Мотивациялық –
қозғаушылық
|
Табиғат бұрышына жақындап келіп, балаларға жұмбақ оқимын.
Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,
Басына бөрік киер, құндыз ұстап. (Тотықұс)
Кәне, біздің табиғат бұрышындағы тотықұс – Кешаға назар аударайық.
|
Балалар жұмбақтың шешуі тотықұс екенін табады. Назарларын тотықұсқа аударады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Үштілділік компонент:
Тотықұс – попугай-parrot қанаттар – крылья-wings тұмсық – клюв-beak табиғат бұрышы – уголок отдыха- sitting area
Балалардан тотықұс туралы білетіндерін сұрайды. Балалардың жауаптарын тыңдап болған соң, тотықұс туралы ақпарат береді.
Тотықұс – құйрығы қысқа, түрлі түсті құс. Ол Африка, Америка және Австралияда тіршілік етеді. Адамдар оны қолға үйретіп, торда ұстайды. Сөйлейтін тотықұстар да бар. Олар сенің айтқаныңды қайталайды.
Тотықұстың қанаттарын, тұмсығын, аяқтарын көрсетіп, олардың атқаратын қызметімен таныстырады. Мысалы, қанаттары ұшу үшін, тұмсығы қорегін шоқып жеу үшін, аяқтары жүру және бұтаққа қонып отыру үшін керек.
Кәне, тотықұсқа жем беріп, ол жемді қалай шоқып жейтінін көрейік.
Сергіту жаттығуы
Кәне, қанат жазайық,
Тоты болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Қайта келіп қонайық.
Табиғат бұрышында қатты сөйлеп, құстарды шошытып алмау керектігін айтамын.
|
Жаңа сөздердің қазақша және орысша атауларын қайталайды.
Тотықұс туралы білетіндерін айтады.
Айтқанды мұқият тыңдайды.
Бір-екі бала тордағы тотықұсқа жем салады, қалғандары оның қалай қоректенгенін бақылайды.
Қимылмен сергіту жаттығуын орындайды.
|
Рефлексия-лық түзетушілік
|
Сұрақ-жауап арқылы білімдерін қорытындылаймын.
Бүгін табиғат бұрышында қандай құспен таныстық?
Оның қандай дене мүшелері бар екен?
|
Тотықұспен таныстық.
Оның басы, екі аяғы, қанаттары, тұмсығы бар (көрсетеді). Тотықұстың суретін бояйды.
|