Бикен ахметова



бет20/20
Дата08.09.2017
өлшемі3,38 Mb.
#30690
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Өзім және отбасым туралы



Әріптес туралы әңгіме

Ана. Журналист. Басшы.

2006 жылы аудандык «Нұра» газетінің редакторы Дыбыс Ахметов зейнет демалысына шыкты. Аудан әкімшілігінің органы болып саналатын газет басшылығына кімді тағайындаймыз дегенде тандау ұйымдастыру бөлімінде кызмет істеп жүрген БикенАхметоваға түскен еді.Солай болатын жөні де бар еді. Өйткені, Бикен 1974 жылы Қарағанды мемлекетпк университетінің математика факультетін тәмамдап, Нұра ауданындағы Байтуған аулына ұстаздық қызметке барғаннан бастап газетпен байланысын үзген емес. Мектеп өміріндегі жылт еткен жаңалык

Бикеннің каламы аркылы аудан жұртшылығына тарап жататын. Одақ тұсында азаматтардьщ оқитыны төрт-бес-ақ газет еді ғой. Сөйтіп, Бикен жетпісінші жылдары «тілші-ұстаз» ретінде белгілі болды. Мектептегі қоғамдык жұмыстарға белсене араласқаны өз алдына бөлек әңгіме.

1985 жылы аудандык оқу бөлімі Бикенді инспекторлык кызметке шакырды. Барды. Осы жерде табан аудармай жеті жыл істеді. Қаламын қолынан түсірмеді. Аудан мектептеріндегі өзгелерге үлгі боларлык жаңалықтарды жазып тұрды.

1992-1995 жылдары аудандық «Қазак тілі» қоғамының бас маманы реінде талай игілікті шараларды жүзеге асыруға ат салысты. «Нұра» газетіне кесектеп жазғаны да осы кез. Наурыз мереке, халкымыздың ұмытыла бастаған салт-дәстүрі, қазақт ілінің мәртебес1н көтеру туралы б1рнеше проблемалык мақала жариялады.

1995 жылдан бастап Нұра аудандық әкімшілігінде ішкі саясат, ұйымдастыру бөлімінде кызмет аткарды. Осында жүргенде де газеттен қол үзген жок.

- Редакторлык кызмет ұсынылғанда «Ойланайын» дедім, - дейді Бикен, - Әрине, жазу қолымнан келеді ғой. Бірак ара-тұра б1р макала жазу бар да, аудан өмірінің айнасы саналатын газет ұжымын баскару бар гой. Оның үстіне әйел адаммын. Отбасы, бала-шага, келімді-кетімді қонақ бар дегендей. «Байтал шауып, бәйге алмайды» деген сөз де көкейде. Содан жолдасым Нұрабаймен акылдастым. Көп сөзге жоқ ол. «Саған сенім көр- сетіп отыр ғой» дегенді айтты...

***

Бикен қаршадайынан қайсар болды. Сабақта да, спортта да бірінші болуға ұмтылатын. Әкесі - Сағымбек соғысқа қатыскан. Елге мүгедек болып оралды. Анасы - Жамал Кеңжарык аулында сауыншы болып істеді. Бикен отбасындагы сегіз баланың алтыншысы. Қыздың - үлкені. Сондыктан, таңмен таласа тұрып, анасына қолқабыс жасады. Еңбектің бейнетін ерте сезінді. Тез есейді. Алпысыншы жылдары Кеңжарык «Нұра» совхозының орталығы болатын. - Мен бастауыш сыныпты бітіргеннен кейін біздің үй іші Щербаков ауылына қоныс аударды, - дейді Бикен, - Ол жерде қазақ мектебі жоқ екен. Мен «орыс класына бармаймын» деп отырып алыппын. Мүмкін, ұлттык болмысымды жоғалтып аламын деген сезім болған шығар. Содан 8-ші сыныпты Маржанкөлдегі нағашыларымның қолында, 10-шыны Киевкадагы №2 мектеп- интернаттан бітірдім...


***

Иә, Бикенніңқолынан жазу келетіні рас еді. Бірақ, ұжым басқарып көрген жок. Ал мына бара жатканы қашанда дау-дамайы көп журналистер ұжымы. Жүрексінді. Дегенмен, тәуекел етті. Ұзақ жылғы жұмыс тәжірибесіне, кез келген адаммен тіл табыса білетініне сенді. Нұраның тумасы ғой. Оның үстіне белсенді тілші ретінде аудан жұртшылығына танылып қалған. Редакция ұжымы жаңа басшыны жатырқамай қарсы алды.

Газеттің қалай шығарылатынынан хабары жоқ Бикеннің көп ізденуіне тура келді. Білмегенін қарамағындағы қызметкерлерінен сұрауга намыстанбады. Осылайша бірте-бірте ынтымағы жараскан ұжым қалыптасты.

Жұмыстың барысымен танысқан Бикен басқа аудандардағы әріптестерінен көп кейін қалғандықтарын аңғарды. Редакция Қарағанды қаласындагы баспаханада екі шығаушы ұстал отыр екен. Журналистер жинаған материалдарын аптасына бір рет электронды пошта аркылы соларга жібереді. Одан кейінгі газеттің тағдыры шығарушылардың қолында. Осыдан барып материалдар кешігеді, маңыздылығын жояды.

Бикен аудан әкімдігіне, облысқа барғыштап жүріп, газетт1 өздеріндегі компьютерде әзірлеп,бірден баспаханага жібертуге қол жеткізді. Соның нәтижесінде газеттің сапасы да, мазмұны да жақсара түсті.

- Аудан әкімі Серік Шайдаровқа рахмет, - дейді Бикен, - Газеттің әр санын мұқият окып, жұмысымызға бағыт-бағдар беріп отырады. Редакцияның материалдык жағдайын да назардан тыс қалдырмайды. Қазір нарық заманы. Сондықтан, өзіміз де есеп-шотымызга қаржы түсіру максатында жарнамаға ерекше көңіл бөлеміз. Соңғы бір-екіжылда 5 компьютер, жиһаз сатып алдык. Редакциямыз орналаскан ғимараттың жылыту жүйесін жөндеуден еткіздік. Көлігіміз бар. Тек 6ілікті кадр жағынан тапшылықсезілуде. «Дипломмен — ауылга» бағдарламасында дәрігер, мұғалім, мәдениет қызметкері бар, ал журналист маманы жоқ.Осы мәселе алдағы уақытта ескерілсе жөн болар еді.

Газетіміз екі тілде шығады. Шевченко Наталья, Виктория Грицова орысша материалдарды, өзім қазақшасын әзірлеймін.

«Тілші - тірегіміз» деген қанатты сөз бар ғой. Біз де жер-жердегі тілшілердің көмегіне сүйенеміз. Газетіміз бұрын 2 парақ болып шығатын, қазір көлемі екі есеге ұлғайды. Бұрын Нұра ауданының аумағында 18 шаруашылық болған. Кейін оған Теңіз өңірі қосылды. Жер шалғай. Жиі баруға мүмкіндік бола бермейді.

Міне, осындайда тілшілердің көмегіқажет-ақ!

Баршыннан Балғабек Нұрғалиев есімді қария үнемі жазып тұрады.

Көбінесе тәрбиелік мәнімол ел аузындагы әңгімелердіжібереді. Жараспай аулында Алла Қабылдина, Кертіндіде Дәмежан Жақсыбаева деген тілшілеріміз бар..

Әйел адамға басшылык қызметте болу оңай емес. От анасының жиі-жиі іссапарга шығып, сенбі күндері ауданға, облысқа жиналысқа шапқылап кететінін ер адамның қайсысы жөн көреді дейсіз. Ал Бикеннің жолдасы Нұрабай зайыбыныңқызметіне түсіністікпен қарайды. Әр кез қолдап, жақсы бастамаларын мақұлдап отырады. Татулықтары жарасқан үлгілі отбасы үш бала тәрбиелеп өсірді. Бәрі де бір бір мамандыктың иелері, үш немерелерікуанышқа кенелтуде.

Тілеукабыл БАЙТҰРСЫН.

НҰРА ауданы.

СУРЕТТЕ: Б.АХМЕТОВА.



Р.S. Таяуда Бикен Сағымбекқызы Облыс әкімінің «АЛТЫН СҰҢҚАР» сыйлығына ие болды.
Мұның өзі Бикеннің осы саладағы еңбегіне берілген әділ баға екені даусыз.
27 маусым 2010 жыл.


Мен білетін Бикен







Осы мақалада мен «Орталықтың» оқырмандарына есімі танымал Бикен Ахметова туралы жылы лебіз білдіруді жөн санап отырмын.Қай уакыттан да, қашаннан да жаксы сөзге лайық адам жайлы дәл осы күні айтудың, жолы мен мәні бөлек. Өйткені, арамызда бір көйлек бұрын тоздырған ғана айырма бар тұрғыласымыз бедерлі белеске көтеріліп, шаңырағы шаттык шуағына бөленген сәт - бүгін. Маңдайы бақытына жазған қосағы Нұрашы жанында, Алматы, Балқаш, Қарағандыдан жетіп, кұшағын аймалаған алтын асыктай ұл-қыздары, немерелері ортасында қуанышы асып-төгілуі

екені біздің де көңілімізді өсіріп отырғандай. Сондайлық өміріне әрдайым тілеуқорлығымыздың шын сыры дер едік мұны. Тек өзіне, отбасына емес, Бикенмен аралас-кұралас былайгы жұрттың бәріне ортақ мерейлі деп білеміз ақпанның, бұл жұлдызын. Ошақ басынан асып, айналасына, қала берді Нұрасының, қадірлі жанына айналуына орай осылай дей аламыз.



Жастық шақ тіршіліктің көктемі емес пе?! Қызықтығы сол, Бикеннің есепті тез шығаратын дәптеріне жабысатын кезден бірге өсіппіз. Неге екені түсініксіз, ұлдарғ қарағанда Хауа, Төлеу, осы Бикен сияқты қыздар математикаға жүйріктін. Әуестігіміз әдебиетке ауып жүргенде ақыры мүлдем қара үздіріп те кетті. Сондықтан, ол білімін тереңдетіп, аталган пәннің білдей бір оқытушысы атанғанда еш танданыс болмағанды. Шын танданыс кейінде болды. Ұстаздықтың он шақты жылынан соң аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері қатарынан табылуы таңырқатты алдымен. Анығырақ айтқанда, оқып-тоқығанды, біліктілікті, ойға, сөзге, жазуға жүйріктікті кажет ететін, жүгірісі көп міндетті бірден үйіріп әкетуі таңдандырған. Жаңа заман лебі есе бастаған уақыт талабы ауаның, тіпті, жеделдетіп мемлекеттік тіл мәртебесін өсіруге, қазақ мектептерінің көбеюіне белсене кіріскен іс-әрекеті қоса сүйсіндірген. Жел диірменмен жалғыз найзаласқан ! Дон Кихотша, ұлттык рух басы лып қалған аймақтағы осы күресі жемісіне ауданның қазіргі қазақы ланған қалпы айғақ.

Тағы бір таңдандыруын және айтпай кетуге болмайды. Енді бірде жергілікті «Нұра» газетінің бас редакторы болуға батылы баруына таңырқағанбыз. Жә, ұйымдастырушылық жағы қолынан келер, ал жазу- сызуы калай болар екен деген ой көңіл алаңдаткан. Ғажап, бұған да бұрыннан бейімі бардай, таза журналистік тұрғыдан танылуына қуандық. Қаншалықты білемін десең де, әр адамның беймәлім қырлары ашыла беретінін Бикеннің еңбек жолындағы осындай ерекшеліктері талай айқындады. Басқа-басқа, шағындығына қарамастан, шаруасы шаш етектен аудандық басылымның ауыр жүгін арқалаудың азабы бізге белгілі ғой.

118

Соны сыр алдырмай көтеріп келе жаткан қайрат-жігері ер мінезділіктің отындай көрінетіні рас.

«Жақсыда - жаттық жоқ» дегендей, кейіпкеріміздің алыс-жақыннан келетін әріптестер қауымына бауырмалдығы бөлек сөз. Нұраға іссапарларда біраз таныстар тосырқап, сырт бергенде сыйластыктын жібін үздірмеуге құрақ ұша жүгіріп, үйіре жөнелетіні осы Бикен досымыз ғана. Ел ішіне алып жүреді аралатады, таныстырады, табыстырады. Ауданның, жылт еткен жақсылык жаңалығы ел құлағына жетуіне, еңбеккерлерінің істері көпшілікке танылуына жанашыр болып, соған тартады. Өзі де орысша, қазақша бірдей жазып, жерлестерінің тынысын алыска жарқыратып жатады. Аймактың абыройын асырып, шырайын жайнаткан айтулы азаматтары Ықсан Тәттібаев, Георгий Прокоп, Сейтжаппар Нығметов, Қанат Отарбаев, Сейілхан Қонырбаевтардын, бүткіл елімізге танымал болуына салған ізі қазір қатарларын ұлғайткан жаңа саңлақтар еңбегі мен есімін елеулі етумен жалғасуда. Осындайдағы қалам жарқылы кейде көзге көрінбейтіндей іс болғанмен, міндетке адалдықты басты мұрат тұтуы нағыз журналистік мінез екені шындық. Біздің кәсіп шарапатын жақсы білетін Қанат Отарбаев бір әңгіме үстінде «Бикен апайымыздың арқасында Изенді ауылының атағы алысқа жайылды. Іс-ізденістерімізге алғаш қалам тербеуші тұрғысында көзге ыстық. Әр мақаласына марқайып, желпініп қаламыз. Ұмтылысқа күш қосады, еңбекке шабыт береді» деген еді..

Бикенге осындай сөздерден артық баға жоқтығын білеміз.

Енді, міне, жылдар жылжып, үлгілі үлкендікке көтерілген аяулы досымыз үйдің де, түздің де шаруасын шашау шығармай, тең ұстап, нұралыктар алдында сый-құрметі өсіп отыр. Баяғы ақжарқын, қанатшыл, табанды қалпы. Өмірге өрлеткен, берік серік болып келе жаткан осы қасиеттер қазіргі ажарлы шағына тіптен жарасымды.

Айкын НЕСІПБАЙ.

НҰРА ауданы. 2012 жыл 25 ақпан

119


Өмірдерек

Ахметова Бикен Сағымбекқызы - 25 акпан 1952 жьлы, Нұра ауданының Кеңжарық ауылында дүниеге келдім.

Қарағанды педагогикалық институты математика-физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша 1974 жылы бітірдім.Ұзақ жьлдар білім беру саласында, мемлекеттік қызметте болдым. Кейінгі жылдары аудандық

«Нұра» газетінде бас редактор қызметінде. Қазақстан Республикасы Журналистер Одағыньң мүшесі, 2010 жылы Қарағанды облысы әкімінің

«Алтын сұңқар» сыйлығының лауреаты.

1973 жьшы Ахметов Нұрабаймен отбасын құрдым.

Мамандығы құрылыс инженері, ұзақ жылдар құрылыс саласында еңбек етті.

Балаларымыз: Аягүл, Нұржан, Бауыржан.

Аягүл - Е.Бөкетов атындағы Қарағанды МемлекеттікУниверситетінің филология факультетін бітірген, қазір Қарағанды қаласындағы №62 мектеп директоры.

Нұржан - Қарағанды есеп-несие техникумын, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің экономика фақультетін бітірген, қазір Астана қаласында «КАSSА NОVА» банкінде басқарушы директор. Келінім - Индира - Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің экономика факультетін бітірген, жоғары білімді қаржыгер. Олардан үш немереміз бар: Надим, Мүсілім, Кәрім.

Бауыржан - Қарағанды экономика Университетінің құқықтану факультетін, одан соң экономика факультетін бітірген, екі жоғары білімі бар. Қазір Қарағанды облыстық табиғатты қорғау прокуратурасында прокурордың көмекшісі. Келінім Аида - Қарағанды Мемлекетгік Медицина Университетінің түлегі, жоғары білімді дәрігер. Немереміз Нұрали.


СЫЛДЫРАП, СҰЛУ НҰРА, СЫРЫҢДЫ АЙТШЫ


Ән Нұра, әсем Нұра, құндыз Нұра, Көңілде жарқыраған жұлдыз Нұра. Өзіңе алып келген Сәкен жыры, Өзіңе алып келген нұр қыз мына.
Ай Нұра, күнім жаным Нұра, Жылынып алсам деп, ем, жалыныңа, Шомылып алсам деп, ем, тұнығыңа, Ақпанның ызғарынан арылдың ба?!
Нан Нұра, таңым Нұра, жырым Нұра, Өзгенің қызықпаймын Қырымына.

Балауса жырымды әкеп іліп кеттім, Талыңның өрім-өрім бұрымына.


Ар Нұра, анам Нұра, панам Нұра, Өзіңді көргенде оттай жанамын да, Сәкеннің күлкісіндей толқыныңды Уыстап құйып алдым жанарыма.


МАЗМҰНЫ


  1. Танылған талап (алғы сөз орнына). 3

  2. Базарбай Әлеуханұлы «Нұрам менің» 6

  3. Нұрланған Нұра. 8

Отан үшін от кешіп, тер төккен аға ұрпаққа мың тағзым!

  1. Нұрлы Нұраның жаужүрек батыры 15

  2. Майдангер 19

  3. Ер есімі ел есінде. 21

  4. Қатардағы жауынгер 23

  5. Тіл өнерінің майталманы 26

  6. Әділдігімен қара қылды қақ жарған 29

10.Даладай дархан жақсы аға. 31

11.Биіктегі бірегей тұлға. 36



ІІ бөлім

Бүгінгі Нұраның тұлпар мініп, ту ұстаған азаматтары

12. Азамат. Ғалым. Ұстаз. 39

13.Азамат ажары 41

14.Халқына қалтқысыз қызмет еткен 44

15.Таңатар шыққан асулар 46

16.Рай в родном краю 48

17.Бірлігі бар елдің берекелі тірлігі бар 52

18.Жаңарқаны жаңғыртып, Нұраны нұрландырған.. 56 19.Еңбектің еленгені бақыт. 59

20.Жапон елінің қайырымдылығы 62

21.Целину продолжают наследники 64

22.Жаны нәзік ,мінезі қайсар Гүлнар 75

23.Мемлекеттік қызметтің үздігі 77

24.Мейірімділік шуағын төккен жан 79

25.Тектінің ұрпағы 81

26.Азамат ізі. 84

27.Успешная Людмила. 87

28.Изендіде жаңа мешіт бой көтерді 89

29.Заслуженная награда. 91

30.Өмір оты 92

31.Ғылымның биік белестерін бағындырған жерлесіміз 95

122

32.Берек басы еңбек 97



33.Еңбек –ырыстың қазығы 100

34.Еңбек еткеннің еңсесі биік 103

35.Сардар судья 105

36.Гордость района 107

37.Жомарт жан 110

38.Жұмабике асқан асулар 112


ІІІ. Өзім және отбасым туралы

  1. Ана. Басшы.Журналист. 115

  2. Мен білетін Бикен 118

  3. Өмірдерек. 120

123

Бикен АХМЕТОВА



Нұра саңлақтары

Басуға 27.04.2015 ж. қол қойылды. Пішімі 60x84/16.

Шартты б.т. 19,88 Таралымы 500 дана. Тапсырыс № 7580

«Теngri Ltd» баспаханасында басып шығарылды.

Қарағанды қаласы, Б.Жырау даңғылы, 84 үй. тел. 8 (7212) 43-19-54, 99-00-88

Моб.: 8 (702) 222 30 22, 8 (700) 222 30 22



е-шаіl: tооtеngrі@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет