Бикен ахметова


Бүгінгі Нұраның тұлпар мініп, ту ұстаған азаматтары Азамат. Ғалым.Ұстаз



бет6/20
Дата08.09.2017
өлшемі3,38 Mb.
#30690
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Бүгінгі Нұраның тұлпар мініп,


ту ұстаған азаматтары

Азамат. Ғалым.Ұстаз.


Нұра ауданының кезекті сессиясында белгілі ғалым, Е.Бөкетов атындағы университеттің профессоры, «Құрмет» орденінің иегері, «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» Қайролла Бекішевқа «Нұра ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
Қайролла Бекішев есімі республикаға танымал ғалым. Нұра жерінде дүниеге келіп, орта мектепті осында аяқтап, алғашқы еңбек жолын да осында бастаған Қайролла ағамыздың білімге құштарлығын, аса жоғары ұйымдастырушылық қабілетін байқаған басшылар оны Қарағанды

мемлекеттік педагогикалық институтына жұмысқа шақырды. Осы оқу орнында бес жыл қызмет еткен соң Мәскеу университетінің зоология кафедрасына аспирант болып жіберіледі. Қайролла ағамыздың ғылымдағы жолы қажырлы еңбек, үнемі ізденіспен, білім – инемен құдық қазғандай деп тегін айтпаған ғой, шаршамай талмай білімін шыңдаумен өтті. Маңдай тер еңбек зая кетпеді 1979 жылы Мәскеудегі Северцев атындағы ғылыми зерттеу институтында кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты. Сөйтіп жас ғалым елге оралды, әрі қарай жұмысын жалғастырды.


Нарық заманына көшу кезінде Қайролла Бекішевқа аса жауапты іс тапсырылды: ол Е.Бөкетов атындағы Университеттің тәрбие жұмысы бойынша проректоры болып тағайындалды. Бұл бір аса қиын кезең болатын. Студенттік жатақханалардан береке қашып, оларда нақты ие жоқ, кім көрінген иелік қылып, қоқанлоққы көрсету фактілері жиі кездесіп, тіпті студенттер арасында өз өзіне қол жұмсау да жиі орын алған кез болатын. Сол кезде Егемен Қазақстан газетінде осы келеңсіздіктер жайында «Ащы сабақ» деген мақала да жарық көрген еді. Қайролла ағамыз бұл қызметке білек сыбана кірісіп, ең алдымен жатақханаларда тәртіп орнату үшін жастарды әр түрлі үйірмелер, спорттық секцияларға тартты. Өнерге жақындары үшін домбыра үйірмесі, спорт сүйер жасқа қазақша күрес, стол теннисі, шахмат, дойбы сияқты үйірмелер жатақхананың өзінде ұйымдастырылды. Ал тәртіпті орнату үшін аймақтағы ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Өзі де күндіз күлкі түнде ұйқы көрмей жүріп, студенттердің сабақтарын еш алаңсыз оқуға, қажетті тұрмыстық жағдайларының болуына барлық жағдай жасалды. Ал аудан тұрғындары Қайролла Бекішевті туған жерінің нағыз жанашыры, патриоты деп біледі. Оның «Нұра» өзенін сынаптан тазарту жайындағы жобасы, ел қамын ойлаудан туындаған десек артық емес. Биосферадағы тіршілік иелерінің бәрі де биосферадағы ең асыл да бағалы зат судың қатысуымен өтеді.
39

«Су атасы- Сүлеймен пайғамбар»- дейді қазақ. Су бар жерде тіршілік бар, өмір бар: сыңсыған ну орман, жайқалып өскен егін, мәуелі бау-бақша бар. Ұлы Абайдың қара сөзіндегі биосфера туралы терең пайымы оның ғылыми көзқарастарын танытады. Ол биосфераның бар байлығы адамзат баласының таусылмас азығы екенін көрсете келіп, «Кім өзіңе махаббат қылмағың парыз» деп, өскелең ұрпаққа биосфера ананы аялап сүюге үндейді. Дүние жүзіндегі барлық халықтар сияқты қазақ халқы да ерте заманнан өзен, көл, бұлақ, әсіресе, құдық суының тазалығына көңіл бөлген. Ата- бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды ластамау, сабамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Мысалы: «Суды сабама - балығын шошытасың, бұлақты лайлама - құсын кетіресің» деген. Еліміздің ірі өзендерінің бірі Нұра өзенінің ластануы тек өсімдіктер мен жануарлар ғана емес адамдар үшін аса қауіпті екенін ғалым жерлесіміз ғылыми тұрғыдан әлдеқашан дәлелдеп берген болатын. Мың шақырымға созылатын Нұра өзені оны бойлай орналасқан қаншама елді мекендер үшін тіршілік көзі емес пе? Нұра өзенінің суын Қарағанды және Теміртаудан құйылатын өнеркәсіп қалдықтарынан тазартуды қажет етеді. Ғалымның зерттеулеріне қарағанда Нұра өзенінің табанында млн.тонна сынап қалдықтары шөгіп жатыр. Бұған кінәлі деп «Карбид» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» ААҚ. «ҚР Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары және Астана қаласының тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны жақсарту» атты Үкімет жобасы көлемінде проблема шешілуде. Жобаны дүние жүзілік қайта жөндеу және дамыту Банкі қаржыландыруда. Жобаның құны – 63,2 млн. АҚШ доллары, соның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 22,8 млн. АҚШ доллары қаржы бөлінген. Жоба үш бағыттан тұрады. Соның бірі - Нұра өзенінің салалары мен алабын тазарту. Оны



«Китай- строй» фирмасы атқаруда.
Елінің азамат еңбегін бағалап, осындай атақ бергенін Қайролла ағамыз үлкен толқыныспен қабылдады:
- Осы өмірімде екінші рет қуаныштан қатты толқып тұрмын. Алғашқысы сонау 1979 жылы Мәскеуде кандидаттық диссертациямды сәтті қорғап шыққанымда, екіншісі бүгін Сіздердің тараптарыңыздан осындай құрметке ие болғанымда. Нұра менің кір жуып кіндік кескен жерім, Нұра менің мақтанышым, бүгінім мен келешегім, менің қорғаным да, барым да, асылым да осы қара Нұра . Мен оған мәңгі қарыздармын,- деді ағынан жарыла. Ағамыз жұбайы Хауа Нашарбековамен дүниеге төрт бала әкеліп, тәрбиеледі, олардың бәрі де қазіргі Қазақстанның белді де беделді азаматтары. Қазіргі экология ғылымы жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың барлық салаларымен тығыз байланысқан кешенді ғылым. Ғылымды дамыта жүріп, туған өлкесінің қамын да естен шығармайтын, туған жердің нағыз патриоты Қайролла ағамыз қандай атаққа болса да лайық екенін жерлестері бірауыздан құптап «Нұра ауданының құрметті азаматы» атағын беруі де осыдан.

Азамат ажары


Қандай іске болсын қабілетті, өз мүддесінен халықтың мүддесін жоғары қоятын, өзгені құрметтеп, сол арқылы өзін де сыйлата білетін азаматтардың бірі Құрмет орденінің иегері Сейілхан Оспанбайұлы Қоңырбаев.

Ол халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңірген, адамгершілігі мол, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, мансаптыққа мастанбай, халық үшін қиындықтан да жасқанбаған жан.

Сейілхан Оспанбайұлы 1948 жылдың 4 желтоқсанында Қарағанды облысының Нұра ауданы Жараспай ауылында жұмысшы отбасында

туды.1966 жылы Жараспай орта мектебін, 1978 жылы Талғар ауыл шаруашылық техникумын қызыл дипломмен бітіріп, агроном- ұйымдастырушы мамандығына ие болды. 1978-1984 жылдары Октябрьдің

17 жылдығы атындағы кеңшарда агроном, бөлімше меңгерушісі, бас агроном қызметтерін ойдағыдай атқарды.

1987 жылы директорлар даярлайтын курста оқуда болды. 1988 жылдың қазан айында партком хатшысы болып сайланды, ал 1989 жылдан тамыз айында балама негізінде Октябрьдің 17 жылдығы атындағы кеңшардың директоры болып сайланды. Целиноград ауылшаруашылық институтын өндірістен қол үзбей оқып, 1985 жылы ғалым-агроном мамандығы бойынша аяқтады.

Қайта құру кезінде кеңшар «Жараспай» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке ауысты, ол осы шаруашылықты 19 жыл басқарып келеді.

Отбасында асқар таудай әкенің орны бөлек екені даусыз. Ал ер бала үшін тіпті ерекше деп айтуға болады. Осы орайда «Әке көрген –оқ жонар» деген нақылдың ғасырлар бойғы халық тәжірбиесінен қорытылғанын аңғарамыз. Оспанбай ақсақал орнықты мінезімен, шаруаға икемділігімен, ақыл- парасатымен тек Сейілхан ғана емес маңайындағы өзге адамдарға да өнеге еді. Жастайынан еңбекке араласқан Оскең ат жалын тартып мінген бойда Ұлы Отан соғысының от жалынында шыңдалып, елге аман-есен оралған соң тұстастарымен бірге күйзелген шаруашылықты қалпына келтіру күресіне жұмылды. Іскерлігімен көзге түскен Оскең аз уақытта бригада тізгінін қолына алып, ауылдастарын науқандық жұмыстарды дер кезінде аяқтап шығуға бастады. Қарамағындағылардан тек жұмысты ғана талап еткен жоқ, таршылық тауқыметін тартып жүрген жетім-жесірлердің қас-қабағына да қарады, мүмкіндігінше оларға қол ұшын беруге тырысты. Бертінде өзінің ұлы Сейілхан ел басқару ісіне араласқанда абзал әке сол бір таршылық жылдардан әңгіме қозғай отыратын. Енді бағамдаса елеусіз ғана айтылған әңгімелері арқылы Сейілханға бағыт-бағдар сілтейді екен ғой жарықтық.

Иә, Сейілхан үшін өзінің әкесі үлкен тәрбие мектебі болды. Еңбекке араласа

бастаған сәттен абзал әке ұлын сергектікке, қарапайым адамдардың мұң- мұқтаждарына немқұрайды қарамауға үйретті. Ел тізгінін ұстаудың адамға үлкен жауапкершілік жүктейтінін күнделікті әңгіме арасында аңғартты. Сейілхан қай салада, қандай қызметте жүрсе де әкесінің осы аманатын есінен шығарған жоқ. Қандай қиын жағдайда да халықпен бірге болуға тырысты. Баламалы сайлау науқаны кезінде ауылдастарының өз тағдырларын Сейілханға сеніп тапсырулары да сондықтан болса керек...

Сейілхан Оспанбайұлы Қоңырбаев ел тізгінін қолына алғаннан бергі аз уақыттың ішінде жарасбайлықтар талай өзгерістердің куәсі болды. Талпыныстары нәтиже берген қуанышты сәттерді де, «ел ерге, ер жерге қараған» қиын кезеңдерді де бастан өткерді. Қалай болғанда да қарапайым халық өздерінің басшыларына деген сенімдерін жоғалтпады.

«Жарасбай» жапакершілігі шектеулі серіктестік директоры Сейілхан Қоңырбаев өз жұмысында мамандармен, тәжірибелі механизаторлармен үнемі ақылдасып отырады. Нәтижесінде жері егін өсіруге қолайсыз №2 бөлімшені мал азығын дайындауға мамандандыру жөнінде шешім қабылданды. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген. Бұл шешімнің дұрыстығын өмірдің өзі дәлелдеді. Қора-қопсылар жөндеуден өткізіліп, қысқа түсетін мал басы сұрыпталуда. Жем шөп жеткілікті Қат-қабат шаруашылық жұмыстары жүрсе де Сейілхан әке аманатын бір сәтте естен шығарған емес. Сондықтан материалдық игіліктерді өндіріп жатқан еңбек адамдарына қамқорлық жасауды қашанда бірінші кезекке қояды. Бүгінде жарасбайлықтар қамқор басшының сергектігі нәтижесінде азық-түлікпен толық қамтамасыз етілген. Ендігі кезекте ауыл тұрғындарының жем-шөбін, соғыс ардагерлерінің отын-суын жеткізіп беру міндеті тұр.

Біз бүгінгі әңгімемізге арқау еткен « Жарасбай»ЖШСнің директоры Сейілхан Оспанбайұлы Қоңырбаев әке аманатын орындауды өмірлік мұрат етіп ұстанған осындай азамат.

Өз ауылының өркендеп дамуына білімі мен білігін сарқа пайдаланып, елі мен жері үшін тер төгіп жүрген Сейілхан Оспанбайұлы екі шақырылымда облыстық депутаттыққа сайланғанда да үлкен мінберлерден ауылдың қамы, ауыл шаруашылығын қарышты дамуы, ауылдардағы ауыз су, ауыл жолдары мен әлеуметтік нысандардың жағдайын үнемі көтеріп отырды. Ауылдағы ауыз су тапшылығынан тұрғындардың көше бастауы да оның жанына қатты батты. Әлдекім құсап өз басын сауғалап қалаға қашпады. «Көппен көрген ұлы той» деп ауылда қала берді. Енді міне облыс бюджетінен қаражат бөлініп, ауылға су құбырлары жүргізілуде, бұл дегеніміз жарасапайлықтардың ертеңгі күнге сенімдерін нығайта түскендей.

Биыл жарас байлықтар 5900 гектар жерге егін септі, өнімі де жаман емес, жер мәдениетін жасқарту жұмыстары да жүргізілуде. Келесі жылы егістік көлемін ұлғайту, су құбыры тартылса қара мал басын өсіруді де ойластырып отыр.Бұл жерде жайылым мол, кеңшар кезінде де мыңғырлаған мал өрбіген үлкен шаруашылық болатын. Мұның сырын жарасбайлықтар басшылары Сейілхан Оспанбайұлының іскерлігі мен ұйымдастыру қабілетін қоса, егіншіліктің қыры мен

сырына ғылыми-практикалық тұрғыда небір өміршең тұсынан қанық екенімен байланыстырады. Тақтайқұдыққа жақындай келе, көк желегі көз тартқан мекенжай орнына қарағыштай бердім. Сірә түсінді білем, Сәкең жымиып қоя берді.



  • Бұл маған өте ыстық ерекше жер. Әредік олай-былай автокөлікпен жел есіп өте шыққанда, әкем марқұм есіме түседі.

  • Осекең бе?- Иә, ел ағасы, бригадир Оспанбай. Мына бүгінде шоқ орманшық боп көзтартқан ағаштарды әкей өз қолымен отырғызып, өзі мәпелеп өсірген көрінеді. Соғыстан кейінгі өмірі, марқұмның, осы бригада басында өткен шығар...

Директор үнсіз қалды. Түсінікті. Әкенің ғана көңілі балада емес, баланың да әке деп аңсап, еміренер шағы бұл сірә. Бірақ, қандай сәйкестік және сәттілік десеңізші! Кеше ен даланы қаракерімен Осекең дүбірлетсе, күйге, еңбек күйіне бөлесе, бүгін, міне, өмір жалғасы жарасымды, мәнді, сәнді ұштасуда.

Бүгінде Сейілхан Оспанбайұлы жастайынан отасқан жұбайы Сарамен бес бала тәрбиелеп, ұлын ұяға қызын қияға қондырған, бүгінде немере тәрбиелеп отырған аяулы да асыл жандар. Балаларының бәрі жоғары білімді, үлкені Бақытжан Астана қаласында ішкі істер қызметінің подполковнигі болса, одан кейінгілері де әртүрлі мемлекеттік қызметте.



Ат тұяғын, тай баспай ма !? - Әке жолын баласы жалғастырған, бүгінде алпыстың асқарына шығып отырған Сейілхан Оспанбайұлына еңбекте жаңа табыс, отбасының берекесін, мол қуаныш тілейміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет