Ғалым, аудармашы, сыншы, тарихшы Сәйділ Омарұлы Талжанов - филология ғылымдарының докторы, «Ұстаның үйі» ,«Сейфолланың Сәкені» ,
«Адам туралы аңыз» повестерінің авторы.
«Көркем аударманың түйінді мәселелері туралы» кандидаттық диссертация (1961), «Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері» тақырыбынадокторлық диссертация қорғап(1973), аударма мәселесі туралы құнды-құнды еңбектер жазды. А.С.Пушкин, М.Горький, В.Г.Белинский, Ф.М.Достоевский, В.Тыняновтың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Бірден бірге ұласып үздіксіз зулап, зымырап өтіп жатқан өмір көшінің аласапыранында
жақсылы-жаманды алуан-алуан іздер қалып жатады. Бұл – тарих керуенінің іздері, тарихи тұлғалардың іздері. Тарихты жасайтын халық. Бүкіл болмысы, тірлік-тынысы туған халқының тарихымен тұтаса бірігіп кеткен тұлғалар тағы бар. Белгілі жазушы, кәнігі аудармашы, танымал ғалым Сәйділ Омарұлы Талжанов сондай зиялылардың бірегейі, өмірден көргені мен тоқығаны мол, болмысы бөлек жан еді. Өмірдің соқтықпалы- соқпақты сүрлеуін шарлап, ащы мен тұщыны жеткілікті татқан ғалымның өмір жолында әсіресе кейінгі ұрпаққа ой салар өнегелік үлгілері мол. Марқұмның 70 жылдығында жазушы Ғабиден Мұстафин: “Менің көз алдыма әманда өз тұстастарының көбінен білімді, оқығаны, тоқығаны көп, бүкпесіз адал да аңқылдаған ақ көңіл Сәйділ елестейді” деп суреткерге тән танымдылықпен әділін айтып, ақтарыла жазған еді. Алайда тумысынан алғырлыққа, адалдыққа баулынған С.Талжанов ә дегеннен білімді, білікті азамат бола қоймағаны белгілі. Өзінің 70 жылға таяу жасаған өмірінде тағдыр оны талай тар жол, тайғақ кешулерден өткізіп, шыңдап, ширатып шығарғаны мәлім.
1906 жылы Нұра бойындағы Қаракемер деген жердегі (қазіргі Ақмешіт ауылы) Тоқтамыс аралында дүниеге келген ол ауыл молдасынан сабақ алады. Атасы шығыс ертегілері мен аңыздарын жақсы білген. Сәйділ
«Жүсіп - Зылихадан» үзінді жаттап, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»,
«Қобланды», «Алпамыс», «Қамбар батыр» жырларын тыңдап, жаттап өседі.
Әкесі: Омар, руы тілен, шешесі: Сарқыт, руы алсай болады. Сәйділдің әкесі Омар 1921 жылы Колчак қарақшыларының қолынан, қаза табады. Осы жылы жас Сәйділ Петропавл қаласына барып, тоғыз жылдық орыс мектебіне оқуға түсіп, оны 1928 жылы бітіріп шығады да, Ташкенттегі Орта Азия университетінің шығыс факультетіне оқуға түседі. 1931 жылы осы факультетті бітіріп Алматыға келсе, ағасы Әшім түрмеде екен. Оның артында екі баласы, хат танымайтын әйелі қалды. Сол себепті Сәйділ ағасының отбасына көмектесу мақсатымен әрі қарай өзінің оқуын тоқтата тұрады.
Одан соң Сәйділ Талжанов 1934 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтын бітіреді. Қазақ Оқу министрлігінде жұмыс істеп, Ауыл шаруашылығы институтына 1934-1937 жылдары оқиды. Бұл жылдар тарихта қуғын-сүргін жылдары болып қалды. Ауыл шаруашылық институтында доцент болып жүргенде 1938 жылы Сәкен Сейфуллиннің
«Қызыл ат» поэмасын, Бейімбеттің «Майдан» пьесасын қазақшадан орысшаға аударғаны үшін, әрі бай баласы деген желеумен НКВД «Халық жауы» деп ұстап әкетіп, 10 жылға соттайды. Ағасы Әшіммен бірге тұтқындалады. Сібірге каторгаға айдалады.
Мерзімін айы-күніне дейін өтеп, елге оралған оны тағы да ізін баққан
«қырағылар» «Сталиннің сыртынан теріс сөз айттың» деген дәйек-дәлелсіз
«айыппен» 1949 жылы елге оралғанына 1 жыл толғанда ұстап алып кетеді. Сәйділ Омарұлы 19 жылдай айдауда болып, жазықсыз жапа шеккен жан. Тар жерде жүрген күндерін Сәйділ Талжанов былай деп еске алатын:
«Күннің суықтығы, тамақтың аздығы, жұмыстың көптігі - осылардың бәрі басымда болды, бірақ қарсы тұрып, қайрат көрсеткен адамға бәрі жеңіл екен. «Шешеннің тілі – ортақ, шебердің қолы - ортақ»,- демекші осы тілім, әңгімелерім барлық қиыншылықты сақтап қалды. Лагерде таңертең жұмысқа барғаннан бастап, түскі тамақ уақытында, шылым шегетін уақытта, жұмыстан қайтып келе жатқанда, лагерлестеріме әңгіме айтамын. Сервантестің «Санчо-Панчасын», Шумер тілінде жазылған эпос
«Гильгамеш» тағы басқа халықтардың эпостарын, шығармаларын әңгімелеумен тұтқындардың біріншіден: уақыттары қысқарса, екіншіден: рухани азықтары тозбай, байи түсті десе өтірік болмас.
С.Талжановтың алғашқы шығармалары 50-60-жылдары жарық көрген “Сейфулланың Сәкені” (1959), “Ұлдай кегі” (1968) хикаяттары мен “Қайып қарттары әңгімесі” (1961), “Адам туралы толғау” (1965), т.б. туындыларын атау керек. С.Талжанов елге аман-есен оралғаннан кейін 1956-1958 жылдары Қазақ мемлекеттік әдебиет баспасында 1956-1972 жылдары Қаз ССР Ғылым академиясында қызмет істейді. 1957 жылы «Ұстаның үйі», 1959 жылы «Степной сокол», 1965 жылы «Адам туралы аңыз», 1979 жылы
«Жазушы» баспасынан «Өткен күндер сөйлейді» атты кітабы жарық көреді. Сәйділ Омарұлы С.Сефуллин, Б.Майлин, М.Әуезовтың шығармаларын орыс тіліне, орыс жазушылары И.А.Крыловтың, А.С.Пушкиннің, И.С.Тургеневтің, Н.А.Добролюбовтың, А.М.Горькидің, Ф.М.Достоевскийдің шығармаларын қазақшаға аударған қаламгер.
Сәйділ Омарұлының жазушылық өнерін шыңдай түскен бір сала – аударма деп тану керек. Ол ең алдымен аудармашы. Мәдени өміріміздің қат-қабат шаруасы мол сонау бір кезеңдерде С.Талжанов өзінің білімі мен сауатын аудармашылық өнерге жұмсаған. Аударма өнері халықтар достығының бірден-бір дәнекері. Сол халықтар арасындағы достықтың жандана түсуіне қызмет еткендердің қақ ортасында Сәйділ Талжановтың тұлғасы айқынырақ көрінеді. С. Талжановтың өзге аудармашылардан озық тұратын бір артықшылығы екі тілді бірдей ерсілі-қарсылы аудара алатығында. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі» де С.Талжановтың
аударуында жарық көрді.
С. Талжанов өзінің мол тәжрибесін жинақтай келе қазақ аударма ғылымының дамуы, қалыптасуы, тарихына қатысты пікір таратып принциптерін түзеуге тырысқан бірнеше еңбек жазды. «Көркем аударма туралы» (1962) еңбегі оған кандидаттық дәреже алып берсе, «Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері» (1975) деген кітабы докторлықты әкелген тұңғыш еңбегі еді. Бұл монография көп жыл бойы көз майын тауысқан зерттеушінің нәтижелі туындысы.
С.О.Талжановтың аудармашылық өнерін сөз еткенде шығыс әдебиетінің інжу-маржаны – “Қалила мен Димнаның” жөні тіпті бөлек. Біздің жыл санауымыздан бұрын дүниеге келген атақты “Махабхаратаның” он екі кітабынан алынған бұл мұра әуелде “Панчатантра” деген атпен әлемге тараған болатын. Кейін “Қалила мен Димнаға” айналған мұның шарламаған жері жоқ. Әлем әдебиетінің қай- қайсысы да бұдан нәр алып, сусындап отырған. Осындай өнегесі мол ғажайып дүниеге батылдықпен барып, оны ана тілімізге аударуды ұлттық мәдениетіміздің табысы .
Ол заманында кітапты мейлінше көп оқыған және сол оқығандарын, көргендерін көкейіне түйе білген адам болатын. Міне, сондықтан оның айтатыны да, жазатыны да жетерлік еді. Жазушы, аудармашы, ғалым С.О.Талжанов тағдыр тауқыметін тартып, көп қиыншылық көрсе де, мойымаған қажырлы азамат. Түрлі себептермен біраз кешеуілдеп қалса да, қыруар іс тындырды. Өмірінің соңғы он-он бес жылға таяу шамасында ол өзінің мүмкіндігінің әлі де мол екенін, ғылыми ой-пікірлерге бай екенін, керемет еңбексүйгіштігін танытып үлгерген еді. Әлі берері көп еді.Сондықтан да біз бүгін белгілі жазушы, білікті тіл маманы, айтулы аудармашы, танымал ғалым, туған әдебиетіміз бен орыс әдебиетінің, әлемдік әдеби мұраның білгірі, бірнеше туыс тілдерді меңгерген түрколог, әрі шығыстанушы, тіл мен әдебиет насихаттаушысы, шешен (оратор), қазақ журналистикасының ардагері Сәйділ Омарұлы Талжанов мұрасының бағы жана берсін демекпіз.
Әділдігімен қара қылды қақ
жарған
Шындықтың ауылын іздеп, түстім жолға, Разымын не көрсем осы жолда. Шаршармын, адасармын, шалдығармын, Бірақ бір табармын деп көңілім сонда.
Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Өмірінде маңайындағыларға жақсылық шуағын шашып, алысты да жақынды да бауырына тарта білетін, жүрегі кең, мейірімі мол азаматтар болады. Мұндай адамдар есімі өздері бақи дүниеге аттанғанымен, ел жадынан өшпейді, ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Қысқа өмірінде артында
адал еңбегімен, жақсы атымен өшпес із қалдырғандардың бірі, ауданнан шыққан алғашқы заңгер атамыз Ахметов Хамит атты азамат еді.
Ол кісі 1914 жылы Нұра ауданының Захаровка ауылында дүниеге келген. Жасынан зерек болған ол орталау мектепті аяқтасымен еңбек жолын аудандық комсомол комитетінде пионер ұйымын басқарудан бастаған.Бұл
– комосомолдың қиын да жауапкершілігі мол жұмысына ысылып, адамдармен жұмыс істеу ісінің қыр-сырын меңгеріп, әжептәуір тәжірибе жинақтап қалған кез-тін. Жас маманның қабілетін байқаған комсомол комитеті оған Петропавл қаласындағы кен мамандарын дайындау мектебіне жолдама береді. Оны үздік біріріп қайта аудандық комсомол комитетіндегі қызметін жалғастырады. Алған бетінен қайтпайтын жігерлі жастың бойындағы қасиеттер оны 1936 жылы М.Фрунзе атындағы Омск қаласындағы біріккен әскери мектебіне әкелген, онда оқып жүрген кезде елдегі әке-шешесінің қайтыс болып, артында бауырлары қорғансыз қалуына байланысты елге оралуға мәжбүр болады.
Сөйтіп, бауырларына қамқор болып, өмір ауыртпалығын көтере жүріп, еңбегін әрі қарай жалғастырған Хамит атамыз 1938-1941 жылдары аралығында Киров ауылдық кеңесінің төрағасы қызметін, одан соң Куйбышев атындағы колхоз председателі қызметтерінде болып, ауыр кезеңде елмен етене араласып, олардың мұң мұқтажымен бірге болған.
Жұмысына тиянақты, білімді, маңайындағыларға азаматтық қасиеттерімен таныла бастаған оны 1945 жылы арнайы органдардың ұсынысымен Нұра аудандық прокуратурасына халық тергеушісі болып тағайындалады. Тергеушінің ауыр да, мазасыз жұмысы жас жігітті мұқалтқан жоқ, қайта шыңдай түсті. Осы қызметте ол кісінің білімі мен талабы ерекше ашылып, 1949 жылы оны Қарағанды облыстық прокуратурасына қызметке ауыстырылады. Өзінің ерен еңбегі, білімі, біліктілігінің арқасында ол қайда жүрсе де, қандай қызметте болса да биік беделге ие болды.
29
Өз жұмысына мейлінше адал, өз ұстанымы мен заң талаптарына ғана жүгінетін ол талай жанды қиянаттан арашалап, ел алғысына бөленді. Оның арасында Жезқазған, Қарсақпай қалаларының прокуроры қызметтерін атқара жүріп, Алматы қаласындағы Жоғары заң мектебін бітіріп, заңгер мамандағын алды.
Қай жерде қызмет істесе де ол кісі өзіне жүктелген міндеттерге асқан жауапкершілікпен қарап, әділдікке жүгінген. Қарағанды облыстық прокуратурасында оған аса ауыр қылмыстарды ашу бөлімін басқаруды тапсырылған болатын. Әрине, бұл өте күрделі сала екені де белгілі, кісі өлтіру, мемлекет мүлкін талан – таражға салу, зорлық және басқа да аса ауыр қылмыстарды тергеу, оның үстіне сол кездегі қоғамдағы жағдайды ескерсек, ондай міндеттерді адал атқару адам өміріне қауіп төндіргені де сөзсіз. Сол кездерде қиындыққа мойымай өзі таңдаған ісіне бар күш жігерімен атқарғаны көпшілікке аян еді. Небір қиын күрделі қылмыстарды ашу, тексеру ол кісіге тапсырылатын да. Ешқашан да әділетсіздікке жол берген емес, сот шешімімен келіспеген кездерде, жоғарғы органдарға наразылық жасаудан қорықпайтын.
1964 жылы денсаулығының нашарлауына байланысты ол кісі өз өтінішімен елге оралып, Нұра аудандық прокурорының орынбасары қызметіне ауысты. Осы қызметте Хамит Ахметов ақтық демі таусылғанша қызмет етті. Жас мамандарға ерекше қамқорлықпен қарап, тергеу мектебінен өткізіп, тергеу ісіне бағыт бағдар беріп, тергеудің сапалы жүргізілуіне барынша назар аударып, қадағалап отырды, оларды Конституциямызға адал қызмет етуге баулыды.
Атамыз білімді де білікті, тәжірибелі де сөзге шешен, ойы ұшқыр, әділетті заңгер болатын. Бірақ, небәрі 54 жасында өмірден озды. Оны көзі көрген ақсақалдар «Қызметіне адал, ағайынға қамқор, елім деп туған азамат еді.» деп еске алады.
Өзінің қара қылды қақ жарған әділдігімен, табиғи парасаттылығымен қамшының сабындай қысқа өмірінде өшпес із қалдырған азаматтың есімі ел есінде сақталып, ісі ұрпақтарымен жалғасады.
30
Өмірі - Өнеге
Достарыңызбен бөлісу: |