Бикен ахметова



бет17/20
Дата08.09.2017
өлшемі3,38 Mb.
#30690
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Береке басы – еңбек

Пржевальское селосы тың игеру кезінде, яғни 1954 жылы іргесі қаланған. Бүгінгі таңда тұрғындар саны 788, 253 отбасы тұрады. Ауылда 1 ірі шаруашылық,14 шаруа қожалығы, 5 сауда орны, 1 дәріхана бар. Екі тілде білім беретін орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік акушерлік пункт, спортзал, наубайхана, асхана, монша жұмыс істейді.

«Пржевальское» ауылы және осы аттас шаруашылық тың игеру кезінде құрылған 7 шаруашылықтың бірі. 1954 жылы ұйымдастырыған оған Орта Азияны зерттеуші,

орыс саяхатшысы Н.Пржевальскийдің есімі берілген. Алғашқы жылдары мұнда комсомолдық жолдамамен келген жастар, ақ селеу билеген дала төсінде сап түзеген палаткалар,

Жер қыртысын қопарған тракторлар. 1955 жылы Пржевальский атындағы совхозға Кеңес Одағының әр қиырынан 536 адам келген екен. Бүгін сонау кезде комсомолдық жолдамамен келген тың көтерушілер ұрпақтары осы шаруашылықта олардың ісін жалғастыруда. Есімі аңызға айналған екі орденді Штефан Киркэ жасы зейнеткерліктен асып кетсе де, ата кәсібін тастамай бригадир болып еңбек етуде, алдағы кезеңде енді машина трактор жөндеу шеберханасының жұмысын жаңаша ұйымдастыруды қолға алмақ. Жалпы ескіден келе жатқан көздер алтын қазына, еңбек қоры десек, артық айтпаған боламыз.

Биылғы жылы тәжірибелі диқаншы, «Құрмет» орденінің иегері, аудандық мәслихат депутаты Ықсан Тәттібаев басқаратын «Пржевальское» ЖШСінің егіні бітік, өткен қуаңшылық жылы да бұл шаруашылық бір миллион пұт алтын астық жинаған еді.

Егін жинау науқанын ұйымшылдықпен атқардық Қамбаға екі миллион пұт алтын астық құйылды. Оның бәрі осы қарапайым халықтың маңдай тер еңбегінің жемісі мен нәсібі ғой. Бригадирлер Дубовцев Виктор, Гарифзянов Марат күдіз түні егіс басында.Озат комбанерлер, жылда алда келе жатқан, өз тапсырмаларын асыра орындап жүрген Доценко Сергей, Зизе Виктор, Рақымжанов Нұргелді, Омаров Талғат, бейсембаев Жақсылық, Хасан Ербөкен, бас инженер Балтабаев Қанат, бас агроном Тасымов Жанат таңның атысынан қас қарайғанша егіс алқабында еңбек етуде

Орташа өнім әр гектардан 12,2 центнер.Бидайдың салмағы 770, сапасы 35 пайыз.



- Биылғы жыл екі миллион пұт алтын астық жинап, ел тәуелсіздігін еңбектегі табысымызбен қарсы аламыз, еңбектегі барлық табысымызды егемен еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнаймыз ,-дейді шаруашылық басшысы.Ол, әрине, өздігінен келген жоқ. Көктемде жер мәдениетін көтеру, жерге минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер сіңіру, нөлдік технологияны

97

пайдалану, өндіріске алдыңғы қатарлы технологиялар мен қазіргі заман талабына сай, отандық және шетелдік техниканы пайдалану шаралары өз нәтижесін берді. Үкімет тарапынан ауылдың жағдайын жақсартуға, ауыл шаруашылығын дамытуға барынша жағдай жасалуда.Кейінгі жылдары лизинг арқылы техникалық парк жаңартылды. Жанар жағар май, техника, минералдық тыңайтқыштар, гербицидтар – бәріне де субсидиялар мезгілімен, қажет деңгейде бөлінуде. Соңғы екі жылда 21 «Енисей» комбайны, канадалық «Моррис Консепт тұқым себу комплекстері, екі

«Бюллер Версатили» комплексі сатып алынған. Осының нәтижесінде көктемгі және күзгі дала жұмыстары жоғары деңгейде, ұйымшылдықпен өтуде. Басты байлығымыздың басы нан екенін ескерсек, қазіргі таңда мемлекеттік маңызды мәселеге айналып отырған азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған облыстағы тұрақтандыру қорына да пржевалдықтар үлесі сүбелі болды. Халықтың тұрмысы да күннен күнге жақсаруда. Науқан кезінде былтырғы жылы 9 млн теңгенің жалақысы төленсе, биыл 12,5 млн теңгшенің жалақысы төленбек, сонда орташа жалақы мөлшері шаруашылық бойынша өткен жылы 45 мың теңгені құраса, биыл 60 мыңға жақындады. «Береке басы еңбек» деп бұрынғылар тегін айтпаған. Еңбекшіл болсақ дегенімізге жетеміз. Ата бабаларымыз бізге асты кенге, үсті мал мен астыққа толы қасиетті мекенді аман есен сақтап, тарту етіп кетті. Ендігі ұрпақтың міндеті – осы барды ұқсата білу деп түсінемін- дейді шаруашылық басшысы Ықсан Балтабайұлы мен ауыл әкімі Балдырған Сәкенұлы. Иә, “бірлік бар жерде тірлік бар” деген. Осы екі азаматтың біріккен іс әрекеттерінің арқасында ауылдың жағдайы жақсарып, алға дамуда, ыдыраудан, тараудан аман. Бірнеше ұлт өкілдерінің басын қосқан ауылда достық нышаны берік, олар бүгінде бір бірімен жіте араласып, қоян қолтық өмір кешуде. Сонымен қатар тұрғындардың жеке меншігінде мал құс өсіруге барлық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда тұрғындардың жеке шаруашылықтардағы мал басы өсуде, 1000 нан астам қара мал басы, 2144бас шошқа, 578 қой, 229 жылқы, 3245 құс бар. Әлеуметтік сала да дамыған, ауылда клуб, монша, спорт комплекс, наубайханга тұрғындарға қызмет көрсетуде. Шаруашылық есебінен ауылдағы фельдшерлік акушерлік пункт толық қайта жөндеуден өткізіліп, евростандартқа сәйкестендірілді. Бос тұрған бала бақша ғимараты қайта жөнделіп, мектептің пайдалануына берілді. Онда қазір спортзал және бастауыш сыныптар оқиды.-Ауылда шешуін таппай отырған мәселе ол –ауылдағы мәдениет ошағының жоқтығы. Жаңа Мәдениет үйіне шаруашылық есебінен 4 млн теңгеге жобалау сметалық құжаттары да әзірленіп қойған. Бірақ әзір жоспарға енбей отыр,-дейді аудандық мәслихат депутаты Ықсан Тәттібаев.Шаруашылық алғашқылардың бірі болып Моңғолиядан келген жиырма шақты отбасын қабылдаған. Бұл күнде ауылдағы 800 тұрғынның тең жартысы ұлы көшпен бірге келіп, тамыр тереңдеткен кешегі тағдырлас ағайындары. Нұраның жалпақ шұрайлы қиырында тың игеру дүбірінде отау тіккен шаруашылықтың бет-бейнесін өзгертіп, қазақы қан жүгіртіп, алтын бесікке айналдырып отырған осы қауым екеніне ел сүйсінісі ерекше.
98

Қазір олардың бәрі осы ауылда орныққан. Олардың балаларын оқыту үшін ауылдағы мектепте қазақ сыныптары да ашылған. Бүгінгі таңда ол аралас орта мектепте 125 оқушы білім алып, 18 ұстаз еңбек етуде.

Шәмей Сәмет, Үбай Құрманғазы, Хасен Ербөкен есімді азаматтар көнігі механизаторлармен үзеңгі қағыстырып, науқандық жұмыстарда елеулі табыстарға жетіп жүр. Ал Қуаныш Бердікей ауылдағы фельдшерлік пункті басқарса, Егейбай Марат тұрмыста қолданылатын техникаларды жөндеп ел алғысына бөленуде. Ағайынды Жайнар Ақпар, Жайнар Мұрат кәсіпкерлікпен айналысады және де ауылда өткізілетін барлық шараларға үнемі демеушілік жасап тұрады. Ауылдағы жастардың саламатты өмір салтын ұстауға, спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Ниязбеков Ержан атты азамат өзінің негізгі жұмысымен қатар осы жастарды спортқа тарту, ұйымдастырумен де шұғылданады. Олар барлық аудандық қала берсе, облыстық спорттық шараларға белсенді қатысып, бірнеше дүркін жеңімпаздары да болды. Ардагерлер мен қариялар, көп балалы аналар, мүгедектер де қамқорлықтан сырт қалып жатқан жоқ. Ауыл әкімінің арнайы бағдарламасына сәйкес оларға үнемі демеушілер арқылы мемлекеттік емес көздерден көмектің әр түрі көрсетіледі, жем - шөп, отын


  • су жеткізіліп тұрды.Ауылдың ең өзекті мәселелерінің бірі таза су болса, мұнда ол проблема толық шешілген. Ауылда су құбырлары жүргізілген, бірнеше жылдан бері су үшін тұрғындар ақы төлемейді, ол міндеттің бәрін шаруашылық өз мойнына алған. Су құбырларына республикалық қаражат есебінен -- млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.Көптен бері шешілмей келген жол мәселесі де қолға алынуда. Биылғы жылы Шахтерское –Пржевальское тас жолына республикалық бюджеттен бөлінген --қаражатқа күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.

Бөтені жоқ адамның жақын бірі, Жадырайды Нұраның жарқын таңы. Қызыл қырман сапырып шаруалары,

Тұлпар мініп шығады талпынғаны- деп ақын жырлағандай қара Нұраның бір бөлшегі болған Пржевальское ауылының бүгінгі тыныс - тіршілігі осындай. “Ауылдарымыз бен селоларымыздың өмірсапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында көрсетілгендей «Пржевальское» ауылындағы бүгінгі жай осы талаптарға сай деп ауыз толтыра айта аламыз. Ауылдың экономикасы мен мәдениетін дамытуда әр азаматтың азды-көпті маңдай тер еңбегі, өзіндік үлесі бары анық. Пржевалдықтар да егеменді еліміздің бақытты ертеңі үшін аянбай еңбек етіп жатыр.


99

Еңбек – ырыстың қазығы


Еңбек етсең арта бермек мәртебең, Аймағыңда асатын жан жоқ сенен
МАҚТЫМҚҰЛЫ

«Жараспай» ауылы және осы аттас шаруашылық аудандағы ең ірі және ең байырғы шаруашылықтың бірі. 1932 жылы «Қызылқазақ» кеңшарының құрамынан бөлініп шыққан

«Жараспай» кеңшары 1935 жылы «17 лет Октября» болып аталды. Шаруашылық құрамында Малайқұдық, Қырауқамыс, Арықты Сияқты ірі төрт бөлімше болды. Шаруашылық мал және егін шаруашылығымен айналысты. Ал жекешелендіру кезінде ол «Жараспай» ЖШС болып қайта құрылды.

1989 жылы Жараспай кеңшардың директорлығына баламалы негізде осы жердің тумасы, туған елінің жанашыры Сейілхан

Қоңырбаев сайланды. Қайта құру кезінде 1999 жылы кеңшар «Жараспай» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке ауысты, ол осы шаруашылықты 24 жыл табан аудармастан басқарып келеді. Міне, содан бергі шаруашылықтың өсіп-өркендеуі осы азаматтың есімімен тығыз байланысты. «Азаматына қарап елін таны» дегендей, қандай іске болсын қабілетті, өз мүддесінен халықтың мүддесін жоғары қоятын, өзгені құрметтеп, сол арқылы өзін де сыйлата білетін азаматтардың бірі -

«Құрмет» орденінің иегері Сейілхан Оспанбайұлы Қоңырбаев. Ол халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңірген, адамгершілігі мол, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, мансаптыққа мастанбай, халық үшін қиындықтан да жасқанбаған жан. Биылғы жылы егіс алқабы 15 мың гектарға дейін көбейтіліп, (2008 жылда 5400 гектар) жер мәдениетін жақсарту, жерге минералдық тыңайытқыштар сіңіру, озық технологияларды пайдалануда едәуір жұмыстар атқарылуының нәтижесінде егін шығымы жақсы. Орташа өнім әр гектардан 14,1 центнер.

Шаруашылық басшысын қайнаған қызу еңбек үстінде, алтын астық үшін күндіз - түні тер төгіп жүрген қырманшылар мен қырман басында кездестірдік.

-Маңдай термен өсірілген ел ризығын шашпай төкпей жинап алу – кімге болсын үлкен сын.Ендігі міндет осы жиналған алтын астықты тазалап, құрғатып, қамбаға түсіру, халықтың көңілі көтеріңкі, қырман астыққа толса, әр отбасында да нан да мал азығы да болатыны белгілі ғой!

- деген басшы ең алдымен маңдай тер төккен еңбек майталмандарының есімдерін атады: бригадир Қожыханов Асаутай, механик Мадкенов Бектай, механизаторлар: ағайынды Бейбітовтар Ғалы мен Дүйсенбай, Әбдіхалықов Бақай, Шәкенов Қуан, «Құрмет» орденінің иегері Тұяқов Аманжол, жас механизаторлар

100

Бейбітов Нұржан, Омаров Темірхан. Осы диқандардың қажырлы еңбегінің арқасында шаруашылық биыл үлкен табысқа жетіп отыр.



Бүгінгі таңда шаруашылық 15мың гектардан астам жерге дән сіңіріп, оның 11800 гектары бидай мен арпа болса, 3000 нан астам гектар жерге алғаш рет майлы дақылдар егілді. Осылардан жақсы өнім алып отырған аудандағы ірі шаруашылықтардың бірі- осы «Жараспай» ЖШСі. Биылғы жылдың өзінде қоймаға бір миллион пұттан астам алтын астық құйылған. Ол, әрине, өздігінен келген жоқ. Көктемде жер мәдениетін көтеру, жерге минералдық тыңайтқыштар сіңіру, нөлдік технологияны пайдалану, өндіріске алдыңғы қатарлы технологиялар мен қазіргі замиан талабына сай, отандық және шетелдік техниканы пайдалану шаралары өз нәтижесін берді. Үкімет тарапынан ауылдың жағдайын жақсартуға, ауыл шаруашылығын дамытуға барынша жағдай жасалуда:

Кейінгі жылдары лизинг арқылы техникалық парк жаңартылды. Жанар жағар май, техника, минералдық тыңайтқыштар, гербицидтар – бәріне де субсидиялар мезгілімен, қажет деңгейде берілді. Соңғы екі жылда 5 «Тукани 440» комбайны, бес «Бюллер-Верстали» комплекстері сатып алынған. Осының нәтижесінде көктемгі және күзгі дала жұмыстары жоғары деңгейде, ұйымшылдықпен өтуде. Басты байлығымыздың басы нан екенін ескерсек, қазіргі таңда мемлекеттік маңызды мәселеге айналып отырған азық түлік қуіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған облыстағы тұрақтандыру қорына да жараспайлықтар үлесі сүбелі болмақ.

-«Еңбек – ырыстың қазығы» деп бұрынғылар тегін айтпаған. Еңбекшіл болсақ дегенімізге жетеміз. Ата бабаларымыз бізге асты кенге, үсті мал мен астыққа толы қасиетті мекенді аман есен сақтап, тарту етіп кетті. Ендігі ұрпақтың міндеті – осы барды ұқсата білу деп түсінемін - дейді шаруашылық басшысы, байырғы диқан, ауыл шаруашылығын өркендетуге сіңірген ерен еңбегі еленіп өткен жылы еліміздің ең басты ұлттық мерекесі -Тәуелсіздік күніне орай кеудесіне «Құрмет» орденін таққан Сейілхан Оспанбайұлы. Иә, бірлік бар жерде тірлік бар деген. Осы азаматтың ұжымын еңбекке жұмылдыру іс әрекеттерінің арқасында ауылдың жағдайы жақсарып, алға дамуда, ыдыраудан, тараудан аман. Бірнеше ұлт өкілдерінің басын қосқан ауылда достық нышаны берік, олар бүгінде бір бірімен жіте араласып, қоян қолтық өмір кешуде.

Сонымен қатар тұрғындардың жеке меншігінде мал құс өсіруге барлық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда жеке шаруашылықтардағы мал басы өсуде, 1000 нан астам қара мал басы, 1 578 қой, 369 жылқы, 3245 құс бар. Жеке меншіктегі мал басын асылдандыру мақсатында шаруашылық есебінен 4 Ангус тұқымды бұқалар сатып алынған.

Әлеуметтік сала да дамыған, ауылда орта мектеп, клуб, спортзал, фельдшерлік акушерлік пункт тұрғындарға қызмет көрсетуде. Шаруашылық есебінен ауылдағы құлазып тұрған ғимарат толық қайта жөндеуден өткізіліп, ауылдықтардың қажетін ашатын тойхана салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Биылғы жылы республикалық бюджет есебінен ауылда заман талабына сай фельдшерлік акушерлік пункт салынатын болды. Телефон байланысы да жаңартылған.

Ауылдың ең өзекті мәселелерінің бірі таза су болса, мұнда ол проблема да шешілген. Ауылда су құбырлары жүргізілген, суды тұщылайтын қондырғы да орнатылған. Көптен бері шешілмей келген жол мәселесі де шешілуде, Киевка-Жараспай тас жолына республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.



Жалпы айтқанда, «ауылдарымыз бен селоларымыздың өмірсапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында көрсетілгендей «Жараспай» ауылындағы бүгінгі жай осы талаптарға сай деп ауыз толтыра айта аламыз. Ауылдың экономикасы мен мәдениетін дамытуда әр азаматтың азды-көпті үлесі бары анық. Жараспайлықтар да егеменді еліміздің бақытты ертеңі үшін аянбай еңбек етіп жатыр.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет