Сабақтың басы
5мин.
|
Оқушылармен сәлемдесу
«Жағымды тілектер алқасы» әдісі
Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) және көбірек түрлі-түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады. Жағымды әуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді көрсетіп: «Менің қолымда түрлі-түсті, ұзын-қысқа жіптер бар. Шын мәнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді әрқайсысың алып, өз мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі-түсті қысқа жіптен алып бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып байласаңдар. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналады.» Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап қою ұсынылады
Оқушыларды алқа-жіптің түсіне байланысты екі топқа бөлу
1-топ «Тамбурлы кесте»
2-топ «Тығыз кесте»
Оқушылардың назарын бейнебаянға аударады
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады
Құндылықтарды еске түсіру
Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Миға шабуыл » әдісі
СҚӨ дегеніміз не?
Қандай заттарды СҚӨ бұйымдарына жатқызуға болады?
Олар қандай материалдардан жасалынады?
Ою-өрнектердің жіктелуі?
Зооморфтық ою-өрнектерді ата
Геометриялық ою-өрнектерді ата
Кестенің қандай түрлерін білесің?
Кестелеуге арналған қол құралдары
Ырғақ деген не?
Симметрия деген не?
Кесте – вышивка – Embroidery,
Шым кесте – вышивка гладью – padded satin stitches,
Көктеу – сметать – Sweep,
Торлау – обметать – Neaten
Сәнді кесте – декоративная вышивка – decorative embroidery ,
Жіптер – нитки – thread,
Кергіш – пяльцы – hoop,
Оймақ – наперсток – thimble
|
Оқушылар әр түсті жіптерді алып, тілек айтып бір-бірінің мойнындағы алқа-жіпке байлайды
Жіптің түсіне байланысты 2 топқа бөлінеді
Бейнебаян қарайды
Оқушылар жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбы кестелеу өнерінің түрлерімен танысады.
Сұрақтарға жауап береді, теңгелермен жауаптарын бағалайды
|
Өзара бағалау
Өзін-өзі бағалау
Өзара бағалау
|
Әр түрлі тоқыма жіптер,
ұзындығы 70 см және көбірек түрлі-түсті қысқа (10 см) жіптер
https://youtu.be/QFb8NqjAOgQ Қазақтың сәндік қолданбалы өнері, кестелеу
https://yandex.kz/video/preview/12241752938737988190
http://ppt4web.ru/tekhnologija/vypolnenie-ruchnykh-stezhkov-i-strochek.html кесте түрлері
Бейнеролик «Кесте өнері»
Дорба, теңгелер
|