Өткен сайлау еліміздің өркениет жолындағы еңбір көрнекті кезеңі болды. Тұңғыш рет елімізде пропорционалдықжүйемен дауыс беруге көштік. Нұралықтар үшін бұл сайлау тарихи оқига болды, себеб! бірінші рет біздің ауданымыздын. тумасы, аудан әкімі Дауылбай Мейрамұлы Құсайынов «Нұр Отан» партиясынын, тізіміне енді. Әрине, бұл қай нұралық үшін де мақтаныш пен зор қуаныш. Буүгінгі таңда партия жеңіске жетуімен, жерлесіміз де жеңіскее жетті. Мәжіліс депутаттығына сайланды, саяси сынақтан абыроймен егіп. Жеңістің бәрі жақсы. Дегенмен,
ерен енбекпен, шынайы тер тегумен, халкымыздың игілігі мен ттәуелсіздіктің, баяндылыгы жолындағы нқтылы істермен қол жеткізген жеңістің жөні бөлек.
Өмір көшкен керуен секілді, бір көш кетіп, енді бірі келіп, ұрпақ алмасып жатады. Сол көштің ең ауыр жүгін көтеріп, туған елінің жүрегінен орын алған тұлғалар болады. Солардын бірі - Дауылбай Мейрамұлы. Ол шын мәнінде етегіндегі елдің ешқайсысын алаламай, барлык, ырзығын молынан ұсынатын асқар таудай жомарт, айналасындағылардан жан жылуын аямайтын көпшіл әрі адал азамат. «Адамдық, борышың- халкыңа қызмет қылу» деп ұғынатын ол туған інің, туған жерінің ертеңі үшін қызмет етіп, тер төкті.
Басқасын айтпай-ак кояйык, осы кейінгі он бір жыл бойы ауданды басқара жүріп, аудан экономикасын нарык қыспағынан шығарып, жоғарыдан қаншама нұскаулар күнара түсіп жатса да, ірі шаруашылықтарды сақтап қалу үшін қаншама тер төккені анық.Қазіргі таңда Елбасымыз өзінің биылгы Жолдауында ұсақ-бытыраңкы шаруашылыктардың басын біріктіру, оларды ірілендіру міндеттерін қойып отыр. Ал ол кезеңдегі саясат басқаша болатын. Облыстың негізгі егіс алқабынын, иесі бола тұрып, ауданда егістік өлемін, қнім көлемін ұлғайту да жүйелі қалыпта жүргізілді.
Ал енді осы Дауылбай Мейрамұлы ауданды басқарған 11 жылда ауданымызда ауыз толтырып айтатын оң өзгерістер аз болған жоқ. Осы аралыкта нарық қыспағынан ауданда б|р де бір мектеп жабылған жоқ, бес- он оқушы болсын білім мекемелерін сақтап қалуға күш жұмсады. Олардың материалдық техникалық базасын нығайту күн тәртібінен түскен емес.
Жекешелендіру саясатына сәйкес сатылып кеткен мәдениет ошақтары бюджет қаржысына қайтарылып алынды, олардын бәріне дерлік бюджет қаражатына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бір де бір үлкенді – кішілі кітапхана жабылған жоқ, қайта олар ірілендіріліп аудандык кітапхана жүйесіне біріктірілді.
Ауыз су, жол мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Қазір, міне, ауданның 7 елді-мекенінде су құбырлары жүргізілді, күрделі жөнделіп, ал
биылдан бастап аудан орталығында су кұбырлары жүргізілмек.
Енді бір ерекше атап өтетінім: Дауылбай Мейрамұлының қарапайым тұрғындармен қарым-қатынасы, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлығы. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген қағиданы берік ұстанған Дауылбай Мейрамұлы күнделкті тыныс-тіршілігінде қарапайым халықпен әркашан етене араласты, олардын мұң-мұқтажына кұлақ асты. Мысалы, үйден жұмыска жолда ол кісі кездескен үлкен-кішімен сәлемдесіп, хал-жағдай сұрасып қана қоймай, олардың азын-аулақ өтініштерін жүре тыңдамай, ойына түйіп отыратын. Содан соң құрғақ уәдеге салынбай, оларды аудан басшыларының назарына жеткізіп, ірілі ұсақты өтініштерінің орындалуын тапсырып, орындалуын қадағалап отыратын еді. Бұл оның асқан жауапкершілігін көрсетпей ме?
Әрине, ауданның барлық қол жеткізген табыстары тек бір адамның еңбегі десек, қателескен болар едік. Бірак, өзіне лайық команда жинау, оларды бір мақсатқа жұмылдыру, соңынан ерте білу де басшылық білгірлікке жатпай ма? Ол үшін ұсақ мәселе болған жок.
Ендеше, туған еліне, туған жеріне адал қызмет ете білген, барлык білімі мен тәжірибесін, күш-жігерін жұмсаған, ауылдың мұң- мұқтажына әбден қанық азаматымыз Қазақстан Республикасының Мәжілісінде өзінің лайыкты орынын алды. Ләйім ұзағынан сүйіндірсін!
Арқаның тағы да бір асыл азаматы Нұраның атын шығарып, тағы да Нұраның аты тарих бетіне алтын әріппен жазылатын болды.
2007 жыл
Таңатар шыққан асулар
Таңатар Кеңжарық топырағында туып, Жараспай орта мектебін бітірген соң , аналарынан ерте айырылған бауырларына бас көз болам деп бірден жұмысқа кірді, одан соң 1968 -1970 жылдары Целиноград құрылыс техникумында оқып, тәмамдады. Еңбек жолын туған ауылында алдымен механизатор, одан соң құрылыс бөлімінде мастер болып бастады.Кәсіби қарым-қабілеті іскерлігі, өз ісіне мінсіз жауапкершілігі танылып, 1972 жылы
«Нұра» совхозына бас прораб болып тағайындалды.Сол кездің ыстығы мен суығын бір кісідей көтеріп, жиырма жыл бойы бүтін бір ауылдың абыройын арқалап, біліктілігін, ақыл-ойын,
күш-жігерін осы шаруашылықты өркендетсем деген игі мақсатқа жұмсады.Ол мақсатына жетті де.
Ел игілігіне қызмет ететін бірнеше нысаналар салынды.Шаруашылық эканомикасы мен еңбекшілердің әлуметтік тұрмысын арттыруда зор табыстарға жетті. Кеңес үкіметі ыдырап, кеңшар тарап, шаруашылық қолдан қолға көшіп, шаруашылық тағдыры қыл үстінде тұрғанда, сауда саттық аукционына қатысып, ауылына жанашырлық білдіріп, ағайынды екеуі шаруашылықты құлдыраудан алып қалған еді.
- Бұрынғы заманда жоғарғы жақтан берілген нұсқаумен ғана жұмыс істедік. Не саласың, қалай саласың, қанша ақша бөлінеді бәрі де шектеулі болатын. Ал қазір өз еркімізде, себебі жұмсалатын қаржы өзіміздікі. Құрылыс материалдарын да өз еркімізбен таңдап алу құқымыз бар. Ал енді қазір құрылыс аз жүреді дегенге келіспеймін. Биылғы жылдың өзінде шаруашылық есебінен Кеңжарық бөлімшесінде екі баз, Алакөл бөлімшесінде екі пәтерлі тұрғын үй, Изендіде мешіт үйі салынып пайдалануға берілді. Өзімізде құрылыс бригадасы қалыптасқан. Құрылысты сапалы жүргізу мақсатында 2007 жылы Қарағанды облыстық құрылысты бақылау департаментінен құрылыс, сәулет саласында әртүрлі қызметтер көрсету үшін арнайы алған лицензиямыз да бар,- дейді мерейтой иесі.»Ондай лицензия аудан шаруашылықтарының ешқайсысында ондай лицензия жоқ.
Иә, Изенді ауылы кейінгі жылдары құрылыс қарқынды жүргені көзге көрініп ақ тұр. Б.Артаев атындағы спорт кешені, интернат, балалар алаңы, тұрғындарға қызмет көрсету орталығы, осының бәрінде тайға таңба басқандай Таңатардың ізі жатыр.
Сонымен қатар Таңатарды осы шаруашылықтың коммерциялық директоры деп те атайды. Себебі шаруашылықтың сыртқы байланысын орнату, өндірілген өнімді сату, жарату, ұқсату жөнінде келісім шарттар жасау, шаруашылықтың материалдық техникалық қамту мәселелері де
Таңатардың мойнында.
«Адал еңбек, адамгершілік қана өмір көркейтеді, бұл қос ұғымды естен шығармаңдар» деген өмірлік ұстаныммен жұбайы Шолпанмен тәрбиелеген Әселі жоғары білімді заңгер, облыстың бір үлкен мекемесінде қызмет етеді.
Бауырларының тірегі, ақылшысы, ата-анасынан қарапайымдылықтың, адамгершіліктің, қайырымдылықтың, түйір дәнін тәніне теліп, уыз нәрін бойына сіңіріп шыңдалған Таңатар ешбір жанға
«Әй» деп қатты сөз айтып көрмеген мінезінің жұмсақтығы, жанының тазалығы, мейірімділігі, имандылық қасиеттері көп..
Міне, ауыл жанашыры, оның болашағының жанашыры Таңатар Жариясұлының өткен күн өрнектерінен көп жайларды байқаймыз. Бүгінде алпыстың асқарына шығып отырған халықтың қадірлі азаматы Таңатардың атқарған ісінен әлі де атқарар істері жеткілікті деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |