бөлім. Бизнес-идея мен стартапты таңдау нарық және аймақ трендтері «Икигай» түсінігі



бет1/8
Дата11.11.2023
өлшемі27,3 Kb.
#190966
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2-лекция


2-БӨЛІМ. БИЗНЕС-ИДЕЯ МЕН СТАРТАПТЫ ТАҢДАУ


2.1 Нарық және аймақ трендтері


«Икигай» түсінігі
Икигай – өзіңнің күнделікті істеріңе қанағаттану және риза болу. Бұл өнерді кез келген адам үйрене алады деп санайды «Шағын икигай кітабының» авторы, нейробиолог және жазушы Кен Моги. Жапонның «икигай» деген сөзі сөзі «өмірдің мәні» деп аударылады. Ол екі сөзден тұрады – «ики» (тірі) және «гай» (себеп) – бұл әр адамның күнде ояна сала ұмтылатын ісі. Сізде бар көңіліңіз бен күш-қуатыңызды талап ететін өз бизнесіңіз бар деп елестетіп көріңіз. Бұл сізге көп уақытыңызды жұмсауға тура келетін іс. Егер сіз одан ләззат алмасаңыз, сіздің бизнес-жобаңыз сіз үшін бейнет пен әурешілік көзі болады. Сол себепті өз ісіңізге құмартуыңыз – өте маңызды, сіз өзіңізбен айналысудан күнде ләззат алуыңыз, онымен айналысқан сайын дамып, өсіп-өркендеп, өз ісіңіздің шебері болуыңыз үшін стимул болуы қажет.
Икигай өміріңізге мақсат береді және оған қол жеткізуге күш береді. Солтүстік Жапонияның Сендай қаласындағы Тохоку университетінің медицина факультетінің зерттеу нәтижелері бойынша икигай алған адамдар ұзақ өмір сүреді, олардың денсаулығы мықты және олар кәсіби және жеке өмірінде үлкен жетістіктерге жетті. Оған қарапайым түсініктеме беруге болады: өмірінің мәнін тапқан және өзінің сүйікті ісімен айналысып жүрген адамдар өз денсаулығына ұқыпты қарайды, зиянды әдеттерден арылады, көтеріңкі көңіл-күйде жүреді әрі сирек қамығады. Сондықтан ұзақ және мағыналы өмір сүргісі келетін әрбір адам үшін өзіне ұнайтын істі таба білу маңызды.
Сіздің өміріңізде икигай пайда болуы үшін, бес қарапайым ережені орындау керек:
1. Шағын істен бастау. Жапонның атақты бас аспазы Дзиро өте кедей отбасында дүниеге келген және бастауыш мектепте оқыр жүргенде ол кешкі уақытта мейрамханада жұмыс істейтін. Кейін, өзінің бірінші суши-барын ашқан кезде ол өз алдына әлемдегі ең үздік және таңдаулы мекеме құрсам деген мақсат қойған жоқ. Ол күнделікті табыс табу үшін өзінің дағдыларын қолданды. Өйткені, суши-барға бар керегі ең қарапайым ас үй бұйымдары мен жұпыны жағдай ғана еді. Ол бірте-бірте өз дағдыларын, жабдықтар мен интерьерді жетілдірді. Бүгінде оның мейрамханасы Жапониядағы және тіпті әлемдегі ең үздік мейрамханалардың бірі болып саналады. Бас аспаз өз ісіне асықпай, бірте-бірте ұсақ жақсартулар енгізіп отырды, ол үлкен істі ұсақ-түйек істермен бастау керек екенін жақсы түсінді. Шағын істен бастау – өз өміріңе шағын өзгерістер енгізу деген сөз, ал олар бірте-бірте-өміріңе оң өзгерістер жасайды: таңертең ерте тұру, дене шынықтыруға немесе қызықты хоббиге күніне бір сағат уақыт бөлу, денсаулыққа пайдалы тамақ дайындау және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет