ДАЛАДАЙ ДАРХАН ЖАҚСЫ АҒА
Адам ғұмыры жалғастығының мәңгілік болары да бар. Сол жалғасты ғұмырдың негізгі арқауын әр адам баласы өз тіршілігінде қалап алары да анық.
Елге сіңірген еңбегіңмен қатар, адами
қасиетін де, ақыл мен парасатың да мәңгілік ғұмырдың өлшемді бір таразысына тартылмақшы. Асылсың ба, алтынсың ба, оны да халық өзі танып алады. Дана халық танып алған және де елдің ағасы деп бағаланған аптал азаматтардың бірегейі
- танымал заңгер Зада Қажыбеков еді.
Бүгінгі азат елдің айшықты Ата Заңы, жүйеленген заң саласымен өз ісін жетік меңгерген кәсіби мамандар өздігінен пай-
да болып, өздері жетіле салған жоқ — олардың бастауында өз
ісіне мығым алдыңғы буын ағалардың қажырлы еңбегі, инемен құдық қазғандай тынымсыз ізденген білім-білігі, парасат-пайымы тұр. Ол қашан болсын өзінің қолынан жан-жақты іс келетін, өз амал-әрекетімен, баяғының билерінше көсіле сөйлеп, әділ шешім қабылдай білер бітімгерлік қабілетімен де, адамгершілік қасиеттерімен де, кісілік келбетімен де, бе- дел-абыройымен де өзгелерден биік болған жан.
Зада Қажыбеков Нұра ауданы Киевка кентінде 1927жылы дүниеге келген. Киевка орта мектебін, Алматы жоғарғы Заң мектебін бітірген. Ұзақ жылдар бойы республиканың құқық қорғау саласында жемісті еңбек еткен. Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері», Қазақ ССРінің Құрмет Грамотасымен, басқа да марапаттармен марапатталған.
Оның балалық және жастық шағы зұлмат соғыспен тұспа -тұс келді, сондықтан мектеп қабырғасынан бастап еңбекке араласып, үлкендерге көмекші болды. Жасынан зерек, білімге құштар, ұйымдастырушылық қабілеті зор болған ол 9-шы сыныптан соң комсамол комитетінің хатшысы болып жұмыс істейді де оныншы сыныпты оқи жүреді. Орта мектепті бітірісімен арман қуып Алматыға аттанған Зада Қажыбеков өзі армандаған мамандықты меңгеру үшін бірден жоғарғы оқу орнына - Заң институтына оқуға түседі. Бұл оқу орнын сәтті бітірген жас маманды Кеңес Одағының Ішкі Істер Министрлігіне қарасты Жезқазғандағы Степлагқа прокурордың көмекшісі етіп тағайындайды. Бұл 1950 жыл болатын. Бұл жерде сталиндік репрессияға ұшыраған жандар отырған еді.
Жас прокурор тәжірибесінің аздығына қарамастан, көп ізденіп,
31
жазықсыз жапа шеккендердің ісін адал қарап, анық - қанығына жетуге тырысты. Сондай жан - жақты зерделеудің нәтижесінде олардың ішінде бостандыққа шыққандар да аз болмады. Соның бірі нұралық азамат, жазу- шы Бүркіт Ысқақов болатын. Сол зұлмат заманда әділдіктің барынан әбден түңілген,«О,әділдік. О,шындық!» деп күрсінген Бүркіт Ысқақов жас прокурордың адалдығына, өжеттігіне ерекше ризалығын, жүрек сезімін мына өлең жолдарымен білдірген болатын:
...Ызамен жүрек тесіліп, Отыр ем оймен ашынып. Түрменің темір есігі Кенеттен кетті ашылып, Кіріп келді үстімен Помпрокурор жас жігіт, Көзіме көзі түсті де:
-Отырсың,-деді не қылып? Салқындау айттым жайымды Прокурордан күтпеп ем Нансаңыз,достар, қайырды.
«Жарайды, жақсы»деді де, Шығыіт кетті қоштасып, Соңынан бастық келді де,
-Ысқақов кім? Сізсіз бе? Затыңызды алыңыз, Кешірерсіз Сіз бізді, Азатсыз енді, барыңыз.
Одан соң Зада Қажыбеков Павлодар, Қарағанды облыстарының прокуратурасында жауапты қызметтерде болды. Бұл қызметте де ол әділдігімен танылды. Адамгершілік пен білім сынға түскен небір қысылтаяң шақтарда азаматтық ардың туын, әділдіктің ақ туын аласартқан жоқ. Халқымызда «Тура биде туған жоқ, туған-ды биде иман жоқ» деген қанатты сөз бар, туралық жолынан жаңылмай қазылық еткен заңгер ғана адал прокурор бола алды. Прокурордың негізге алатыны - заң және соның мүлтіксіз орындалуын қадағалау. Заңгер үшін заңды жетік білу аз, оған ең басты қажеттіліктің бірі - адалдық. Оның кіршіксіз ақ тақтасына адами арына қылау түсірмей ұстай алғандар ғана ілігеді. Бұл ұжымдарда қызмет ете жүріп тергеу және анықтау, қылмыстық істер бойынша сот отырыстарында заңға сүйене отырып айыптарды қолдау, егер сот шешімі дұрыс болмаған жағдайда наразылық беру сияқты жұмыстарды атқара жүріп, әрине тәжірибе жинады. 1965-1971 жьлдары Қарағанды облыстық партия комитетінің әкімшілік органдар бөлімінде инструктор бола жүріп, құқық қорғау саласын жетілдіруге сүбелі үлес
қосты, облыста әділет басқармасын құруға ат салысты. 1971 жылы Қарағанды облыстық атқару комитетінде Әділет Басқармасы құрылды және оны Зада Қажыбеков он екі жыл қатарынан басқарды. Осы кезде оның ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсіби шеберлігі ерекше айқындалды.Бұл басқарманың атқаратын міндеттерін, оның құзырына енетін мәселелерді жан-жақты зерделеп әзірледі. Оның құзырына сот саласы кадрларын тағайындау да енді. Бұл қызметте болғанда Зада Әкімбекұлының принципшілдігі, ешкімнен ықпайғындығы, небір ауыр қылмыстардың ашылуына өзі кірісіп басшылық жасайтындығы, судьялардың тек заңды басшылыққа алып, жұмыс істеуін қатаң қадағалағап, оларды корғай да білді. Қылышынан қан тамып тұрған кеңес дәуірінде солақай саясат талабына ашық қарсы шығып, ұлттық кадрлар әзірлеу жұмысын өз қолына алды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің беделін арттыруға, білікті де тәжірибелі, өз мамандығына берілген жастар қатарынан сот, прокурорлар тағайындауға күш жұмсады. Сол кезеңде ұлт кадрларын әзірлеу жаңа сипат алды. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетіндегі заң факультетінде мемлекеттік комиссия төрағасы болғанда осы оқу орнын бітірушілер арасынан болашақ прокурорлар мен судьяларды іріктеді.
Қаншама жас заңгерлер кәсіби өмірге жолдама алып, үлкен жолға шықты. Олардың әрі қарай қалай жұмыс істеп жатқаны, жетістіктері мен жіберген олқылықтары да әрқашан оның есінде болады. Өзінің бай тәжірибесімен жастармен үнемі бөлісіп отырды, оларды үйретуден жалықпады. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның ірге тасын қалауда да Қажыбеков шәкірттері аз емес. Олар: Рашит Түсіпбеков, Қорған Қамзабаев, Мұрат Әбілев, Ербол Рақымбеков, Қайыркен Төлеуов, 1983 жылдан 1987 жылдар аралығында Қарағанды облысының адвокаттар коллегиясын басқарды. Бұл қызметте де ол азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау үшін барынша тер төкті.
****
Күнделікті өмірде Зада ағамыз немесе өзінің өте жарқын мінезінің, дархан көңілінің арқасында туған - туыс ағайынның арасында, ел ішінде
«жақсы ағай» деп аталып кеткен ол өте қарапайым, елгезек жан болатын. Өзінің туып өскен, жағасында ойнақтаған, суына шомылған Нұрасын ерек- ше жақсы көретін.Оның туған туысқа, ел азаматтарына деген қарым қатынасы өте ерекше болатын. Отбасында той болатын кезде ол кісі екі апта бұрын бүкіл туған туысты тайлы тұяғын қалдырмай үйге шақыратын. Сосын барлық бөлмелерде дастархан жайылатын еді.Өзі туған туыстың ортасында әңгіме дүкен кұрып, ертеректе бастарынан кешкен небір қызықты оқиғаларды еске алып, жайдары көңілмен масайрап қалатын.
Ол үйдің есігі таңғы 7ден ашық болатын, ол кісі қызметіне кеткенше туыстар үйге келіп үлгеретін. Солардың бәрін де ол кісі кең пейілмен тыңдап, қолынан келген көмегін аямайтын. «Оның әкесі менің әкеммен дос еді», «Олармен біз Киевкада көрші тұрып едік», немесе «Олар бізге жиен ғой» деп бар адамды өзіне жақын тартып отыратын. Әйтеуір бөтені жоқ. Және ол үйден қонақ күні -түні арылмайтын. Жақсы ағатайымыз күннің қай уағында болсын үйге қонақ әкеле беретін. Сонда үйдегі Ғайнел жеңгеміз «жақсы апатай» өзіне біткен байсалдықпен, ерекше сабырлықпен келген қонақты қабақ шытпай қарсы алып, кейде таң атқанша күтетін еді.
Елге келгенде маңайына жастарды жинап қаладағы мен даладағының бастарын қосып, оларды бірлікке, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеп отыратын. Тіпті кейінгі жылдары ауырып жүрсе де елмен қарым қатынасын үзген емес. Айта берсе ол кісінің жақсылығы өте көп,
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген. Ол кісі дүниеден өткенде, бар болмысы жақсылықтан жаралған, көңілі даладай дархан үлкен жүрек соғуын тоқтатқанда қара жер күңіренді, қалың жұрт көпшіліктің қабырғасы қайысып, жүрегі зар еңіреді. Арыстай азаматынан айрылған жұрттың мұңын Сарыарқаның ардақты ақыны Игілік Омаров былай деп жоқтаған еді:
..Үлгі-өнегең жастарға, Лайық еді дастанға.
Үрпағысың батырдың, Туралыққа бас ұрдың, Құлы болмай әкімнің, Қамқоры болдың ақынның. Азаматым- айбарым,
Тура жолдан таймадың, Халықтың қамын ойладың. Желбірете көтердің, Әділдіктің ақ туын,
Белгілі еді баршаға, Адалдығың, пәктігің. Ел сенімін ақтадың, Кейбіреуге жақпадың,
Сонда да тыным таппадың. Дархан еді көңілің,
Нық еді алға сенімің, Жігіт едің жігерлі, Тірегі болдың еліңнің.
Болашақ заңгерлерге бағыт бағдар беріп, кісілікке кір шалдырмай,тазалық таразысынан ауытқымай жұмыс істеуге, пайда ойламай, арды ойлап қызмет жасаудың үлгісі болған Зада Қажыбеков туралы бір сырымыз осы.
Бүгінде Зада ағамыз арамызда жоқ. Ол тек сағынышпен айтылар естеліктердің арқауы. Артында қалған ұрпақтары әке атына кір келтірмей, ол салған адалдық, ізгілік жолын лайықты жалғастырып келеді. Бәйтерек бұтақтарындай өсіп- өнген ұрпақтарының құрметтеуі өз алдына, ардың жібін аттамай, адал қызмет еткен ұлының еңбегін халқы, жерлестері де құрметтеуде.
2002 жылы Зада Қажыбековтың республикада құқық қорғау саласын дамытудағы ерен еңбегі еленіп Қарағанды қаласындағы бір кезде өзі іргесін қалаған бұрышы әділет басқармасы, қазіргі Қазыбек би атындағы сот ғимаратының қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Сол салтанатта сөз алған - сол кездегі Қазақстан Республикасының Бас Про- куроры Рашит Түсіпбеков - Зада Қажыбековтың ерен еңбегін атай келе, оған Қазақстан Республикасының Құрметті прокуроры деген атақ берілгенін жеткізді, сөйтіп арнайы куәлік пен төсбелгіні Ғайнел апамызға табыс етті.
2014 жылы жергілікті биліктің ұйғарымымен Қарағанды қаласындағы Күнгей шағын ауданының бір көшесі Зада Қажыбеков есімімен аталатын болды.
Биіктегі бірегей тұлға
Пешенесіне жазылған биігінен аласармайтын бірегей бітімді адамдар болады. Өзгерген заман, зулаған уақыт олардың ары мен абыройына шаң жұқтырмайды, беделіне нұқсан келтірмейді. Олар тамырын терең тартқан бәйтеректердей елімен, жерімен біте қайнасып, қай кезде де еңбегін халқына арнап, көлгірсуден ада, өтіріктен азат, адал ғұмыр кешеді. «Мен сөйтіп едім!» дейтін кеудеқағар мақтанға да бой алдырмайды. Іші толы қазына бола тұра, қашан болмасын кішік қарапайымдылығынан жазбас, байсал да байырқалы қалпынан танбас, ақыл- парасаты өнеге шашқан, Нұраның кешегі асыл
азаматтарының бірі – Смағұл Мұқанов ағамыз еді.
1937 жылдың қыркүйегінде Нұра ауданының Шақаман ауылында дүниеге келген Смекең ағамыздың сәбилік шағы соғыс өртімен шарпылды. Дүние есігін жаңадан ашқан өзі сияқты талай балаларды өмір ертерек есейтті. Олар ойын баласы да бола алмады. Еңбектегі өзінің алғашқы өмір жолын шағын ауылдан бастаған жасөспірім одан соң Қарқаралы зоотехникалық техникумын үздік бітіріп елге маман болып оралды. Тумысынан зейінді болатын, сол зейіні арқасында еңбек пен оқуды ұштастыра жүріп Алматыдағы Қазақ ауылшаруашылық институтын оқыды. Ауданның бірнеше елді мекендерінде бас зоотехник, партком хатшысы одан соң жаңадан құрылға «Амантау» кеңшарының директоры, кейіннен аудандағы «Казсельхозтехника» бірлестігін де басқарды. Небәрі отыз жасында артта қалған кеңшардың директоры болған Смекең ағамыз өзіне жүктелген бұл міндетті де абыройлы атқарып, ұйымдастырушылық қабілетінің жаңа қырымен танылды. Смекең ағамыздың басшылық қызметте жарқырап көрінген жылдары ел тәуелсіздігінің алғашқы кезеңімен тұспа-тұс келді. Халық қалауымен ағамыз ең бірінші аудандық мәслихат хатшысы болып сайланды. Бұл жұмыста жүріп Смекең, елдің ынтымағы мен бірлігін сақтауда, халықты күйзеліске ұшыратпауда барлық мүмкіндіктер қарастырылды. Сол кездегі өткір де өміршең мәселелерді бірлесіп шешуге тырысты. Нұра елінің халқын дәулетті де сәулетті өмір сүру үшін, қиыншылықты еңсеріп жарқын жолға бастау салу үшін бекем бел буып, білек сыбанып, уақытпен санаспай белсенді жұмыс істеді. Еңбегі еленіп
«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. Смағұл Мұқанов 60 жасқа толғанда ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы құттықтау хат жолдаған еді. Онда былай делінген: «Кең байтақ Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуына, жаңа тұрпатта мемлекет болып қалыптасуында өзіңіз сияқты мыңдаған адамдардың адал еңбегі бар. Осынау жылдар ішінде Сіз халық игілігі жолындағы жемісті ісіңізбен, азаматтық парасаттылығыңызбен, шынайы абзал адамгершілік
қасиетіңізбен елдің лайықты құрметіне бөлендіңіз».
«Жесірін жатқа бермеген,жетімін жылатпаған» бір қазақ болса ол – Смекең еді. Туған - туысты былай қойғанда, жамағайынның қаншама ұлдары осы шаңырақ астында үйленіп, қанша қыздары ұзатылды десеңші! Үлкен жүректі, кең пейілді Смекеңнің мейірімділігінде шек жоқ еді, көмек сұрағанның бәріне қол ұшын беруге әзір болды. Сондықтан да елі оны азан шақырып қойған атын ұмытып, еркелете Смекең деді. Смекең дүниеден өткенде қара Нұра қайғыдан қайысты. Себебі сүйікті ұлдарын, жанашыр тірегін жер қойнына беріп жатыр еді. Ол – ата ананың емес, халықтың ұлы еді. Смекең – Смағұл Мұқанов ағамыз қашан болсын өзінің қолынан жан-жақты іс келетін, өз амал-әрекетімен,әділ шешім қабылдай білер бітімгерлік қабілетімен де, адамгершілік қасиеттерімен де, кісілік келбетімен де, бедел-абыройымен де өзгелерден биік болғанына Нұра көпшілігі куә. Болмысындағы табиғи, туа бітті саясаткерлігі, іскерлігі, тәлімгерлігі, мәмілегерлігі, білімгерлігі даланың даналық философиясынан, дипломатиясынан, қанына сіңген қазақи қасиеттері ерекше жан Смағұл Мұқанов осындай бірегей тұлға болды.
37
Достарыңызбен бөлісу: |