанған екен. Соның 1083-і қан майданнан оралмады. 2487 жауынгер мемлекеттік ордендермен марапатталды. Кеңес Одағының Батыры И.Колодий, С.Лебедев, есімі аңызға айналған «Даңқ» Орденінің толық иегері М.Сүлейменов есімдері ел есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі таңда ауданда олардың көзі тірісі – 20, ардагерлерге қамқорлық ретінде барлық көздерден көмектің әр түрлері көрсетіліп тұрады, ал коммуналдық төлемақылар өмір бақи тегін. Арада қанша жыл өтсе де қан майданда «Отан үшін» деп алға ұмтылған, каһармандықпен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен жауынгерлер есімі ешқашан ұмытылмайды.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан нұралық жауынгерлер есімін ел есінде мәңгі сақтау және келер ұрпаққа үлгі өнеге ету мақсатында ауданның 80 жылдығына орай аудан орталығында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан нұралық жауынгерлерге арнап Мемориал салынбақ.

Тәуелсіздік жылдары ауданда екі жаңа мектеп, үш медицина мекемелері салынып, пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау мен білім беруге жұмсалған қаржы кейінгі 5 жыл ішінде 2,5 есе, мәдениетті дамытуға бөлінген қаржы 3,6 есе өсті. Аудан мектептерін компьютерлендіру деңгейі: бір компютерге 9,5 оқушы келеді. Аудандық аурухана жаңа озық технологиялармен жабдықталған: телемедицина орталығы қолданысқа енгізіліп, тұрғындарға қызмет көрсетуде. Щербаков, Изенді, Баршын, Соналы ауылдарындағы су құбырлары 291 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

1985 жылдан бастап аудан аумағындағы Шұбаркөл көмір кеніші пайда әкеле бастады. Биылғы жылы онда өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 9958 млн теңгені құрады, немесе алдағы жылға қарағанда 140%. Өнім көлемі 1995 жылға қарағанда 3 есе өскен.

Адамзат тарихы-өзінің немесе бұрынғы ата-бабалар жүріп өткен жолды білу, зердеңде жаңғырту, жадыңда ұстау деген сөз. Нұра өңірінің тарихы да сол үлкен тарихтың бір бөлшегі.

Аудан халқы үшін бітік егінді табиғат апаты, тілсіз жау-өрттен қорғап, бастарын ажалға тіккен В.Котешков, Н.Грибов, ғалым- ұстаз Д. Шалабекұлы, айтулы мәдениет қызметкері Ж.Ақанұлы, ғалымдар Б.Әбдікәрімов, Б.Мамыраев, М.Құлыбеков, белгілі өндірісші С.Шешембеков, Социалистік Еңбек Ерлері Н.Кузнецов, Н.Айтуғанов, Ы.Смағұлов, Д.Төлеубаев, Қазақ ССР-іне депутат болып сайланған алғашқы әйел Балайым Жақыпбекова, тың игерудегі айырықша еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған А.Боднар, аудан экономикасын өркендетуде қажырлық танытып, ел басқарған Ш.Ерманов, Б.Виноградов, А. Навоенко, Д.Әбілдинов, ауданды өтпелі кезеңде 10 жыл басқарып, ел сеніміне ие болған Мәжіліс депутаты Д.Құсайынов т.б. есімдері айырықша ыстық.

Қазақ мемлекетінің іргесін қаласып, оның тәуелсіздігін нығайтуда тер төгіп жүрген, егемен еліміздің Парламент сенатының алғашқы төрағасы, елдің де Елбасының да сенімін ақтап жүрген қоғам қайраткері - жерлесіміз Оралбай Әбдікәрімов есімі нұралықтар мақтанышына айналды. Біз байтақ тарихты мұра еткен елміз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ «.. иесіз жатқан қазақтың жері жоқ. Оның әрбір төбесі мен сайы, қыраты мен тасы үшін бабаларымыздың қаны төгілген. Сондықтан

олардың әрқайсысы біз үшін қасиетті.» дегенде

Н.Назарбаев ата мекенін, ұлтын жанындай сүйетін ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығын меңзеген еді. Егер тәуелсіздік атты киелі ұғымды қастерлеуді, құрметтеуді жас буын өкілдерінің санасына сіңіріп, оларды ата мекенін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеп, асыл қазынамыз – ел тарихын, жер тарихын ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп жеткізе алсақ қана ондай елдің болашағы жарқын болмақ. Осы орайда келер ұрпаққа мұра, асыл қазына болып қалатын жаңарған Нұраның жаңа тарихы «Нұра ауданының тарихы» кітабы, ауданнан шыққан жақсылар мен жайсаңдар, нар тұлға түлектер мен біртуар азаматтарының есімдері жазылған аудан энциклопедиясы жарық көреді.



Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын Ресей елінен күнкөріс үшін жер іздеп босыған орыс, украин шаруалары қоныстанған, одан соң қуғын-сүргінге ұшыраған неміс, шешен халықтарына қиын-қыстау кезінде пана болған, бертін келе тың игеру науқанында көптеген ұлт өкілдеріне құтты қоныс болған, достықтың мызғымас ордасы, киелі де құтты мекен – нұрлы Нұра жерінің, жергілікті ақынымыз Махмет Темірұлы:
Қуантып мекендеген бүкіл халқын Толып тұр нұрлы Нұра 80 жасқа-
деп жырлағандай, бүгінгі арайлап атқан таңы осындай.

«Егемен Қазақстан» газеті, 25 тамыз 2008 жыл




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет