ӨМІР ОТЫ «Менің назарымдағы басты мәселе – әр қазақ- стандыққа қамқорлық көрсету» деп жазды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаң- ғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы мақаласында.
Алайда, біз осы әлеуметтік қамқорлықты қалай түсінеміз? Міне, біз сөз қылғалы отырған азамат өмірі қай жасқа болмасын үлгі - өнеге боларлық.
Адам баласына деген өмірдің сынағы көп.
Одан ешкім қашып та құтыла алмайды, әркім өзінше жол тауып жатады. Алайда, әлі де сәби сезімнен арылмаған, ақыл тоқтатпаған, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалардың басына түскен ауыртпалықтарды қабырғасы қайыспай көтеріп, азамат болып кетуі бөлек әңгіме. Балалық бал дәуренде жетімдік тауқыметін тартуды ешкімнің пешенесіне жазбасын деңіз. Дегенмен, өмір болған соң бірыңғай қуаныштан тұрмайтыны белгілі. Міне, осындайда өмір айдынына салған қайығыңды тура есіп, үлкен үміттің алауын үрлеу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні де шындық. «Жесірін жатқа бермейтін, жетімін жылатпайтын» қазақы қасиеттің де қадірі кете бастаған бүгінгі күнде ата- ананың аялы алақанының жылуын сезінбеуден артық қасірет жоқ шығар. Рас, жетімдердің жетіліп кетуін мемлекет мойнына алып, үкіметтік деңгейде қамқорлық жасалуда. Соның өзінде жас шыбықтай солқылдап тұрған балалар үйлерінің түлектері үшін сын сағаты соғатын кез – осы бір тағдырдың талқысынан мүдірмей өтіп, өмір көшіне ілесіп кетуі. Қуанышы мен реніші, қызығы мен қиындығы қатар өрілетін өмірде өз жолын табуға талаптанып, жақсы жетістіктерге жеткен Дулат Түйтебеков туралы жылы сөз, жақсы пікір естігенде жүздесіп, әңгімелесуге ниетіміз ауғаны шын. Түйтебеков Дулат Хамзеұлы, Нұра ауданының Қарой ауылының тұрғыны,
«Арман» фермерлік шаруашылығының басшысы, төрт баланың әкесі. Дулат өзінің төрт бауырымен жастайынан жетім қалып, Қарағанды қаласындағы Н.Крупская атындағы жетім балаларға арналған мектеп интернатта тәрбиеленеді. Алғашқы таныстықтан соң әңгіме арнасын жұмысы, бүгінгі тірлігіне аудардық. Ойы да, сөзі де салмақты, жылы жүзді жас жігіттің азамат болып қалыптасып қалғаны аңғарылады.
– Біз ағайынды бес жігітпіз. Қарой ауылында тұратын ата-анамыздан бір сәтте айырылып, аңырап қалдық. Қазір ғой жігітпіз деп отырғаным. Бір күнде ата-анасыз қалып, тағдырдың қатал үкіміне мойынсұнып шыға келдік. 1988 жылы оны үздік аяқтап, Мичурин агрофирма техникумына оқуға түседі.
1990 жылы осы оқу орнында оқуда жүргенінде жетімдер үйінен суыт хабар келеді « кіші бауырыңды бәз біреулер асырап алғалы жатыр» деген. Дулат ойланбастан ауылдағы туыстармен ақылдаса келе бауырларын ол жерден алып кетеді. Содан бері оларға өзі бас - көз болып, бәрін аяғынан тұрғызып, бір бір үй қылып шығарды. Мектепте де үздік оқыған оған жоғарғы оқу орындарына да жолдама берсе де ол ең бастысы бауырларымды жеткізу деп, ешқайда бармады. Шаруашылықта әр түрлі жұмыс істеді. Жаста тұрса, бауырларын жеткізу мақсаты тұрды. Өмірдің ащы дәмін жастайынан татқан Дулат жұмысты таңдамай еңбек етті. Отбасын құрды, өзінің жүрегін түсінетін жан Күнсұлумен шаңырақ көтерді. Сонан соң әке арманы өз алдына шаруашылық құру еді ғой деп, 1999 жылы «Арман» шаруашылығын құрды. Әрине, алғашқыда тақыр жерде құрылған шаруашылықты аяғынан тік тұрғызу оңай емес еді. Бірақ Дулаттың табандылығы, алдына қойған мақсатқа жету жолындағы маңдай тер еңбегі өз нәтижесін берді.
Кейінгі жылдары мемлекеттің әлеуметтік саясатын, адамдардың тұр- мыстық деңгейін көтеруге бағытталған жұмысы арқасында несие алып шаруасын түзеді.
Ал биылғы жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 3 млн теңгенің несиесін алып, 20 бас қара мал сатып алды. Қазіргі таңда шаруа қожалығында 340 гектар егістік, 568 гектар жайылым жері бар. 9 адам жұмыспен қамтылған. Үлкен баласы Арман биыл орта мектепті бітірді, бірақ жаз көмектесіп егін ору, мал бағу жұмыстарына белсене араласуда. Алдағы уақытта Дулат «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 8 млн теңгеге несие алып, мал басын көбейтіп, мал тұқымын асылдандыру жұмысымен айналысуды, мал азығын сапалы әзірлеу үшін көп жылғы шөп егіуді де көздеп отыр. Мақсат айқын, жоспарлар да бар. Олардың толығымен орындалары сөзсіз.
-Тек еңбектің арқасында өміріңді жақсарта аласың. Мен бауырларымды да осыған тәрбиеледім. Соның арқасында олар әр түрлі кәсіпті меңгеріп бала шағаларын асырап отыр. Халқымыз замананың
«мың өліп, мың тірілген» қиын кезеңдерінен ерліктің ғана емес, еңбектің арқасында өтіп, халық болып қалды. Еңбектенбесе қазақ Алатаудан Арқаға, Алтайдан Атырауға дейін созылған осынша кең-байтақ жерге мыңғыртып мал өсірер ме еді?! Еңбектенбесе аттың жалында, түйенің қомында көшіп-қонып жүріп, уығы мен шаңырағы күннің шапағын еске түсіретін, өте қолайлы киіз үй тігіп, көшпенділер мәдениетін қалыптастырар ма еді?! Елбасының «Әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалды» деуі сондықтан. Үкімет тарапынан еңбек адамына барлық жағдай жасалуда. Қазір «еңбек етуге, шаруа бастап, іс істеуге қандай да бір кедегілер бар ма?» деген сауал
туады. Иә, меніңше, әлі де кестесін келістіре алмай жатқан істер бар. Соның бірі адамдарды ақпараттық сауаттандырудың жетімсіздігі деп білемін. Еңбек еткісі-ақ келеді, бірақ қайда барса да тұйыққа тіреле берген соң, салы суға кетіп, қолы жұмысқа бармай қалатындар да кездесетіні анық. Қазір өзін өзі жұмыспен қамтамасыз еткісі келетіндерге, орта және шағын бизнесті дамытуға арналған шағын, жеңілдікпен берілетін несиелер бар. Мал өсіремін дегендерге «Сыбаға» несиесі беріліп жатыр. Мал тұқымын асылдандырамын десе, мемлекет оған дотация береді. Шаруаға бұл да көмек. Осының барлығын адамдарға айтып түсіндіруіміз керек. Арнайы мамандар оларға шаруа жүргізуді, бизнес-жоспар жасауды үйретсе адамдардың іс бастауға деген ынтасы артар еді. Мал шаруашылығы дамымай дастарқан молшылығы болмайды.Өте маңызды бағдарламалар қабылданып жүзеге асырылуда. Тек адамдар өздері талаптанулары керек,- дейді Дулат Түйтебеков.
Арманы биік, алдағы өміріне үлкен үмітпен қарайтын жастың өз болашағының тұғырын өзі берік бекітуге ұмтылысына риза болдық. Бастан өткен қиын күндердің есесін алдағы өмірдің әдемілігімен қайтаруға деген талпыныс талапты жастың болашағының баянды да бақытты болатынына сендіре түседі. Алыпсатарлар емес, өз маңдай терін төккендердің, адал ең- бекпен тұрмысын түзегендердің келешегі сенімді Адам өзінің игілігі үшін еңбек етіп, нәтижеге қол жеткізеріне осы бір қарапайым қазақ баласының өмір жолы дәлел бола алады.
«Егемен Қазақстан» газеті, 2012 жыл 10 қыркүйек, Бикен АХМЕТОВА.
Нұра ауданынан
Ғылымның биік белестерін бағындырған жерлесіміз
Қарын үшін жұмсалады мал деген, Айсыз түнде ғылым болмақ шам деген. Таусылады, сарқылады жұмсалса, Баяндығы ғылым тұрып малдың кем.
Амандамай суың бойға батпайды, Түн ұйқысы түгел емес жатпайды. Сақтамайды сеніп келген мал сені, Сақтай алса ғылым ғана сақтайды.
ДИАҚАЖЫ.
«Асқар тауға алыстан қара» дейтін сөз бар. Оның саңлақ тұлғасы, көрікті сымбат сипаты сонда ғана ашылатын сияқты. Сондай- ақ үлкен ғалымға деген көзқарас та, ұғым мен сезім де уақыт озған сайын сынақтан өтіп, оның талантын анықтай да айқындай да түсетін сияқты. Ғылымның шырқау биігіне жететін өмір жолы оңай емес. Ол таудай талап пен талпынудың, дамылсыз ізденудің, табанды еңбектің қиын- қыстау жолы. Бүгінгі әңгімеге арқау болып отырған Тұяқ Исабеков осындай жолдан тапжылмай өткен, қазіргі таңда Қазақстанның техника ғылымында беделді тұлғалардың бірі. Елге еткен қызметі мен ұрпаққа үлгі ұстаздығы, ғылымға деген адалдығы, парасаттығы бір адамның басынан табыла бермейтін ерекше қасиеттері оған тәңірдің берген сыйы, ұрпақ үшін үлкен өнеге. Әрине, бүгінгі Тұяқ Көпейұлы жеткен асулар оның ұзақ жылдарғы ерен еңбегі мен ізденісінің, білім мен ғылым жолында төккен маңдай терінің жемісі.
Исабек Тұяқ Көпейұлы 1950 жылдың наурыз айының 25 жұлдызында дүниеге келді. Орта мектепті Нұра ауданы Көбетей ауылында бітірді. Осы мектепте математика және физика пәндерінен дәріс берген ұстаздар Есім Жүпенов пен Зүбән Қасымовадан алған терең білімінің арқасында 1967 жылы Қарағанды политехникалық институтының тау-кен факультетіне түсіп кен инженері мамандығына ие болды. Қиыр Шығыста Кеңес әскерінде артиллерия полкында офицерлік қызмет атқарып оралған соң ол Қарағанды қаласындағы «Западная»шахтасында жер астында – кен мастері, участке бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1977 жылдан Қарағанды политехникалық институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) аға инженері, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкерінен профессорлыққа дейін көтерілді. 1979-1982 жылдары институттың ректоры Әбілқас Сағынұлы Сағынов басқарған
«Пайдалы кен орындарын қазып-өндіру» кафедрасының аспирантурасында
95
оқыды. 1985 жылы, Кеңес Одағына есімі белгілі профессор Квон Сергей Сынгувичтің жетекшілігімен «Тау-кен геологиялық жағдайлары күрделі көмір тақталары мен шоғырланған участкелерін қазып алу технологиясын жетілдіру және тазартпа қазу параметрлерін анықтау» тақырыптағы кандидаттық диссертация қорғады. Үнемі ізденсіте, ғылымға терең бойлауының нәтижесінде, 1997 жылы Социалистік Еңбек Ері, академик Ә.С.Сағыновтың жетекшілігімен «Жатысы күрделі көмір тақталарының шоғырланған учаскелерін дайындау қазбалар өткізусіз қысқа тазартпа кенжарлармен қазып алу технологиясын жасау» тақырыпты ғылыми диссертация қорғап, техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болды. 2001-2003 жж. тау-кен факультеті деканының орынбасары, 2003- 2004 жж. қысқа мерзімді оқыту факультетінің деканы болды. 2004-2008 жж. тау-кен факультетінің деканы қызметін атқарды.Бүгінгі таңда Социалистік Еңбек Ері, академик Әбілқас Сағынұлы Сағынов атындағы
«Пайдалы кен орындарын қазып өндіру», кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып, егемен еліміздің бәсекеге қабілетті мамандарын даярлауға сүбелі үлес қосуда. 2003-2005 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау ғылыми кеңесінің мүшесі, 2005 жылдан бері Білім және ғылым министрлігінің жанындағы бақылау және аттестациялау комитетінің сараптау кеңесінің мүшесі, Қазақстандық Ұлттық Жаратылыстану академиясының толық академигі.
160-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері, оқулықтары, өнертапқыштарының авторы. Оның ішінде 10 өнертапқыш (2 алдын ала патент), 2 ғылыми моноргафия, 3 оқулық (екеуі қазақ тілінде), 4 оқулық құрал (барлығы қазақша), көптеген оқу-әдістемелік нұсқаулар мен электрондық құралдар, ғылыми мақалалар, халықаралық және республикалық конференциялар.
1996 жылы білім саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен, 2001 жылы Қаазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты Білім және ғылым Министрінің грамотасымен марапатталды. 2007 жылы ректордың атынан «Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің құрметті қызметкері» атағы берілді. 2009 жылы білім беру ісіндегі жетістіктері мен ғылымға сіңірген еңбегі үшін «2008 жылдың Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болып ақшалы грант ұтты.
Арттағы қалған белестер қимас сезімге толы. Өмірлік жары Сәулден үш перзент сүйсе, бүгінде немеренің қызығына бөленген бұл әулет өнегелі бәйтерекке айналып кеткендей. Таңдаған асыл мұраттары ғұмырларын шексіз шаттыққа толтырған мұндай азаматтың өнегесін қанша айтса да көп емес. Ауылдың қара домалақ баласы Тұяқ Көпейұлының ғылымда бағындырған белестері мен асқан асулары нұралықтар үшін зор мақтаныш.
96
Достарыңызбен бөлісу: |