Бикен ахметова


Еңбек еткеннің еңсесі биік



бет18/20
Дата08.09.2017
өлшемі3,38 Mb.
#30690
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Еңбек еткеннің еңсесі биік


«Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі»

Махмуд ҚАШҒАРИ


«Жақсы адамға жақын жүрсең, өзің де жақсылыққа жақын жүресің», деген сөзді кімнен естігенім есімде жоқ, әйтеуір, естіген сәтте көңіліме қонып, жаныма жағып, санамда сақталып қалды. Естіген бойда: «Мен осы кімдердің жанында жүрмін?» деген ойдың жетегіне түстім де кеттім. Ойлап отырсам, өзім білетін, өзім сыйласатын азаматтардың көпшілігі жақсылардың қатарынан екен. Сондай өзім үшін ардақты саналатын азаматтардың алдыңғы қатарында Әубәкіров Қайыр Сағатұлының келбеті ерекше көлбеңдей берді.
Қайыр - Нұра ауданының тумасы және барлық саналы ғұмырын осы өзінің кіндік қаны тамған қара Нұрада өткізіп келеді. Казгородок ауылындағы ең бір беделді де, ұлағатты отбасылардың бірінде дүниеге келген Қайыр, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сақталған отбасында қонақжайлылық және меймандостық рухында тәрбие алды және осы құндылықтарды өз өміріне мәңгіге серік етті. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет, ата-анаға – қошемет» дейтін қағидатты ұстанып өсті. Орта мектепті бітірісімен Целиноград құрылыс инженерлік институтына түсіп, инженер - құрылысшы мамандығын алды. Сөйтіп, өз таңдаған мамандығы бойынша еңбекке кірісті.Құрылысшы – адамзат өркениетінің бастауында тұрған мамандық. Құрылыс индустриясы – экономиканың негізгі іргетасы. Кез келген елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Құрылыс

— экономиканың негізгі діңгегі болып келеді. Кейінгі жылдары бүкіл республика бойынша құрылыс саласы қарқынды дамуда. Осы ауқымды саланы алға жылжытуда Қайыр Сағатұлы іспетті қазіргі заманға сай білікті де білімді, іскер де қабілетті мамандар өзгелерге үлгі-өнеге болып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық деңгейінің артуына айтарлықтай еңбек сіңіруде. Құрылысшылар-өмірге деген белсенді қөзқарастағы жандар болғандықтан олардың кәсіпқойлықтары мен шеберліктерінің арқасында жаңа үйлер, мектептер, аурухана, жолдар салынып жатыр. Алғашқы еңбек жолын аудан орталығындағы «ПМК-13» мекемесінде бетоншы қызметінен бастады. Содан кейінгі жылдары әртүрлі мекемелерде монтаждаушы, тас қалаушы, шебер қызметін жауапкершілікпен атқарды. Іске қабілетті, алғыр маман тез арада өзінің шеберлігімен көзге түсіп, жақсы ісімен маңайындағыларды сүйсіндіре бастайды.


Өз қызметіне деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік жас маманның тез танылуына, еңбегінің жанып, қызметте көтерілуіне себепші болды.

Ұйымдастырушылық қабілеті мен мол тәжірибесінің арқасында құрылыс саласының қыр сырына қанықты, оның егжей - тегжейіне жіті ден қойды. Нарыққа өту кезеңінде кәсіпорын таратылғанда өзі құрылыс жөндеу жұмыстары бойынша кооператив ашты. Одан соң еліміздің жаңа Елордасы Астананы салуға ат салысып бірнеше жыл бойы осы жолда тер төкті. Әділет Министрлігінде құрылыс саласын басқарды, Қайырдың қатысуымен Астанада бірнеше зәулім ғимараттар бой көтерді. Бүгінде қаладағы бой түзген тұрғын үйлерде, еңсе тіктеген емхана-ауруханалар мен білім нысандарында, іске қосылған өндірістерде – бәрі-бәрінде оның қолтаңбасы жатыр.

2006 жылы құрылыс саласындағы көп жылғы тәжірибесін жинақтай отырып, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне сынақ тапсырып, сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер жөніндегі сарапшы мәртебесін алып осы қызметтер бойынша техникалық қадағалау жүргізу құқығына арнайы сарапшы аттестаты берілген. Осыдан бері Қайыр техникалық қадағалау инженері болып қызмет атқарады. Бұл сала үлкен жауапкершілікті талап ететін сала.Ол Балқаш, Теміртау, Шахтинск, Бурабай қалаларында жүргізіліп жатқан құрылыс, жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалауды жүзеге асырады. Бүгінгі таңда Қайыр Сағатұлы елімізде Үкімет жасақтап шығарған «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыруға ат салысуда. 2011 жылдан бері «Қарағанды қаласының қалалық коммуналдық шаруашылығы» ЖШСнің аталмыщ бағдарлама бойынша күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан үйлердегі жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалауда. Өз жұмысына жауапты, адал, өз ісінің шебері. Оның құрылыс саласындағы көп жылғы еңбегі бағаланып, 2014 жылы «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы» атағы беріліп арнайы төсбелгісімен марапатталды. Бұл айтылғанның бәрі оның кәсіби маман ретінде сипаттамасы.

Ал,азамат ретінде, Қайыр оның тектілігін анадайдан көрсетіп тұратын кішіпейімділігімен, зор адамагершілігімен ерекшеленеді. Жақсы мен жаманды, алыс пен жақынды ерте айырды ол. Кімге болсын көмек қолын созуға әрқашан әзір, дос -жаран, туған - туыс арасында беделі жоғары. Бүгінгі таңда асқаралы алпысқа келіп отырған, еліне бір адамдай еңбегін сіңіріп келе жатқан, ең бейбіт және жасампаз кәсіптің өкілі Қайыр Сағатұлын мерейтойымен құттықтап, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасына ынтымақ пен бірлік, қызметіне абырой мен табыс тілейміз. Еліміздің өркениетті болашаққа ұмтылғанын ескерсек, уақыт өткен сайын құрылысшы мамандығының қажеттілігі арта түсері сөзсіз. Ендеше ол сала да осы Қайыр Әубәкіров сияқты өз ісінің майталмандары арқасында заман талабына сай дами бермек.



104

Сардар судья


Әубәкіров Ерболат Қанапияұлы 1950 жылы 5-наурызда Киевка кентінде дүниеге келген. Әкесі Қанапия Әубәкірұлы Ұлы Отан Соғысының ардагері, заңгер.

1972 жылы Отан алдындағы борыштарын атқарып келген өрімдей үш жас аудандық комсомол ұйымының жолдасымен құқық қорғау органдарына жұмысқа жіберіледі.

Ал 1973 жылы Ерболат ауданға жұмысқа келген жас маман ұстаз Сәуле Бекмағамбетоваға үйленіп, отбасын құрды. Дүниеге Гүлмира,

Жеңіс атты сәбилері келді. Қоғамдық тәртіпті сақтаудағы еңбегі еленген Ерболатты сол уақыттағы ішкі істер бөлімінің басшыларының, қазіргі ішкі істер ардагері Д. Адамбековтың ұсынуымен 1976 жылы Волгоград жоғары тергеу мектебіне оқуға жіберілді. Бір орынға бес адам таласып тұрған оқу орнына ол сыннан сүрінбей өтіп, түсіп кетті. Оқуды ойдағыдай аяқтаған ол жоғары білімді заңгер болып елге оралды. Сол жерде өмірге Нұрлан келді. Одан соң тергеу бөлімінде көп жылджар жемісті қызмет істеді, кейін әділет басқармасына ауысып, адвокат қызметінде болды.

1996 жылы ҚР Президентінің жарлығымен Октябрь аудандық сотына судья болып тағайындалды. Міне, осы уақыттан бері ол адамдардың тағдырын таразылап, оны әділ шешу жолдарын таңдау жолында тер төгуде. Қылмыстық істерді қарау барысында ол ішкі істер, тергеу саласында жұмыс жасағанда жиған тәжірибесіне сүйенеді. Оның қарауынан қанша іс өтсе сонша адамның тағдыры шешілуде. Әр адам тағдыры әрқилы оқиғалармен шырмауланып жатыр. Мәселе осы шырмаудың дұрыс шешімін табуда. Қылмыстың жасалуына ықпал еткен жайлар мен жағдайларды жою мақсатында жекелей ұйғарым шығаруды да ұмытпайды. Өзіне жүктелген міндетке аса жауапкершілікпен қарау арқылы бұл істі Ерболат абыроймен атқаруда. Осы қызметті атқара жүріп ол өзін таза, адал, бастамашыл және білікті заңгер маман ретінде көрсетті. Істерді өте мұқият қарап, негізсіз ақталуға да, негізсіз сотталуға да жол бермейді. Ол көптеген күрделі істерді, оның ішінде қазақ тіліндегі істерді де қарап жүр. Жерлесіміздің кәсіби бедел мен құрметке ие болып жүргеніне біз мақтанамыз. Оған әрі қарай еңбегі жанып, мемлекетіміздің мәртебесін жоғары көтере берсін демекпін. Сот саласында ұзақ жылдар адалдық пен әділеттікке қызмет еткен сардар судьяның әлі де қоғамға берері көп.

Күнделікті өмірде ол сыйластықты дұрыс бағалайтын, достыққа берік, ашық-жарқын, ақкөңіл адам.

Жұбайы Сәуле бар өмірін жас ұрпақ тәрбиелеуге арнады, қазір зейнеткерлікте.
105

Екеуінің нұрлы Нұра жерінде көтерген шаңырақтары биік, ордалы отбасына айналған. Лайықты ұрпақ өсіріп, балаларына жоғары білім мен саналы тәрбие берді, ұлдарын ұяға, қызын қияға қондырып, олардан немере сүйіп отыр. Балалары: Гүлмира жоғары білімді бухгалтер, Жеңіс Түркиядан алған жоғары білімді, ал Нұрлан болса ата жолын қуып заңгер мамандығын алды. Қазіргі кезде Белорусия Астанасы Минск қаласында Евразиялық сотта жауапты қызметте.

Әділдік туын асқақ ұстаған жерлесіміз осындай мағыналы да мазмұнды өмір кешуде.

106



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет